|  | 

Тарих

“НАМЫСҚА” — 25 ЖЫЛ! Биыл елімізде ҰЛТТЫҚ КӘСІПҚОЙ “НАМЫС”

ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ құрылғанына тура 25 жыл толды! Сонау Кеңес Одағының кезінде футбол секілді миллиондар ойынында қазақтың кегі кетті деген патриоттық оймен,намыспен қолға алған бұл Қозғалыс,бұл Жоба жарияланған жылдар бар қазақтың арманы орындалғандай кезең болғаны жасырын емес. …Табиғатымызда да бар болар,дегенмен,Қазақ университетін бітірген жылы қызметке келген республикалық “ЛЕНИНШІЛ ЖАС” газетінің бас редакторы,ғұмыры жүзіне шаң түсірмес ұстазым СЕЙДАХМЕТ БЕРДІҚҰЛОВТЫҢ Ұлтжандылық тәрбиесінен ұлы сабақ алған басым, 1991 жылдың қаңтар айында еліміздегі тұңғыш әрі жалғыз “СПОРТ” газетіне бас редактор болып тағайындалғаннан кейін ұзамай,1 тамыз күні газеттің бірінші бетінде ҰЛТТЫҚ КӘСІПҚОЙ “НАМЫС” ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ құрылатындығы жайлы республика жұртына ҮНДЕУ жарияладым! Онан арғы оқиғалар көрген түстей… Бүкіл республика болып бұл ИДЕЯНЫ тік көтеріп әкетті. Әсіресе қазақ халқының қуанышы мен толғанысында шек болған жоқ. Редакцияға ой арқалаған,ұсыныс айтқан,жоспар ұсынған хаттар мыңдап келіп жатты. Ұйымдастыру комитетін құрдық. Ол топта қазақ футболының марқасқалары – Тимур аға Сегізбаев пен Сергей Квочкин,Құралбек Ордабаев,Сейілда Байшақов,Евгений Кузнецов,Құрбан Бердыев,тағы басқа да айтулы мамандар болды. Топ құрып,футбол білермендерін республиканың 19 облысына(ол кезде елімізде 19 облыс болатын. – Н.Ж.) іріктеу жасауға жібердік. Өзім бас болып,5-6 ауданға да соғып өттік. Сөйтіп,1992 жылы көктемнің аяғына қарай Алматыға 300 бала келді, Соңғы іріктеуден өтуге! Алматыдағы АДК стадионында соңғы іріктеу өтті. Бұл жауапты сәтке сол кезде “Жеңіс” футбол клубын құрып,ардагерлер жарысында топ жарып жүрген команданың мұрындығы,тамаша футболшы,ғажап азамат,марқұм Шәріп Омаров жетекшілік етті. Шәкеңнің маңында республика футболының ең таңдаулы мамандарының бәрі болды. Сөйтіп,екі күнгі іріктеуден соң “Намыс” футбол клубына 100 бала таңдап алдық.

“Намыс” клубының ресми ТҰСАУКЕСЕРІ Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Ту көтерілді,Әнұран ойналды,клуб мүшелері АНТ қабылдады. Клуб мүшелерінің антын Ғани Бапанов оқыды. Сол жүз бала төрт классқа бөлініп оқыды. Оның екеуі Алматыда,екеуі Ұзынағаш ауылында тұрып оқыды. Кезең қиын болатын. Мемлекет Тәуелсіздігін жаңа алып жатқан,экономика төмен,қоғам не боларын білмеген ауыр уақыт еді. Балаларды киіндіруге,ішіндіруге,жарысқа жіберуге қаржы тапшы болды. “НАМЫСТЫ” қолдау қорын аштық. Күреп ақша берген ешкім болған жоқ. Халық 500-1000 рубльден жіберетін қорға. “Мен ұрлық қылғанда ай жарық болды!” дегендей,1993 жылы ақша ауысты. Бүкіл халық боп жинаған бір уыс қаржымыз тиын боп қалды. Берілмедік,күрестік… Өз басым сол кезде болған үш вице-премьерге кірдім. Бәрі де қолымды қысып,құшағына алып,”Жарайсың!” дегеннен аспады. Материалдық көмек бермеді.Ұлттық идеядан жасқанды-ау деп ойлаймын бүгін. Сол кезде үлкен бір компанияға тели салса клубты… Жан-жағымызды сипалап,тірлік еттік. Амангелді Ермегияев,Кенжебек Омарбаев,Серік Қонақбаев,сол кездегі министрлерден Қаратай аға Тұрысов,аудан әкімі Әбдіманап Көпбергеновтер қол ұшын берді. Балаларды тәрбиелеуде Ақселеу аға Сейдімбеков,Шәріп Омаровтар үлгі көрсетті. “Досмұқасан” ансамблі,Майра Ильясова,Құрманай Омарова.Әбүйірбек Тіналиев,”Тамаша” ойын-сауық отауының тарландары,Сәуле Жанпейісова,Рамазан Стамғазиевтер өз өнерлерімен қолдау көрсетті. 1993 жылы “Намыстың” ересек командасын құрдық. Осы қадамымыз дұрыс па,бұрыс па ,осы күнге дейін жауабын тапқан жоқпын. “Намыс” ҚР чемпионатында алғашқы ойынын өткен жылы жүлдегер болған Екібастұздың “Батыр” командасымен Орталық стадионда ойнап,3;2 есебімен жеңді! “Намыстың” тұңғыш добын Сейтжан Байбосынов соқты.Осы ойынға өзі ауырып жүрсе де ұстазым Сейдахмет Бердіқұлов қасына досы,ақиық ақын Тұманбай Молддағалиевті ертіп,Орталық стадионға барды. Ойын соңынан жеңіске жеткенімізге шәй іштік. Сонда ауырып жүрген Сейдахмет аға; “Мына Несібім бүкіл қазақтың арманын орындады, Бүгін 50 грамм коньяк ішпесем болмайды!” деп толғана сөлегенін әлі ұмытқан жоқпын. Бұл жайлы Тұманбай аға естелігінде талай айтты да. “Намыс”- командадан гөрі ИДЕЯ,ЖОБА еді. Балалар тобынан небір таланттар өсіп шықты. Нұрбол Жұмасқалиев,Айдар Күмісбеков,Мұрат Тілешов,Диас Кемалов,Әлібек Бөлешов сынды футболшылар Қазақстанның құрама командасында ойнады! Бүгін осының бәрі көз алдымнан кинодай көлбеп өтіп жатыр. Рас,қаржылай қолдау болғанда “НАМЫС” ҰЛТТЫҚ КӘСІПҚОЙ ФУТБОЛ КЛУБЫ ел футболының Ақжелкені болар еді. Бірақ бәрі зая кетті дегендер де қателеседі! Бұл қазақтың мына жаңа заман тұрғанда мәңгілік алға қояр АРМАНЫ болып қалатынына менің еш күманым жоқ! “Тауларды аласартпай Даланы биіктету” жайлы Олжас оғланның жырындағыдай,республикада тұратын өзге ұлт өкілдерінің біріне тосқауыл болмай-ақ,бұл идеяға қазақ халқының Ұлтжанды ұрпағы әлі соғатыны сөзсіз!!! Кезіндегі біздің де АРМАН сол болатын! 25 жылыңмен,таза ҰЛТЖАНДЫ ЖОБА! Намысы бар халық саған әлі-ақ оралады!24775018_1871759116467510_207004061818956709_n

Суретте: Клубты құрушы Несіп Жүнісбайұлы Айдар Күмісбеков, Нұрбол Жұмасқалиев,Əлібек Бөлешов, Диас Кемаловтермен бірге Азия Ойындарында!

Несип Жунусбаевтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: