|  |  | 

Тарих Тұлғалар

СӘТБАЕВ НЕГЕ ҚУҒЫНДАЛДЫ?

Qanish  Satbay       Қазақ жеріндегі ұлттық Ғылым академиясын құру идеясы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан уақытта пайда болған еді. Көрнекті ғалым соғыстың қиыншылығына мойынсұнбай, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру ісін табанды түрде қолға алды. Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы республикамыздың ғылыми тұрғыда дәлелді шешімдерін тұжырымдауға, ел экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеуіне үлкен мүмкіндіктер ашты. Ғылым академиясының құрамына зерттеу институттары, кітапханалар мен мұражайлар, лабораториялар, сонымен бірге базалар мен филиалдар қарайды, сондай-ақ, бұл мекемелердегі тиісті салаларды жоғары білімді мамандар және қызметкерлермен қамтамасыз етеді.   

    Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылғаннан кейін дербес ғылым салаларында зерттеу институттарының ашылуы етек ала бастайды. Қоғамдық және жаратылыстану ғылым салаларында көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының ашылуы, олардың дамуына үлкен септігін тигізді. Сондай-ақ, олардың ашқан жаңалықтары мен жеткен жетістіктері де еліміздің ғылыми кешенді даму белестерін айқындай түсті. Институттардың ашылуы Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуына үлкен септігін тигізді. Себебі ол кезеңде еліміздің ауыл шаруашылығы тоқырауда болды. Ұлы Отан соғысы жылдары барлық өнімдер майданға арналды, ал соғыстан кейінгі ауылдың жағдайы мүшкіл еді. 1947-1948 жылдары ауылдық жерлерде жұмысшы қолының тапшылығы немесе техникалық жетіспеушіліктер орын алды. Егістік аймақтарда тек қол еңбегі өнімі болғандықтан жұмыс өнбеді. Кейбір аймақтарда ғана кәрістерді көшіріп әкелгеніне байланысты күріш алқаптары болды. Егіс алқаптары тек 1952-54 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көбейіп, ауыл аймақтарындағы халық нанға сол кезден кейін ғана тоя бастады. Ғылым Академиясының жаңа ғылыми- зерттеу орталықтарының ашылуы еліміздің ғылымы мен мәдениетіне, қоғамдық өміріне ерекше әсер ете бастады.

      Десек те, республикамыздың мұндай жетістіктерімен қатар академияның жанындағы қоғамдық ғылым бөлімдерінің зерттеу жұмыстары сынға ұшырап, басына қара бұлт үйірілді. 40-жылдардың соңы мен 50-жылдардың басындағы қоғамдық саяси өмір Қазақ КСР ҒА-ның 200-ге жуық қызметкерлерін жұмыстан шығарып, айыптап үлгерді. Оның ішінде Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті қызметінде болған Қ.Сәтбаевқа жүктелген міндет тарихи шындықты өткен кезеңнің басты оқиғалары ретінде дәлелді жазғандары үшін қудалауға ұшыраған қазақ зиялылардың екінші тобын жұмыстан қуу еді. Негізсіз айыптаудан бас тартқан Қаныш Сәтбаев та осы қудалаудың жолына түсіп кетеді. 

Нұрбол ҚАНАТБЕКҰЛЫ  

    Қазақ жеріндегі ұлттық Ғылым академиясын құру идеясы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан уақытта пайда болған еді. Көрнекті ғалым соғыстың қиыншылығына мойынсұнбай, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру ісін табанды түрде қолға алды. Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы республикамыздың ғылыми тұрғыда дәлелді шешімдерін тұжырымдауға, ел экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеуіне үлкен мүмкіндіктер ашты. Ғылым академиясының құрамына зерттеу институттары, кітапханалар мен мұражайлар, лабораториялар, сонымен бірге базалар мен филиалдар қарайды, сондай-ақ, бұл мекемелердегі тиісті салаларды жоғары білімді мамандар және қызметкерлермен қамтамасыз етеді.       Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылғаннан кейін дербес ғылым салаларында зерттеу институттарының ашылуы етек ала бастайды. Қоғамдық және жаратылыстану ғылым салаларында көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының ашылуы, олардың дамуына үлкен септігін тигізді. Сондай-ақ, олардың ашқан жаңалықтары мен жеткен жетістіктері де еліміздің ғылыми кешенді даму белестерін айқындай түсті. Институттардың ашылуы Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуына үлкен септігін тигізді. Себебі ол кезеңде еліміздің ауыл шаруашылығы тоқырауда болды. Ұлы Отан соғысы жылдары барлық өнімдер майданға арналды, ал соғыстан кейінгі ауылдың жағдайы мүшкіл еді. 1947-1948 жылдары ауылдық жерлерде жұмысшы қолының тапшылығы немесе техникалық жетіспеушіліктер орын алды. Егістік аймақтарда тек қол еңбегі өнімі болғандықтан жұмыс өнбеді. Кейбір аймақтарда ғана кәрістерді көшіріп әкелгеніне байланысты күріш алқаптары болды. Егіс алқаптары тек 1952-54 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көбейіп, ауыл аймақтарындағы халық нанға сол кезден кейін ғана тоя бастады. Ғылым Академиясының жаңа ғылыми- зерттеу орталықтарының ашылуы еліміздің ғылымы мен мәдениетіне, қоғамдық өміріне ерекше әсер ете бастады.

      Десек те, республикамыздың мұндай жетістіктерімен қатар академияның жанындағы қоғамдық ғылым бөлімдерінің зерттеу жұмыстары сынға ұшырап, басына қара бұлт үйірілді. 40-жылдардың соңы мен 50-жылдардың басындағы қоғамдық саяси өмір Қазақ КСР ҒА-ның 200-ге жуық қызметкерлерін жұмыстан шығарып, айыптап үлгерді. Оның ішінде Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті қызметінде болған Қ.Сәтбаевқа жүктелген міндет тарихи шындықты өткен кезеңнің басты оқиғалары ретінде дәлелді жазғандары үшін қудалауға ұшыраған қазақ зиялылардың екінші тобын жұмыстан қуу еді. Негізсіз айыптаудан бас тартқан Қаныш Сәтбаев та осы қудалаудың жолына түсіп кетеді. 

Нұрбол ҚАНАТБЕКҰЛЫ

 

 Kazakh-tv.kz

Related Articles

  • Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды 

    Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды 

      Айдос Мырзахметов Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында аты аңызға айналған Ер Жәнібекті еске алуға арналған жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден ХІХ ашық республикалық турнир өтті. Ер Жәнібек ұрпақтары ұйымдастырып отырған турнирге Шығыс Қазақстан, Абай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан келген 200 жасөспірім спортшы қатысады. – Кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнирді осымен 19-шы мәрте өткізіп отырмыз. Біз жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, спортқа, оның ішінде семсерлесуге баулу мақсатында өткізіп келеміз, – деді турнирді ұйымдастырушы, Ер Жәнібек ұрпақтарының өкілі Әлібек Ерубаев. Турнирдің салтанатты ашылуында ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев спортсүйер қауымды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Отан қорғаушылар күнінде өтіп отырған жарыстың мәні мен мағынасы зор

  • БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    СӨЗ БАСЫ «Совет өкіметі тұсында қазақ тарихы бұрмаланып, теріс түсінік берілді» деген сөз жиі айтылады қазір. Басылым беттерінде болсын, тарихшылардың бас қосқан жиындарында болсын. Жалғаны жоқ, анық еді. Куәміз, 70-жылдардағы қазақ тарихы оқулығының қалыңдығы пышақтың қырындай ғана-тын. Оның өзі мардымды оқытылмады. Бұл шежіреміздің отар кездегі күйі еді… Ал қазіргі тарихымыз бұрынғыдан да бетер сорақы жағдайға түсті. Білім мен ғылымға көңіл бөлудің орнына бүгінгі қазақ ру-тайпа ұймасынан шыға алмай жүр. Осы күні әркім өз аталасының немесе бабасының би болғанын, жырау не батыр болғанын ойдан шығарған жалған деректерімен үздіксіз насихаттап, кейін оған сан миллиондаған қаржы шашып, кітап шығару, ас беріп, кесене, ескерткіш орнату сықылды т.б. берекесіз істің соңына түскен. Өкінішке қарай, жағымсыз

  • “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық. Алаш” сыйлығын алған соң Алаш үшін отқа да, суға да түсуге тура келеді. “Алаш” сыйлығын таланты мен күрескерлігі қатар тұрған ақын, жазушы алады. “Алаш” сыйлығының лауреаты Алаш көсемдері – Әлихан, Ахметтер сықылды Алашты алаңдатқан кез келген мәселеге ой-пікірін ашық айтады және ақ айтады. Жусан түбіне бұқпайды. Керек болса абақтыға да қамалады. “Алаш“ сыйлығының лауреаты “мен лирик едім”, “махаббатты ғана жырлайтын едім”, “тұмса табиғатты ғана сүйетін едім”, “тендерім бар еді, қызметте едім, қоғамда, саясатта шаруам жоқ” деп, биллиард ойнап, мерейтойдан мерейтойға шапқылап жүре алмайды. Өйтетін болса, өте зор қателікпен берілген “Алаш” сыйлығын Тұманбай атындағы, Мырзатай атындағы сыйлықтарға, тағы да басқа өзіне сай аға буын атындағы

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

  • Қазақ жерінің қилы тағдыры

    Қазақ жерінің қилы тағдыры

    Бүгінгі таңда, 1920 жылы құрылып, 1925 жылы бірігуі аяқталған Қазақ республикасының 1925-1936 жылдардағы жер көлемі мен қазақ халқының саны туралы нақты ғылыми зерттеу жұмысы жоқ. Олай деуге, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2000 жылдардың бірінші онжылдығында шығарған «Қазақстан тарихы» атты академиялық 5 томдықта берілген деректер мен сол ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында жарық көрген ресми еңбектердегі статистикалық мәліметтердің мүлдем сәйкес келмейтіні негіз болады. Біз, аталған институт ғалымдары шығарған академиялық 5 томдықтағы мәліметтердің дұрыстығына үлкен күмән келтіреміз және онда халық санының да, жер көлемінің де кемітіліп берілгені туралы мәлімдейміз. Бүгін осы мақаламызда халық санына қатысты емес, жеріміздің көлемі мен оны жырымдау тарихына қатысты тоқталатын боламыз. 1924 жылдың соңында Орта Азия мен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: