|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН ҚАЗАҚТАРЫ ПАТШАЛЫҚ РУССИЯҒА ҚАНШАЛЫҚ ТӘУЕЛДІ болған

Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Екі суреттің анықтамасы: әуелгісі Цин мемлекеті (清朝) кезінде қытай саудагерлерінің Руссияға (沙俄) барған кезде қолданған жолxаты яғни паспорты. Келесі сурет, Руссияның көне валютасы. Ол көне ақша Цин (清) мен Гомендаң (民国) үкіметіне экономикалық ықпал жасап тұрған.

Бір қызығы, Шығыс Түркістан қазақтары әлдебір себептермен (мысалы, қажылық) шетелге бармақшы болса жолxатты яғни паспортты патшалық Руссия (沙俄) жасап беретін болған, онымен қоймай жол жауапкершілігі мен мұсылманшылық анықтамасын патшалық Руссияның мүфтияты анықтап беретін болған. Тіптен бұл үрдіс бертінге дейін яғни 1912-жылы Цин үкіметі құлап жаңа демократиялық қытай респубиликасы құрылған соң да біраз уақыт жалғасып отырған. Кейін Шығыс Түркістанның Қазақ депудаттары Пекинге қайта ант берген соң бұл жағдай түбегейлі өзгерген. Қызығы, Қазақ депудаттары Пекинге (北京) қатынау үшін патшалық Руссиядан жолxат (паспорт) алып, Руссия аумағы арқылы Пекиннің өкпе тұсынан тік құлдап жетіп отырған. Олардың бұл жол алысы туралы патшалық Руссияға қарасты мұсылман басылымы (қаз, татар) күнделік ақпарат таратып отырған. Бұл ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН ҚАЗАҚТАРЫ ПАТШАЛЫҚ РУССИЯҒА ҚАНШАЛЫҚ ТӘУЕЛДІ болған деген сұрақты қойғызады…
Шығыс Түркістанда Яң Зыңшин , Жин Шурін және Шың Дубан дәуірінде орыс тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне дейін көтерілген. Бұған сенбесеңіз, Шығыс Түркістандағы тұңғыш жоғары оқу орнының атауы- ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ САЯСИ ЗАҢ МЕКТЕБІ деген атпен болған. Бұл оқу орны қазіргі Шыңжаң Университеті мен бірқанша Инситуттардың арғы жұрты саналады. Шығыс Түркістан қазақтарының ең алғашқы жоғары оқу орны да осы Үрімжідегі (乌鲁木齐) Орыс Тілі және Саяси Заң мектебінің бірқанша бөлмесінде бастылғанын көп ешкім біле бермейді. Бұл 1922-жыл еді.

Сосын, Қытайдың ұлттық респубиликасы ресми орнағанға дейін Шығыс Түркістан патшалық Руссияның ақшасын қолданатын болған. Алтай (ол кезде Сарсүмбе), Шәуешек, Құлжа және Үрімжіде орыс консулы мен орыс саудагерлерінің сауда үйлері болған. Осы төрт үлкен қалада Руссия саудагерлерінің көшесі болған, олардың құқын консул көздің қарашығындай қорғаған. Экономикалық ықпалдастықтан соң Руссия валютасы мен орыс тілінің салмағы артқан. Сонымен қатар бұл өңірге Еуропа саудагерлері де қаптаған. Мысалы, Грек, Жойыт (Еврей), Герман және тб.28056579_1028583607305226_1778102683370645953_n

Жылт еткен осы тариxи оқиғадан соң біз Шығыс Түркістан туралы Руссия мен Цин үкіметі 19-ғасырдың соңында қандай келсімдер жасады деп ойланып отырмыз… Шығыс Түркістан қазақтары жер мен мүлік салығын Цин үкіметіне тапсырып отырғанымен сыртқы қарастылығы патшалық Руссияға тән болмасына кім кепіл? Әйтпегенде, Циннің Диxуа (Үрімжі) мен Қобда, Құлжадағы ішкі-сыртқы істер басқармасы жолxат (паспорт) жасап беретін шамасы бар еді ғой. Біз Руссия-Цин арасындағы келсімшартты толық зерттемеген соң бұған анық жауап беруге шарасызбыз.
Бір анық зат бар. 1917-жылғы төңкеріс патшалық Ресейді Еуропа майданынан ғана емес, Шығыс Түркістандағы майданнан да кері шегіндіріп әкетті. Алда жалда төңкеріс бес жылға кешіксе патшалық Ресей Шығыс Түркістандағы Алтай, Шәуешек, Құлжа және Үрімжі қатарлы бес үлкен өңірді Қазағымен қоса ЖҰТЫП АЛАР еді. Төңкеріс кесірінен осы төрт үлкен қаладағы Ресей саудасы құлдырап, әскері шегініп, мұжық орыстар мен көпес орыстар Ертіс пен Ілені бойлап қайта кері көшіп кетті. Ұлттық қытай үкіметі осы орайды қолдан жібермей СОЛТҮСТІК ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНды қайта жұтып алды.

Eldeç Ordaтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: