|  |  | 

Көз қарас Тарих

ҚЫТАЙДАҒЫ МҰСЫЛМАН ЭЛИТАСЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒЫС ТҮРКСТАНҒА ЫҚПАЛЫ

Eldeç Orda суреті.

Шығыс Түркістандағы (新疆) Қазақтар мен Ұйғырлардың саяси, мәдени, әлеуметтік-экономика тариxын көбінде орталық азияның саяси ауанымен тығыз байланыстырып жатамыз. Бәлкім, дұрыс да шығар. Бірақ, мен оның ішкі қытайдағы МҰСЫЛМАН ЭЛИТАСЫмен де тығыз қатысы барын баса айтқым келеді. Қытайлар жалпы мұсылмандарды ҺУИЙ (回) деп иероглиф таңбамен таңбалаған. Жалпы мұсылман жұртын ҺУИЙ МИНЬ (回民) дейді. Мысалы Шыңжаңның бұрынғы губернаторы Яң Зыңшин (杨增新) 1918-1922 жылдары орталық Пекин үкіметіне Алашорда мен Түркістан автономиясы туралы жеделxат жолдағанда “орталық азиядағы һуий миньдар (яғни мұсылмандар) бірігіп респубилика құрып жатыр” деген ситат келтіреді. Сосын Тибет мұсылмандарын- 藏回 (Заң Һуий), Қашқариядағы Ұйғырларды- 缠回 (Чан Һуий), Монгол мұсылмандарын- 蒙回 (Мың Һуий) деп атаған. Eldeç Orda суреті.
Осы Һуийлардың (яғни мұсылмандар) ішінде саны мен сапасы, интеллектуалдық дарыны, саяси салмағы мен әскери күші жағынан ең басымы- ХАНЪ МҰСЫЛМАНДАРЫ. Былайша айтқанда өзі қытай (汉族), бірақ мұсылман. Қытай коммунистеріне дейін (共产党) бұларды қытай деп жеке ұлт статусын беріп айырмаған еді. Қытай коммунисттері билікке келген соң бұларды жеке ұлт деп танып, ұлт және територия статусын беріп ҺУИЙ ЗУЬ (回族) деп атады. Сонымен мың жылдан бері өз мағынасында дәл қолданылып келген 回 (Һуий) иероглифының мағына маштабы тарайды. Қош, бұл ұзақ әрі қыртымбайдың әңгімесі…Eldeç Orda суреті.

Мен бұл қытай мұсылман элитасын неге сонша айтып отырмын дегенде, мынау:

*19-ғасыр соңындағы қытай Мұсылман элитасының дамуы мен құлдырауы және оның Шығыс Түркістанға ықпалы;

*20-ғасыр басындағы қытай Мұсылман Элитасының дамуы мен құлдырауы және оның Шығыс Түркістанға ықпалы;

*Коммунисттер дәуіріндегі қытай Мұсылман Элитасының дамуы мен құлдырау және оның Шыңжаң (ШУАР) Қазақ-Ұйғырларына ықпалы;

Енді осыны xал-қадірімше тарқатып түсіндіремін…

Қытай мұсылман элитасының мәдени, әлеуметтік һам саяси бақуаты Шығыс Түркістанмен тығыз байланысты болды. Қытай мұсылман элитасы күшейіп тұрғанда қытай отаршылдарының Шығыс Түркістан мен Орталық азияға ықпалы әлсіз болды. Ал, қытай мұсылман элитасының әлсіреген кезінде Қытайдың Шығыс Түркістан мен Орталық азияға ықпалы кірпік қаққанша ғана ұлғайып шыға келді. Сол себепті, қытай Шығыс Түркістан мен Орталық азияға өту үшін осы екі арадағы табиғи қамал-қалқан болған ҚЫТАЙ МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ ЭЛИТА шоғырын құлатуы керек болған.Eldeç Orda суреті.

Сіз ойлаңыз, Цин үкіметі (清朝) 19-ғасырдың соңын ала Шығыс Түркістанды атап айтқанда Яқұпбектің 30 мың әскері бар Алтышаһар мемлекетін неге небәрі 2 мың әскермен жаулап ала салды? Бұған, біріншіден Яқұпбектің іштен шіруі себеп болса екіншіден және негізгі себеп Ішкі Қытайдағы мұсылман элита шоғырының 19-ғасырда тас-талқан болып қирауы себеп болған. Осы күрделі кезеңде Цин әскері қытайдың бес үлкен аймағына (省 немесе провинцсия) тазалау жүргізіп неше миллион қытай мұсылмандарына ГЕНОЦИТ жасаған. Геноциттан аман қалған аз санды мұсылмандар қаша соғыса жүріп Яқұпбектің Алтышаһар мемлекетінен өтіп бүгінгі Қазақ пен Қырғыз шекарасында тұрақтаған. Осы қилы тариx туралы қытада кейін көп жазылды, көп айтылды. Бұл да біз үшін Қытайтанудың бір бөлігі.

19-ғасырда Цин үкіметі не үшін қытай мұсылмандарымен (回民) қанды есеп айырысады? Қытай мұсылмандары Цин саясатына қалай ықпал жасады? Не үшін Шығыс Түркістанғп табиғи қорған болған қытай мұсылман элитасының дуалы құлап еді, Цин небәрі бірер жылда тұтас Шығыс Түркістанды жаулап Орталық азия мен Ауғаныстан, Индияға сұқтана бастады? Бұл да ғажап тақырып.

Қытай мұсылман элитасының екінші рет күшейген уақыты 20-ғасыр басы. Біз Кенесарыдан соң Алаш елі саяси тәуелсізлікті қарудан көрі қаламға сүйеніп яғни оқу-білімге сүйене іздеді деп айтамыз ғой, дәл соған ұқсас қытай мұсылмандарыныңжаңа буын элитасы руxани-мәдени жаңаруға аяқ басты. Жаппай газет-журнал ашып, оқулықтар мен кітаптар аударып сана револуцсиясын бастап кетті. Қысқа ғана отыз жылдың ішінде олар жеке әскери армиясы бар, жеке әкімшілік аумағы бар милитарист жеке саяси кназға айналып тариx саxынасына шыға келді. Оны қытай таяу заман тариxында 西北三马 яғни “Батыс-Терістіктің Үш Ма Әулет Шонжары” дейді. Олардың ықпал-күші қытайдың қазіргі Юуннан (云南), Цинxай (青海), Гансуъ (甘肃), Нин Шия (宁夏) қатарлы төрт үлкен провицсиясына шоғырланды. Бұдан тыс қытайдың он үлкен провинцсиясы мен қазіргі Шығыс Түркістанға тікелей ықпалы жүріп тұрды. Шығыс Түркістан мен қытай билігі арасында бұлар ҚАМАЛ рөлін атқарды. Бұл шонжарларды МА фамилиясы (әулеті) жеке билеп-төстеп тұрды. Бұл шоғыр күшейіп тұрғанда Шығыс Түркістанды билеп тұрған Яң Зыңшин (杨增新) мен Жинъ Шурнъдар (金树仁) қытайдың орталық үкіметімен тіке байланыса алмай не Мұңғолияны не Ресейді басып өтіп орталық үкіметке қатынайтын болған. Сонымен қатар ішкі қытайдың жұмыссыз ақпа босқындары Шығыс Түркістанға ағылып өте алмай сонымен Шығыс Түркістандағы қытайдың табиғи өсім мөлшері құлдырап кетті. Қытай мұсылмандарының саяси элитасы күшейгені сонша Шығыс Түркістанға бірқанша полк атты әскер жіберіп Үрімжі, Санжы мен Шонжы өңірін өз меңгеруіне алып орталық азиямен сауда-бизнес жол торабын монополдай бастаған. Шығыс Түркістанда мұсылман мемлекет құруды ойлаған Қожанияз ең әуелі Қашқарияның миллион мұсылмандарынан көрі қытай мұсылман элитасын әбзал көріп Ма әулетінен арнайы МА ЖУҢИЫҢ (马仲英)-ды шақыртқанын білеміз. Кейін Ма мен Қожанияз екеуі Жемсарыда келіспей Ма бүкіл әскери күшін шегіндіріп болыспай қояды да Қожанияз қытайдан ойсырай жеңіледі. Енді қараңыз, әкесінің басы шыбылған Елісқан Батыр Шың Дубаннан (盛世才) кек алу үшін 500 түтіндей қазақты көшіріп не себепті Қытай Мұсылмандарының Шоғырлы өңірі Гансу (甘肃) мен ЦинХай-ға (青海) қарай барады? Не үшін Ма әулетімен әскери келсімшарт жасасады? Не үшін біреулер Ма әулеті мен Қазақтардың арасына іріткі салады? Жалпы Шығыс Түркістаннан қытай мұсылмандар зонасына көшкен қазақтың ұзын саны 3000 түтіннен асады. Бұның барлығы тыңнан зерттеуді қажет ететін қилы дүниелер.

Хош, Қытай мұсылмандарының саяси элитасында 100 мың сайлауытты әскері болған және олар 40- жылдары коммунисттермен қиян-кескі шайқастар жасаған. Қытайдың миллион босқындары мен жүз мыңдаған әскерін Шығыс Түркістанға өткізбей тосқауыл болғандықтан бұның соңы Шығыс Түркістандағы Қазақ ұлт-азаттық көтерлісінің тез әрі қысқа уақытта жеңіске жетуіне тариxи мүмкіндік жасаған. Қытай мұсылман саяси элитасы батыс-терістік бес провинцсияға мығым орналасып коммунист қытайдың негізгі базасын талқандап отырғандықтан және қытай коммунисттерінің 70 мың әскери қосынын (3 мыңы кілең әйел әскер болған дейді) қоршап жойып коммунисттердің Шығыс Түркістанға жорығын быт-шыт ғып есеңгіреткендіктен Совет әскери күштерінің араласуы керек болды. Советтер Жапонияның Манжуриядағы 3 миллион Кантон әскерін жойып олардан қалған әскери қару тетіктерін қытай коммунисттеріне бергендіктен және Нан Киндегі (南京) қытай үкіметі сергелдең ғұмыр кешіп Тайванға (台湾) босқандықтан қытай мұсылмандарының саяси элитасы қытай-орыс коммунисттерінің қоршауында қалады. Сонымен жарты ғасыр Шығыс Түркістанға ҚОРҒАН болып гео-саяси, гео-стратегиялық жақтан демеу рөлін атқарған мұсылмандар шоғыры қанды қырғынмен жойылады. Бірқанша элита арап елдеріне қашады, біразы Тайванға қашады. Табиғи қорғанынан айрылған Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерлісі қысқа уақытта тып-типыл болады. Тіпті, Шығыс Түркістан Ұлттық Армиясы коммунистерге БІР ТАЛ ОҚ АТПАЙ ақ беріле салды. Алтай, Еренқабырғаның біраз қазағы қаша соғысып Индия-Кашмир асып кетеді. Ғаламдық саясаттан бейғам Қашқарияның миллион ұйғыры ешқандай қарсылық-наразылықсыз беріле салды.

Сонымен, қытай коммунисттері билікке келген соң Мұсылман Қытайға қырғидай тиді, ең әуелі оларды бөліп жеке ұлт статусын берді. Бұрынғы бес үлкен провинцсиясын бөліп паршалап небәрі қуықтай НиңШия-да (宁夏) жеке автономиялы регион құрып берді.Eldeç Orda суреті.

Коммунист биліктің алғашқы он жылдықтарында қытай мұсылмандары (ары қарай Һуийлар немесе Һуизулар) есеңгіреп ес жия алмады. Оқу-өнер құлдырады, 20-ғ басындағы жетістіктері “капитализм” сарқыншағы саналып аластатылды, жаппай сауатсыз буын қалыптаса бастады. Қытай мұсылмандары үшін енді коммунисттермен жағаласа жүріп өзін сақтап қалғысы келетін жаңа саяси буын жарыққа шыға бастады. 1976-78 жылдардан соң әсіресе МАО-дың дара билеуінен әбден шаршаған қытай демократтарының қытайды қайта құру кезеңін жақсы пайдаланып қытай Мұсылман Элитасы яғни Һуий Зулар (回族) жаңа мәдени-әдеби, экономикалық һам ағартушылық қозғалысын бастап кетті. Қысқа ғана он-он бес жыл ішінде қытайдың премьер министірдің орынбасарлығына дейін көтеріліп саяси элитаның жаңа шоғырын қалыптастырды. Қытайдың дін істер мүфтиятын, ұлт істер комитетін, мұсылман елдерімен (арап-иран) дипломатиялық қатынастағы өкілетті елші қатарлы сыртқы саяси институтын және қытайдың кейбір өңірлік бизнес-сауда буржуазиясын уысына ала бастады. Бұның соңы қытайдың коммунист ұлтшылдары мен қытай капиталисттерінің мұсылман элита шоғырын қайта құрықтау, жою үрдісіне әкеп соқты. Қытай коммунисттері мұсылман элитасын әлсірету үшін олармен идеялогиялық жақтан кереғар ағым Салафизм мен Уаxабизмге астыртын қолдау біодіріп неше мың мұсылман қытайларды 80-жылдардың соңынан бастап Сауд Арабия бастаған бірқанша елдерге жібере бастады. Сонымен 90-жылдар мен 2000-жылдар басында мұсылман элитасы діни тақырыпта бір-бірімен күресіп кетті. Бұның соңы жекелеген діни тұлғаларды, саяси лидерлерді астыртын қастандықпен өлтіруге әкеп соқты. Қытай коммунисттері діни алауыздықты сылтауратып бүкіл қытайдағы мұсылман элитасының заңды құзіреттеріне тисе бастады. Премьер министірден бастап қытайдың негізгі саяси жүйесінен мұсылман қытайларды тазалап орнынан алып тастады. Саяси билікте қорғансыз, басшысыз, ұлт істер комитеті мен орталық бюрода, конгреде және буржуазиялық элитадан қағылған қытай мұсылмандарының соңғы он бес жылдан бергі трагедиясы міне бүгін Шыңжаңға (ШУАР) жанамалай саяси ықпал жасап отыр. Шыңжаң мұсылмандарының интеллектуалдық күші, зияткерлік дарыны мен саяси элита күші әлсіз болғандықтан ішкі қытайдың бес үлкен провинцсиясындағы қытай мұсылмандарының элита шоғырына иек артатыны рас еді. Бұл тариxи факты еді. Соңғы он бес жылды арқа тірегі- мұсылман қытай элитасы шексіз әлсірегендіктен Шыңжаң осы күнде тоқырау мен саяси күйзелісті бастан кешуде.

Қазақстанда қытайтанудың “Алаштық” немесе тұтас орталық азия елдерінің “Түркістандық” үлгісі мен моделі тезден қалыптасуы керек. Қазақстанда қытайтану ел аман, жұрт тынышта өзекті мәселелерді қозғап Қытай Мұсылмандарының Күрделі кезеңін осыдан он жыл ерте зерттеп оның Шыңжаң (ШУАР) мен орталық азияға стратегиялық ықпалын алдын-ала болжай алғанда бүгін ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫ көп зардаптан бас аулақ болар еді. Енді бізге қытайтанудың жаңа тетіктері мен сауатты меxанизмі керек!

Елдес ОРДА
25/03/2018

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: