|  |  |  | 

Тарих Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Қадуан мен Сунь Мэилин

36002418_1107694582727461_32574612520828928_n

 

 

 

 

 

 

 

1944-жылы Шың Шысайдың онбір жылдық уақытша үкіметі құлады. Көп аялдамай Шың ішкі қытайға жөткеліп кетті. Шығыс Қазақияның тарихында бұрын соңды болмаған тарихи өзгеріс дәл сол тұста бірінен соң бірі орын алып жатты. Суреттегі ақ шылауышты кісі- Қадуан Мамырбекқызы. Көгедай Хан Ордасының соңғы хандарының бірі Әлен Уаңның зайыбы. Қасындағы кісі атақты саясаткер, дипломат Сунь Мэилин. Ол қытай президенті Жаң Қайшының зайыбы. 35924625_1107694989394087_148665963624005632_nЗаманында Америкадан білім алған, өте сауатты, мәдениетті тұлға. 1944-жылы Нан Киннен Үрімжіге ұшып келіп түрмедегі қазақтарды босатып, шет қиырға босқан қазақтарды елге оралту мәселесін қолдап арнайы комиссия құрған және оншақты қазаққа жоғары лауазымды орын тағайындап жұмысқа сайлап кетеді. 1946-жылы қазақтар Нан Киндегі ұлттық конгре мен парламентке депудат болып қатысуына түрткі болған кісі. Бұл суреттегі Қадуан ханыммен (ақ шылауышты) болған кездесуі Нан Кинде түсірілген болса керек. Қадуан Мамырбекқызын өте жоғары бағалаған, тіпті 1949-1950 жыллары коммунист қытай Шығыс Қазақияға кірген тұста ол біртоп қазақ зиялыларын (ішінде Қалуан ханым да бар) Тайванға шақырған. Сунь Мэилин 1944-1946 жылдары жеке Қазақ полкын құру мәселесін қуаттап оны бекіттіріп беруге қолұшын береді және Зәкәрия Әшенұлын полк генералдығына дейін көтеріп, әскери шен береді, сонымен бірге Қазақ ұлттық полкының күншығыс жеті қазақ ауданындағы район бөлімшелерін ашуына әскери қаржы бөліп, қазақтарды жаппай әскерге алады. Бұл тұста қытайдың әлемдегі төрт үлкен әскери ордасы “Хуанпу Офицерлер Мектебін” (黄埔军校) тамамдап келген жас қазақ мамандар іске тартылады. Осы тұста айта кетейін, Қадуан Мамырбекқызы 1946-жылы Нанкинде қазақ депудаттарымен бірге президент Жаңқайшы мен Сунь Мэйлиннің қабылдауында болған соң ішкі қытайда білім алып жатқан қазақ студенттерін жиып шағын құрылтай ашып “оқуларыңды бітірген соң дереу елге қайтыңбар, Сәбеттің Шарқи Түркістан құрсауына түспеңдер”деп үгіт жүргізген. Сол тұста ішкі әскери тәрбие алған қазақ жастарының Шарқи Түркістанның шырғауына түскендері кемде кем. 35985868_1107694719394114_8916978231123378176_n
Қадуан Мамырбекқызы, 60-жылдары қастандықпен көз жұмды. Сунь Мэилин Тайванға орныққан елмен бірге бертінге дейін ұзақ ғұмыр кешіп 2003-жылы 105 жасында қайтыс болды. Сунь Мэилиннің мұншалық ұзақ ғұмыр кешкенін кеш білгеніме бір есептен өкінемін, ол Қазаққа қатысты көп деректің тірі куәгері еді, бір қазақ суырылып шығып іздеп бармаппыз, өкініш емей немене!

Eldeç Orda

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: