|  |  |  |  |  | 

Көз қарас Саясат Тарих Қазақ шежіресі Әлеумет

Қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін”

Сайрагүл апайдың жеңісін шын жүректен құттықтаймын. Сот шешімінен кейінгі қуанышты бейнесін қайта қайта көріп қатты қуандым. Қуанбаған жұрт жоқ екен сол маңда. Сайрагүл апайдың бейнесіне қарап сан ойға баттым…
Қытай қазақтарының мәселесі туралы осыған дейін де азаматтық пікірімді айтқамын, пост тұр.

Менің жеке пікірімше қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін” деп дәуір бөлгіштік сипатқа өзгеруі мүмкін. Қазір, біздің жұрт тек ғана қуанышты құттықтап тойлаумен әбігер боллып жатыр екен бірақ мәселеге үлкен маштабтан қарап стратегиялық талдау сараптау жасау жағы жетпей тұр.

Қытайдан заңсыз шекара бұзып өту оқиғасы Сайрагүлге дейін де болған (меніңше Сайрагүлден кейін де болады…), Сәбет-Қытай арасындағы қырғиқабақ кезінде қытайдағы Сәбетшіл қазақ ұлтшылдары мен жас зиялылардың біразы заңсыз немесе бір жапырақ таңбалы анықтамамен (қағаз) шекарадан кесіп өткен. Әрине сол тұста қазақтар ғана емес, кәмпескілеруге тайтұяғымен қарсы қытайдың бірмұнша капиталистері, буржуаздары немесе үшінші дүниежүзілік соғысты аңдап Жаң Қайшының Американы иек артып қайта тап беруін күтіп жатқан ішкі сыбайластар да бар еді. Солар 50-60 жж өзінде ақ теңіз жолы арқылы алыс жақын шетелге қашып үлгірді. 1979-1989 жж арасында қытай шекарасын бұзып теңіз жолы арқылы соцсиялистік лагерден қашқандар тіптен көп болды. Австралия, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Америка және Еуропаға беттегендер көп. Биліктегі кейбір шенді-шекпенді олигарх топтардың да шетелге қашу оқиғасы көп туындады. Мысалы, мемлекеттің бүкіл ішкі құпиясын алып Сәбетке қашып бара жатқан жолда Мұңғолия жерінде (Өндірқан) опат болған Лин Бияо-дың оқиғасы сол күйі бүгінге дейін құпия қалды…

Коммунистік режимдегі қытай тарихында (1949′дан бері) қытайдан қашпаған адам өте сирек. Мао-дың қасындағы төс қағысқан досынан тартып ең қарапайым қатардағы зиялыға дейін талай адам шетелге заңсыз қашты. Шетелге қашудың ең көп мақсаты- қытай құпиясын білуінде ғана емес, соцсиялистік сүрдек жүйеден әбден шаршап мезі болуынан да туындап отыр.

Қытайда 1949-2009 арасы шетелге қашу оқиғасын бірқанша түрлі категорияға бөліп қарастыруға болады;

Ұлт құрамы жағынан:
Шетелге қашқан қытайлар;
Шетелге қашқан қытай еместер (Манжур, Тибет, Ұйғыр, Моңғол және Қазақ);

Саяси сипаты жағынан:
Мемлекеттік құпияны білетіндер;
Билікке балама күштер (олигарх, клон);
Антикоммунистшілдер;
Антиқытайшыл Сәбетшілдер;
Ұлтшылдар;
Еуропашыл Либералды күштер;
Еркіндік аңсаған қарапайым азаматтар;

Сенім сипаты жағынан:
Діни миссионерлер (християн);
Һижрашылдар (мұсылмандар);

1989-2019 арасында қытайдан шетелге қашу оқиғасы тіптен күрделі, жіңішкелікпен категорияға бөліп қарастырып зерттесеңіз өте қызық тақырып. Шетелге топталған қытайдың ұлтшыл, мемлекетшіл олигархтарының өз телеарнасы, тәуелсіз баспасөзі және ғылми зерттеу орталықтары және онда академиялық өлшемде талдау жасайтын әр саланың кәсіби мамандары бар. Олар қытай коммунисттерінің қылт еткен саясатын күніге дөңгелек үстелде талдап, сарапқа сап жатады. Қытайдың шетелге заңсыз қашып өткендер үшін ұстанған саяси позициясын жеке тақырып ретінде зерттеп қарастыруға болады.

Енді, Сайрагүл апайға келейік, қытай осы оқиғадан соң қандай реакциясы танытуы мүмкін:

Бірінші, Сайрагүлдің Қазақстан аумағында қалуы Қазақстанның жеңісі, келесі бір жағынан қытайдың да жеңісі саналады. Саясатта “бір қуаныштың қасында бір өкініш” бар екенін ұмытпауымыз керек. Әрине, Қазақстанның тәуелсіз, дербес үкіметі бір Сайрагүлге араша түскенімен қытайдағы неше мың тіпті одан да көп Сайрагүл тағдырластарға араша түсе алмайды. Қытайдың саяси технологтары бізді “бір Сайрагүлдың тағдырымен қуандырып қойып, мың Сайрагүлдің тағдырымен азаптауы мүмкін”. Қытайда саяси механизм мен саяси тактика өте дамыған. Біз тәуелсіз ел, дербес мемлекет ретінде қытайдың барлық реакциясына дайын болуымыз керек. Сайрагүл қытайға қайтарылса да қытайдың жеңісі, қытайға қайтарылмаса да қытайдың жеңісі деуім мынада, егер қайтарылса қытай Сайрагүлді жазалайды, егер қайтарылмаса қытай “Сайрагүлдерді” жазалайды. Өзіңіз ойлаңыз, қытайдың Сайрагүлді жазаласа да, Сайрагүлдерді жазаласа да тиімді жағы Қытайда болып тұр. Ал, Қазақстан Сайрагүлді құтқарды, бірақ Сайрагүлдерді құтқара ала ма? Жұрт өзі айтсын.

Екіншісі, Бұл мәселе Қазақстан-Қытай арасындағы сауда-бизнес нарқындағы бәсекелестікті ғана емес, саяси алаңдағы күрес бәсекелестігін де одан сайын арттырады. Қытай бастапта жеңілген сыңай танытады, шегіншектейді бірақ осал тұсыңнан оңдырмайды, сондықтан саяси тактиканы, қырағылықты арттыру керек. Қытайдың энергия мен гео-жағрафиялық тасымалға болған сұранысын сәтті пайдаланып, жалаң ұлт мәселесін жылтыңдата бермей басқа тактикаға көшу керек. Бұл мәселе, Алматы-Астана көшелеріндегі екі тал қытайға дұқ көрсетумен немесе бір қытайды асау жамбасқа сап алып ұрғанына мәз болумен шешілмейді. Билік ел тағдыры үшін шынайы тактикаларға көшу керек, стратег маман, тәуелсіз сарапшы, сатылуды білмейтін ұлт интеллегенттері керек. Әрине қарамаққа өте азбыз, бір Пекиннің қала санына да толмаймыз. Бірақ, халқымыз аз болса да даналығымыз кенде халық емеспіз, бір мая шөпті бір тал сіріңкемен өртей салуға болады, көлкөсір дарияны бір күрекпен арық қазып құлағын байлап ағыза салуға болады. Қытай бізге- мүмкіндік, біз қытаймен жағаласу арқылы өз ұлтымыздың ерік-жігерін, сабырын, сауатын, мәдениетін һам саяси тактикасын сынаймыз, жетілдіреміз, мемлекетшілдік құдіретіміз артады.

Үшінші, екі болжам алда, қытайдан келетін көш не түбегейлі тоқтайды не болмаса көш жанданады. Екеуіне де дайын болу керек, көш тоқтаса оны коммунистік билік тоқтатады, ертең коммунисттер кетсе либералдар көштің есігін бәрібір ашып береді. Соны қадағалап зерттеп графикасын сызып отыру керек. Көш тоқтаса қазақтармен мәдени, рухани байланысты басқа қырынан жалғап әкету керек, ал, көш тоқтамай жанданған жағдайда ішкі көші-қон мәселесі мен сыртқы көші-қон мәселесін түбегейлі реттеп дайын отыру керек. Тіркеу, Оралман Куәлік, Азаматтық алу көне сүрдек күйінде қала берсе қытайдағы қазақ мәселесі қайтып “қазақстандағы қазақ мәселесіне” айналып кетеді.

Төртінші, Ұлы Түркістандық Потенциал күшін біріктіру.
Қытай жағы Қазақ-Қырғыз, Қазақ-Өзбек халықтарының бірігіп ортақ күшке айналуынан қатты алаңдайды. Сондықтан олардың арасындағы жікке сызат салып отыру үшін “қытайлық Түркістан прожесін” дайындап отырады. Орталық Азияға ықпалын арттыру үшін Үрімжі мен Қашқардың өңірлік және басқа мүмкіндіктерін пайдаланады, Ұйғырдың орта және шығын буржуазиялық бизнестері арқылы орталық азияға экономикалық һам сауда-бизнес “соғысын” ашады. Орталық Азияны не Қашқар арқылы не Үрімжі арқылы өзіне тәуелді етуге тырысады. Осы мүмкіндіктерді іске асыру үшін “қытай түрікшілдігін” қолдан жасап тұтас Түркістанды (орталық азияны) Ұйғырлар арқылы шаужайлай бастайды. Сіз Қазақстандағы және алыс-жақындағы Ұйғырлардың Қазақты Ұйғырдан таратуын, бүкіл Алматы облысының жер-су атауын Ұйғыршадан кеп шыққан деуінің артында қытайдағы “қытай түрікшілдігі” прожесі тұрғанын білмейсіз бе? Қытайдың саяси технологтары басқа көптеген саяси ойынды алда әлі жасап шығаратын болады. Бұл күреске балама ретінде біріншіден Қазақстан өзінің жеке потенциал күшін арттыру керек, екіншісі біртұтас Түркістан түсіністігі мен тағдырлас, мүдделес мүмкіндігін біріктіребілу керек. Кеш қалсақ, қытайдың “қытай түрікшілдігі” прожесіне бір-бірден желініп бітеміз. Ұлы Түркістан түсіністігі артса және қытайға ортақ саяси күшке айналса қытайдың энергия мен гео-стратегиялық өңірлік тасымалға мұқтаж мүмкіндіктерін шаужайлауға болады және ұлы Түркістан аумағындағы (орталық азия) ішкі тепе-теңсіздік көрсеткіштерді толықтап (мысалы, еңбеккүш, орта-шағын бинес, тарихи туризм, өзен-су, тасымал, тб) соның ерік-жігерімен қытайға мұқтаждықты азайтуға болады. “Өзбектесіп кетеміз, қаланы Қырғыз басып кетеді” дейтін таудың қуысындағы сасық қорқыныштан арылу керек.

Eldeç Orda

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: