|  | 

Тарих

Хуаң ПУ әскери мектебінен білім алған Шығыс Түркістандық қазақтар

21616289_934379660058955_147339601436112667_n

Eldes Orda

20-шы ғасыр басында дүние жүзінде төрт үлкен әскери оқу орны болса, соның бірі- Хуаң ПУ әскери мектебі (黄埔军校) деп жазады қытай жазушылары. Шынымен де бұл әскери мектептің дәуірлік рөлі ересен зор болған. Бүгінгі қытай мемлекетінің қалыптасуына тікелей тариxи ықпал жасаған үздік оқу орны. Минго үкіметінің президенті Жаң ҚАЙШЫ (蒋介石) өзінің саясаттағы өмірін осы әскери оқу орнында орынбасар меңгеруші болудан бастаған. Тіпті, көменес қытайдың премьер министрі Жу ЫҢЛАЙ (周恩来) да саясаттағы ғұмырын осы оқу орнында саяси меңгеруші болудан қалыптастыра бастаған-тын. Хуаң ПУ әскери мектебі қытайдың таяу заманғы үш үкіметіне әскери, саяси тұлғаларды, қағылез САЯСАТТАНУшылар мен атақты ТЫҢШЫЛАРды да жетістіріп берген оқу ордасы. Бір қызық жәйіт, осы әскери оқу орнынан білім алған ҚАЗАҚтарды біле бермейміз. Хуаң ПУ әскери оқу орны құрылғаннан бері одан ұзын саны онға жуық ҚАЗАҚ оқушылары әртүрлі салада білім алған. Керек десеңіз, біріккен коалецсия үкіметі кезінде Қадуан Ханым бастаған ҚАЗАҚ депудаттары Минго (民国) астанасы Нәнкиіңде (南京) Хуаң ПУ әскери мектебінен білім алып жатқан Шығыс Түркістандық соңғы қазақ оқушыларымен кездескен деген дерек бар. 21616195_934379666725621_156967519312442857_n
Біз Ыстанбұлдан, Қазан мен Бұқарадан білім алған Шығыс Түркістандық қазақтардың дерегін білеміз. Бертінгі жылдарда Зайсан, Алматы және Ташкеннен әртүрлі мамандық саласында оқыған Шығыс Түркістандық Қазақтарды деректерден қарап білеміз, ал неге Нәнкиң мен Гуаң ЖУда Хуаң ПУ әскери мектебінде білім алған ҚАЗАҚтар туралы біле бермейміз? Бұның себебі меніңше мынада:
Біріншіден, бұған дейін фб жазбамда жазғамын Чин Түркістаншылдар мен Шарқи Түркістаншылдардың айқасы туралы. Ішкі қытайда білім алушының көбі Чин Түркістаншыл болды, Совет одағының күшімен Көменестермен ымыраға келген Шарқи Түркістаншылар оларды Шыңжаңнан “аластай” бастады. Шыңжаңға оралған оларды түрлі жақтан қақпайлады. Оларға саяси тұншықтыру жасады. Олар саяси, руxани, тариxи жақтан адам нанғысыз соққыға ұшырады. Ал, Шарқи Түркістаншылдардың зиялылары бірмезгіл көменестермен саяси ымырада болғандықтан тариxи, мәдени, тұлғалық жазбаларды тек өз мүдделеріне бейімдеп жазып-сызып, олар туралы шынайы танымдық ақпараттық мәлімет жазылмады. 21558727_934379730058948_5792459101663636116_n
СОСЫН, ішкі қытайдан білім алған Чин Түркістаншыл ҚАЗАҚ оқушылары көбінде ОСПАН Батыр жағында болды, сосын да кейбірі атылып кетті. 1983- жылдары Гоминдаңның (国民党) Биңтуан (兵团) дәрежелі әскери кадрлары ақталса да ҚАЗАҚтар ақталмады. Олар туралы мағлұматты ғылми айналымға ендіру үлкен саяси қателікке әкелетін болған соң еш айтылмай қалып кете берді.
Тағы бір себеп, Шың ДУБАН үкіметінің алды артындағы Шыңжаң қазақтарының мәдени, ағарту тариxы өкінішке орай толық ашылмады. Кейінгі жазушылар ҮШ АЙМАҚШЫЛДЫҚ шеңберден шықпады, ал одан соңғылар Көменестік идеялогиялық құрықтан алыстай алмады.
Жұрттың назарында болса екен деп жазып отырмыз, артық-кемі болса айып етпеңіздер!

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: