|  | 

Әдеби әлем

САХАРАНЫҢ АРУЫ (Қысқа әңгіме)

БАЙЫТ ҚАБАНҰЛЫ:
87025864_2768595449899429_1772114230862938112_n
Бірде Ұланбатыр қаласында халық өнерпаздарының біріккен өнер фестипалы өтетін болып соған қатысуға домбырамды көтеріп мен де бардым.
Монғолия елінің түкпір-түкпірінен келген не түрлі ғажайып сал-сері, өнер иелері бір қонақ үйіне орналасып он күн бойы күн-түн демей ұланасыр думанға бастық. Күндіз үлкен мәдениет сарайына барып өнер көрсетіп, кешке қонақ үйіне келіп той жасаймыз. Сол қызықты күндердің бірінде менің жиырма беске толған туған күнім шақ келген соң дастархан жайдым да көрші өнерпаздарды тойға шақырдым.
Онсыз да бастары ауырып ұрынарға қара таппай отырған өңкей сайыпқыран асау дарын иелері маған арнаған сыйлықтарымен қоса өз өз аспаптарын да көтере келді. Сөйтіп киімін шешкен жалаңаш адамның судан тайынбайтыны секілді көп кешіктірмей көңілді тойды бастап кеп жібердік.
Не болсын шіркін, ешбір қоспасы жоқ халықтың таза тұнық пәк өнері бірнен соң бірі ақ айрандай аспа төк шашылды-ай келіп. Тинамдай да кіршігі жоқ шексіз, шетсіз дала әуендері не бір сызылған сырнай тамақ әншілердің көмейінен төрт қабырғаның арасына сиыса алмай сығылыса тықсырылып құдірет болып құйылып жатты, шалқар бір шаттықтың тасқыны болып шашылып жатты.
Ох, сыйға толы, сырға толы, сиқырға толы халықтың ғажап ән, әуендері-ай де. Жел болып шалқып, айдын боп толқып, тау болып күңіреніп, нажағай болып жарқылдап, құлын болып кісінеп, бота болып боздайды-ау шіркін…
Сөйтіп той енді нағыз қыза бастаған шақ еді, тық, тық, тық… есік қағылды да артынша бір құшақ гүл, тәтті-тәпсек, арақ-шарап көтерген уыздай жас бойжеткен қыз көрінді.
Сонда білдік, қонақ үйінің екінші қабатында орналасқан сахара жақтың өнерпаз қызы біздің тойдан қалыс қалыпты. Мен алдынан жүгіріп барып кешірім сұрап, қолындағы дүниелерін алып төрге шақырдым. Рахметін айтқан ол сырт киімін шешіп ілгеннен кейін дастархан басына жақындап сыпайы ғана көпшілікке тәжім етті. Сосын баршамыздан ғафу өтіне маған бұрылып:
- Аға, тойыңызды тойға ұластырайын деп өзіңізден рұхсат сұрасам ниетімді қабыл алар ма екенсіз ә – деді, күлім қаққан әдемі от жанарын қадай иіліп. Оның дәл не дегелі тұрғанын дөп басып түсіне кетпесем де жайдары қыздың жарасымды жақсы ілтипатын бар шыныммен қабыл алып:
- Айналып кетейін қарындасым-ау, қарақаттай екі көзің мөлдіреп өңменімнен өтіп бара жатса «Өлім әкеліп тұрмын» – десең де рұхсат етіп қабыл алмай нем бар еді, айта ғой – дедім елжірей әзілдеп. Сөйтсем ол дағы бір әзіл сөздің тілмәші екен:
- Ойбай аға, кешірім етіңіз, жөн сегізді артыма қалдырып, онсегізге қадам басып өрт өмірдің қызығын енді бастаған шағымда сіздей авзал азаматқа өлім әкелетін мен немене, жынданып кетіппін бе. Өлім емес өзімді әкеліп тұрмын – деп маған үлбіреп піскен алмадай бетін тосты.
- Бәрекелді қарындас! Сен өзі отқа құйған майсың ғой сірә. Дүр-дүр етіп аспанға шапшып лаулап жанып жатқан жиырмабес деген өрт жалынға алай-дүлей ұйтқып соғып тұрған онсегіз деген боранды әкеп тұрсаң ол өлім емей не болушы еді айналайын. Қош, не болса да көріп алдым – дедім да оның аппақ жазық маңдайынан иіскедім.
Отырғандар шуылдасып шапалақ соғып шағын бөлменің төбесін ортасына түсіре жаздап айғайласып сүйкімді бойжеткенге қошемет көрсетті. Сонымен жиырмабестің дастарханына онсегіздің дастарханы қосылып той одан әрмен жалғасты.
Күмбірлеген күміс көмейден сыңғырлата ән төккен шашасына шаң жұқпас өңкей күреңтөбел тарландар жер танабын қуырып құлақты біткеннің құрышын армансыз етіп қандырды. Осылай сайраған сазды бұлбұл, сандуғаштар таң ағарғанда ғана амалсыз тарасуға бет бұрысты. Той тарқар алдында ризашылығын білдіріп бетінен сүйгісі келген жігіттерге сахараның ибалы аруы еуропалықтардың салтымен майысқан қолының сыртын ұсынды. Қыз сүйудің соңына ала мен де сірә құр қалмайын деп оның қолын сүйуге оқталып едім, ол кіп-кішкентай сүйкімді қолын теп-тез айландырып алақанын тосты. Мен:
- Қой қарындас, алақаныңнан сүйсем ұрдықшы болып кетерсің, сыртынан сүйейін – деп едім, ол жымың етті де:
- Ондай салттың бары шын аға. Бірақ мен кәзір ұрдықшы болғым келіп тұр. Жақсы ғой, осы бөлмеден шыққанда байқатпай сізді қалталай кетпеймін бе –демесі бар ма… Мен қарсылық еткем жоқ, жұп-жұмсақ алақанына ернімді тигіздім де бөлмесіне жеткізіп қойдым.
…Ертеңінде үлкен өнер сарайына барып өнер көрсетіп енді орналасқан қонақ үйіне қайтайын деп бірге кететін серік іздеп селтиіп темекі шегіп тұр едім, әлгі ділмәр шешен ерке қарындасым келіп жетті. Ана-мынаны сөз етіп жеңіл әзілдесіп тұрған соң мен оның нәзік сүйрек саусақтарын алақаныма салып аялап:
- Тентек ерке қарындасым, кеше көп адамның арасында ағаңды ұялтып қойдың ғой. Кәне бетіңді тосшы енді мен есемді алайын – деп бетінен сүйуге еңкеие беріп едім ол сәл ғана шегіншектеді де:
- Шын есеңіз кеткен болса – деп, қып-қызыл шиедей жұп-жұқа ерінін шошайтты. Дәл өйтеді ғой деп ойламаған басым сәл тосылып қалдым да:
- Айналайын ерніңнен сүйсем өсекші болып кетерсің – деп едім қыз аласы молдау мойылдай қара көздерін
бір төңкерді де:
- Пай, пай, пай ағасы! Алақанымды тоссам: «Ұрдықшы боласың» – дейсіз, ернімді тоссам: «Өсекші боласың» – дейсіз, егер мен басқа бірдемемді тоссам не деп бас тартар екенсіз ә. Жігітке ернінен сүйгізген әйел біткеннің бәрі өсекші болатыны рас болса мен өкінбей-ақ қояайын – деді де екі өкшесін көтеріп аяғының ұшымен созылып келіп менің мұртты ернімнен шөп еткізіп бір сүйді де айланып қонақ үйіне қарай жүгіре жөнелді.
Мен аңдаусыз жерде жалаңаш денемді жалын шарпып өткендей тырп етіп қозғалмай тұрып қалдым. Сәлден кейін ғана сағатыма қарасам кеш те болып қалған екен.
Үнсіз ғана жымың еттім.
2008
“АЙДАН ТҮСКЕН КӨЛЕҢКЕ” Кітәбінан
(Сурет интернет желісінен алынды, иесінен кешірім өтінем)

Related Articles

  • «Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауы жарияланды

      Жеңімпаз журналистер қомақты қаржылай сыйлыққа ие болады “Еркін сөз”-2021 шығармашылық байқауы жарияланды. Үздік БАҚ өкілдері журналистер мерекесі қарсаңында марапатталады. Шараның мақсаты журналистердің кәсіби білігін арттыру және қаржы саласындағы білімін жетілдіру. «Еркін сөз» байқауына қазақ тілінде мақала жазатын және хабар тарататын республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ өкілдері қатыса алады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері “Үздік мақала”, “Сайттағы үздік мақала” және “Үздік телесюжет” аталымдары бойынша сайысқа түседі. Әр аталым бойынша тағайындалатын Бас жүлде – 500 000 теңге. Байқауға қаржы тақырыбындағы, оның ішінде банк саласына қатысты материалдар қабылданады. Бас жүлдеден бөлек әр номинация бойынша 1 және 2 орындар бар. Материалдар 2021 жылдың 01 қаңтарынан 2021 жылдың 05 шілдесіне дейін жарияланған немесе эфирге шыққан

  • Қатыш дөңі АЗАПТЫ КҮНДЕРДЕН ҚАЛҒАН ІЗ

    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ 17-жылдың кезі еді, Патша құлаған. Увқытша өкіметінің құзыры жүріп тұрған кез. Елдің солтүстүгінде де, оңтүстігінде де көтерілістер болып, елдің аласпыран кезді басынан өткеріп жатқан ды. Қаратауды жайлаған Қоңыраттардың арасынан шыққан Қабақан есімді кісі аңшылықпен өмірі өткесін "ҚАПҚАН" атанып кетен. Сол Қабекең ер жеткен ұлы Садақбайды, қызы Хадишаны, сосын он бес шақты жақын туыстарын ертіп, елден бөлініп, Қордай жақтағы Тереңөзек деген шағын көлді мекен екткеніне де бір жылдай болып қалған. Тереңөзектің маңы қалықң қарағай , адам өтетін жер шамалы, өзекке келетін бір ғана жалғыз аяқ жол бар. Қапан аңшы адам аяғы баса бермейтін қуысты мекен етіп отырғанымен, тауға шыққанда , бір шама елдің анда санда Қордай асып бара жатқанын

  • « Шақантай» шежіресі( бесінші басылым , қосымша жазбалар мен толықтырулар)

           Тайтөлеу Ысқақұлы Төлтай                                   2003 – 2009 жылдары  « Шақантай»  шежіре  кітабы  төрт рет  800  данамен   басылып  шықты . Соңғы  төртінші  басылымын  kerey.kz  сайтынан  толық  оқи  аласыздар .  Осы  басылымда  Шақаңа  қатысты соңғы  кезде  келіп  түскен ақпараттар мен  М. Мағауин, Ө. Ахметов , С. Ысқақов , Н. Сәменбетов – тердің кейінгі жарияланған  деректері қолдалынды . Бесінші басылым да сол аталған сайтқа  қойылады .   Мекен-жайымыз:  Алматы, 050010, Пушкин к. 83 үй, «РИЕО» ЖШС , Тел.,Факс:  8(7272) 912049 . Ұялы  тел. 87017177657 . e-mail: toltai 42 @mail.ru . МАЗМҰНЫ :    Шақантайдың  

  • АЛЖАСҚАН ҒАСЫР (Әңгіме)

    “Ашаршылықты саясиландырмау керек” деу “дымыңды шығарма” деп ұлтты тұншықтыру. Бұл тарих пен ұлтқа жасалатын қиянат! “Ғасырға серт! Адамзат баласы зиянда…” «Асыр» сүресі …көзі жұмылмай, «бұның не?» деген таңданысты сұрақ анық оқылатындай адырайып, тас қораның төбесіне қараған күйі қалыпты. Мұрыннан кеткен қан екі ұртты сағалай барып, кепкен өзеннің арнасындай былқылдап, тоңға айнала бастапты. Сыпатайдың да екі ұртынан бастап омырауына дейін – іңірдегі батыс көкжиектей қып-қызыл. Ентігін енді басып, аузына келген дәмнің қошқыл татитынын, оның қанның дәмі екенін түйсінген. Түйсінген сәтте лоқсып құса бастады. Бұнысы жетпіс бес жасқа келіп, Тәшкенттегі ағаш қорасына кіріп, қайыс арқанға асылып барып тыншу тапқанша жалғасатын лоқсу екенін, әрине, ол кезде білген жоқ. Бір нәрсені түртіп, танып аларға

  • Даннинг-Крюгер «күйігі»

    …Жапон халқының «Жалғыз ауыз жылы сөз қыстың үш айын да жылы етеді» деген мақалы бар. Біздің ойымызша дүниедегі ең суық нәрсе ол – аяз да, ақтүтек боран да емес, дүниедегі ең суық нәрсе адамның ниеті мен көзқарасы. Бұл жерде таланттарға тиесілі «жалғыз ауыз жылы» сөз жайында ештеңе демей-ақ қоялық (Жалпы біздердің біреуді мұңайту мен пұшайман ету ең негізгі ләззат алатын индексімізге айналғаны қашан). Өмірде мерез бен мейірімсіз деген сөздердің бар екендігі рас болса, онда оның шын бейнесі (портреті де) болуы керек қой. Әлде бұл қатыбас пенденің кісі кейпінде көрінген өз бейнесі ме екен?! …Тым тәубәшіл халықпыз ғой. Таланты жандарды жоғалтып алып «бұл енді тағдыр ғой» дейміз біртүрлі күңіреніп сөйлеп. Осы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: