|  |  |  | 

Жаңалықтар Шоу-бизнис Әлеумет

Талдықорғанда жаңа эко-автобустар қолданысқа берілді

0bac0603-6c9e-4bb6-90ac-b514228be75a

Бүгін, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыс орталығының Талдықорғанға қоныс аударуының 20 жылдығы аясында айтулы оқиға өтті. Көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында қалада автобус паркі жаңартылды.
“Жетісу” ӘКК арқылы жалпы сомасы 2,3 млрд.теңгеден асатын газбен жүретін 55 экологиялық автобус сатып алынады, олар тасымалдаушыларға 7 жылға лизингке беріледі (жылдық 4% – бен). Оның 32-сі қала тұрғындарына пайдалануға берілді.
Мереке қарсаңында орталық алаңда облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен “Ютонг” маркалы 32 жаңа автобустың алғашқы партиясын-тапсыру салтанаты өтті. Қалған 23 автобус (14 ПАЗ және 9 “Ютонг”) жыл соңына дейін Талдықорған көшелерімен жүреді.
“Бірнеше күн бойы жаңа автобустар қалалық бағыттар бойынша сыналды. Жалпы, олар барлық заманауи талаптарға жауап береді. Олардың кейбіреулері – 10 метр, басқалары-8,5 метр, жалпы жолаушылар сыйымдылығы 55-тен 67 орынға дейін. Онда бейнебақылау, кондиционерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды отырғызу – түсіру үшін қайырмалы платформалар көзделген. Сондай-ақ, электронды билеттеу жүйесі орнатылған. Жалпы алғанда, автобустардың өздері барларға қарағанда әлдеқайда кең, оларда мүгедектер арбасына арналған орындар көп. Алғашқы автобустар жолаушылар ағыны ең көп маршруттарға жіберіледі. Ал олардың қаншалықты жайлы және ыңғайлы екенін Сіздер, құрметті талдықорғандықтар, өз беттеріңізбен бағалай аласыздар”, – деді аймақ басшысы.WhatsApp Image 2021-09-23 at 12.10.06
Сондай-ақ, аймақ басшысы автожолдарды жөндеу және қалалық инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасатынын айтты.
Сатып алынған автобустарға жанармай құю үшін қалада автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясы салынды және іске қосылды. Бұл ретте жаңа автобустарда жүру тарифі өзгеріссіз қалады.

Related Articles

  • «200 мың теңге төленеді»: Қазақстанда короновирусқа қарсы өмірін сақтандыратындар саны артқан

    Елімізде коронавирусқа қарсы өмірін сақтандыратын тұрғындар саны артқан. Вирусқа қарсы сақтандырудың құны 5-8 мың теңге аралығында. Ал адам коронавируспен ауыра қалған жағдайда оған 200 мың теңгеге дейін өтемақы төленеді, деп хабарлайды kerey.kz порталының тілшісі. Жеке бастарының қауіпсіздігіне жете мән беріп, өмірлерін сақтандыру жағынан Түркістан облысының тұрғындары көш басында. Одан кейінгі орындарда Алматы қаласы мен Маңғыстау облысының тұрғындары тұр. «Біз компания сайтында 5 минут ішінде онлайн сатып алуға болатын «COVID-19» және «Life-Персона» өмірді сақтандыру бойынша өнімдерді ұсынып келеміз. «Life-Персона» сақтандыру бағдарламасының негізгі артықшылығы сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін қандай жағдай болмасын клиенттің сақтандыру жарналары қайтарылады. Коронавирустан сақтандырудың құны 5 мыңнан 8 400 теңге аралығында. Он мың теңгеге де жетпейді. Онлайн түрде бір

  • “Мектептегі төбелестен шықты”. Пенжімде не болды?

    Азаттық радиосы Алматы облысында қазақтар мен ұйғырлар тұратын Пенжім ауылында мектеп оқушыларының жанжалы ересектердің қатысуымен тәртіпсіздікке ұласқан деген ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Мектептегі төбелесте басына зақым келген жасөспірімнің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Ал түнгі тәртіпсіздік барысында зардап шеккен тағы бір адам ауруханаға түскен. Полиция екі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Билік “Пенжімде ұлтаралық қақтығыс болған жоқ” деп сендіргісі келеді. “ТҮНГІ ТӘРТІПСІЗДІК” Алматы облысы Панфилов ауданы әкімі Талғат Өмірәлиев сәрсенбі күні Пенжім ауылында болған оқиға “ұлтаралық қақтығыс емес, өзара келіспей қалған екі оқушының төбелесінен шыққан түсініспеушілік” дейді. Бұл туралы аудан әкімі 28 қазанда Пенжім ауылына барған Азаттық тілшісіне айтты. Панфилов ауданы әкімі Талғат Өмірәлиев. Алматы облысы, Пенжім ауылы, 28 қазан 2021 ж.

  • “Ол нағыз қазақ”. АҚШ валюта басқармасы жетекшілігіне ұсынылған Сәуле Омарова кім?

    Дархан ӨМІРБЕК Қазақстан тумасы, АҚШ азаматы Сәуле Омарова АҚШ валюта басқармасының жетекшісі қызметіне ұсынылды. АҚШ президенті Джо Байден банк саласын реттейтін саяси қызметке Қазақстан тумасы Сәуле Омарованы ұсынды. Сенат оны мақұлдаса, басқарманың 158 жылдық тарихында басшы қызметіне тағайындалған тұңғыш әйел және алғашқы азиат болмақ. 3,5 мың қызметкері бар басқарма мыңнан астам ірі банкті бақылайды. Ал олардың жиынтық активі 15 триллион долларға жуықтайды. Бірақ банктер мен республикашылдар Омарованың идеяларын тым радикал санап, оған қатты қарсылық танытып отыр. Тіпті бір сенатор оны коммунистік көзқарастағы адам болуы мүмкін деп, СССР кезінде жазған диплом жұмысын сұратты. Ал баспасөз құралдары оның әрбір сөзін талдап, биографиясын шаммен қарағандай шұқшия тексеріп жатыр. 55 жастағы Сәуле Омарованың АҚШ

  • Б.Төлегенова атындағы ХІ халықаралық вокалистер байқауы өтті

    Нұр-Сұлтан қаласында Бибігүл Төлегенованың ХІ халықаралық вокалистер байқауы өз мәресіне жетті. Марапаттау, гала-концерт пен байқаудың салтанатты жабылуы 11-қазанда «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтіп, ХІ халықаралық вокалистер байқауының қорытындысы жария етілді. Байқау жеңіпазының есімі белгілі болды. Айта кетері – биыл Бибігүл Төлегенованың халықаралық байқауының 20 жылдығы Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен сәйкес келіп отыр. Халықаралық байқау әлемнің ең озық сахналарында еліміздің атын шығаратын жаңа жұлдыздарды жарқыратады. Байқаудың гран-при жүлдесі Алматы қаласынан келген жас орындаушы, керемет баритон дауысты Көшкінбаев Дінмұхамедке берілді. Соңғы өткен байқаулардан кейін алғаш рет гран-при Қазақстанда қалды. ХІ халықаралық вокалистер байқауының жеңіпазы Көшкінбаев Дінмұхамед жеңісі үшін ризашылығын білдірді. Әділқазы алқасы өзара кеңеспей, бір ауыздан әншіге жоғары балл

  • Бибігүл Төлегенова атындағы ХI халықаралық вокалистер байқауы басталды.

    Бибігүл Төлегенова атындағы ХI халықаралық вокалистер байқауы басталды. Халықаралық байқауға 11 елден өтінім түскенмен, әлемдік пандемияға байланысты шетелдік қатысушылардың саны шектелген. Биыл байқауға 4 мемлекеттен бөлек елдің әр өңірінен жиналған опера өнерінің жас вокалистері Нұр-Сұлтанда бақ сынайды. Байқаудың әділқазылары да Италия, Чехия, Франция, Ресей сынды мемлекеттерден келген өнер қайраткерлері. «Әлемдік пандемияға қарамастан ұйымдастырушылар байқауды өткізгеніне барлық қатысушылар қуанды. Өйткені көптеген іс-шаралар тоқтатылып, қатысушылар, жанкүйерлері, көрермендер офлайн шараларды, әдемі опера өнерін сағынды», – деді РФ Еңбек сіңірген қайраткері Т.Д Новиченко. Чехиядан келген мейман, әділқазы мүшесі, Прага операсының солисі, Коми Республикасының халық әртісі Дамир Басыров «Мұндай байқаулар жаңа ұрпаққа мәдени-адамгершілік тәрбие беру үшін аса қажет. Біз жаңа дарын иелерін анықтап, таныту үшін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: