|  |  | 

Көз қарас Саясат

Диктаторлық режимдердің өтірік референдумдары мен сайлауларына жанды мысал

315586486_8909465692404307_7087932370573201796_nДиктаторлық режимдердің өтірік референдумдары мен сайлауларына бір жанды мысал:
Іргелес ауылдарымен қоса есептегенде, Херсонда шамамен 600 мыңдай адам Ресейге қосылу бойынша референдумға қатысып, олардың 500 мыңы Ресейге қосылуды таңдаған. Бұл 87%!
Ал, таяуда жағдай күрт нашарлап, ресейшілдердің Ресейге қарай қашуы басталғанда, тек 100 мыңдай адам ғана Ресей жаққа қашқан. Қалған 400 мың адам қайда кетті? Олар неге Ресейге қашпады?
Иә, бұл жерде қорқып, амал жоқ, қараға ілесіп дауыс бергендер болғаны анық. Бірақ бәрібір 87% емес, 50 пайыз қолдау деген де сандырақ болып шығады.
Демек, ары болғанда Ресейге қосылуды қолдаған Херсондықтар көп болғанда 20 пайыз ғана, бәлкім тіпті оған да жетпеуі мүмкін.
Бұл дегеніңіз, басқа өңірдегі референдумдар да өтірік деген сөз!
Диктаторлық режимдердегі саясат қашанда 3 тен 2 өтірік/алдамшылыққа құрылады, 3 тен 1-і ғана шын болуы мүмкін, егер онда қандайда бір шындық болса.

Related Articles

  • Мәжіліс әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    Қазақстан әскері жаттығу кезінде. 15 қарашада Қазақстан парламентінің төменгі палатасы әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың ресми атауы – “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы. Құжат Қазақстанда “әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызметті енгізуді қарастырады” деп жазды ресми БАҚ. “Заң жобасын іске асыру азаматтарға резервте әскери қызмет етуге мүмкіндік береді. Ол үшін келісімшарт ерікті түрде үш жылға жасалады. Даярлық бір жылда екі айдан аспайды. Жауынгерлік жиындар 30 күнде іске асырылады. Резервтегілерге арналған сабақтар ай сайын екі-үш күн болады” деді парламент отырысында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов. Ресми ақпаратқа қарағанда, әскери резерв 2025 жылға қарай жасақталады. Бірінші

  • Дипломатиялық кездесулерді көбейткен Орталық Азия Мәскеуді ығыстыра ала ма?

    Крис РИКЛТОН Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға келген Франция президенті Эммануэель Макронды Ақордада сән-салтанатпен күтіп алды. Ресейдің Украинаға қарсы соғысы аяқталған жоқ. Ал Орталық Азия елдері АҚШ Ауғанстанға әскер кіргізген кезден бері үшінші рет әлемнің назарына түсіп отыр. Өңір мемлекеттері көршісінен асып түсіп, әлемдік державалармен тығыз байланыс орната ала ма? 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға келді. Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны стратегиялық әріптесіне сай сән-салтанатпен күтіп алды. Бірақ бұрын басымдық берілген кей дүниелердің өзгергені байқалды. Жақында Халықаралық қылмыстық сот Украинадағы ықтимал соғыс қылмыстары үшін Владимир Путинді тұтқындауға ордер берді. Ресей президенті одан бері үш елге сапарлады. Соның бірі – Қазақстан. Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін ықпалды мемлекеттердің

  • “Саясаткерлер пафоспен сөйлегенді жақсы көреді”. Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының болашағы бар ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы мәртебесіне ие елдердің басшыларының Самарқанда (Өзбекстан) бірігіп түскен суреті. 11 қараша, 2022 жыл Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Бұл кездесу не береді? Түркия Ресейдің Украинамен соғыстан бас көтере алмай жатқанын пайдаланып, аймаққа ықпалын күшейтуге тырыса ма? Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының, әсіресе әскери салада болашағы бар ма? Азаттық осы жөнінде Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университеті саясаттану кафедрасының доценті Әсел Тутумлумен әңгімелесті. ТҮРКИЯНЫҢ МҮДДЕСІ МЕН ЫҚПАЛЫ ҚАНДАЙ? – Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Ұйым азаматтық қорғаныстың бірлескен механизмін нығайтуға мүдделі. Сондай-ақ күн тәртібінде аймақтағы және сырттағы саяси-экономикалық оқиғаларды талқылау мәселесі тұр. Саммиттің уақыты мен геосаяси контексі жөнінде

  • Кокуй Байке. Оңтүстіктен соққан суық жел

    Айбар Олжаев Қырғызстан 2023 жылы ішкі жалпы өнімін бақандай 7%-ға арттыра алады. Бұл ресми Бішкек үшін тамаша жаңалық. Себебі, ол республикаға “орта табыс тұзағынан” шығып кетуге мүмкіндік берер еді. Экономикалық өсімі жылына 4 пайыздан аса алмай жүрген Қазақстан үшін 7 деген қасиетті сан – қол жетпес арман болып қала бермек. Бірақ Бішкек ненің есебінен экономикалық “чудо” жасап отыр? Оның жауабын жас бала да біледі. Қырғыздар Ресейге салынған санкция мен паралелльді импорт арқасында барынша табыс тауып қалуға тырысып бағуда. Әрі оларды ешкім тоқтата алар емес. “Қытай, Түркия, Дубайдан алып, Ресейге беру” схемасы өте қарапайым, сонымен қатар өте табысты. 2022 жылы Қырғызстанның ішкі жалпы өнімі 919 миллиард сомды құрады. Бұл 10,4 миллиард

  • “Ресей үстемдігіне соққы”. Қазақстан Каспийдегі әскери теңіз күштерін не үшін күшейтіп жатыр?

    Азаттық радиосы Қазақстан әскери-теңіз күштерінің кемесі. Қорғаныс министрлігінің Телеграм-арнасынан алынған.  Батыс басылымдары бұл аптада Түркия Қазақстанға Каспийдегі әскери теңіз флотын күшейтуге көмектесетінін жазып, бұл теңіздегі флотилиясы мықты Ресейдің үстемдігіне қалай әсер етеді деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен қатар Қазақстан Батыстың жанама санкциялары мен оның ықтимал салдарынан қауіптеніп отырғанын талдады. Бұдан бөлек сыртқы державалар Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды біртұтас географиялық аймақ ретінде қарастыра бастағанына назар аударды. ТҮРКИЯ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КАСПИЙДЕГІ ФЛОТЫН КҮШЕЙТУГЕ КӨМЕКТЕСПЕК Сарапшы Пол Гобл АҚШ-тағы Jamestown қорының сайтында Түркия Қазақстанға Каспийдегі әскери теңіз күштерін күшейтуге көмектесетінін жазды. Анкара мен Астананың жоспары Каспийдегі флотилиясы ең қуатты Ресейдің үстемдігіне қалай әсер етпек? Ресейдің Каспий флотилиясы көп жыл бойы теңіз айдынында үстемдік етті. Сондықтан

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: