|  |  | 

Көз қарас Тарих

Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

409172315_2866275540202681_4637801817848602381_n
Орыны: Қашқар қ-сы;
Жылы: 1933 ж;
Аты-жөні: Қабыл Ахонд;
Діні: христиан;
Түсініктеме:
Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті.
Алқисса
Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына қарату еді. Бірақ жабық аймаққа кіру Англосаксонға оңай болған жоқ.
ХХ ғасырдың бастапқы кезінде Қашқарияға діни миссионерлер кешенді зерттеу жасап тұрғылықты тілде (шағатайша) христиан кітаптарын басып таратты. Кітап ұйғыр және қазақ екі тілде кеңінен тарады. Ондаған жылдың нәтижесінде Қашқарияда жүздеген діни шәкірті бар христиан ұйғыр қауымы қалыптасты. Ол уақытта христиан миссионерлерінің Қашқариядағы діни миссионерлік қызыметін тоқтатын саяси күш болмады. Миссионерлер де мына үш факторды жақсы игерді:
Біріншісі, халықтың әлеуметтік әлеуеті орта және төмен деңгейдегі аймақтар мен елдімекендерді басты нысанаға алды;
Екіншісі, Батыс медицинасын пайдалана отырып денсаулық жағдайы өте нашар елдімекендерді көбірек назарға алды және медициналық көмектер ұсына отырып діни миссионерлікпен айналысты;
Үшіншісі, әкімшілік ресурсты сәтті пайдаланды, әсіресе шоқынған қытайлық бай-шонжарларды жақсы жағалады және олардың Қашқариядағы мүдделерімен бірге бөлісті. Шын мәнінде сол кезде христиан дінін қабылдаған қытайлық басшылар да көп еді.
Ондаған жылдық миссионерлік мәдени-діни майдан нәтижесінде Қашқарияда христиан дінін қабылдаған тұрғылықты ұйғырлар мен әкімшілік билікті игерген мәнжүр-қытай өкілдері көбейе бастады. 1930 жылдарға келгенде ұйғыр тілінде жүздеген христиан дінінің кітаптары жарық көрді. Христиан ұйғыр өкілдері қоғамда ашық көріне бастады және тұрғылықты мұсылман өкілдерімен ашық дискуссияға бара бастады. Сол жылдары христиан миссионерлері Еренқабырға, Іле, Тарбағатай және Алтай өлкесін аралап қазақтарды да шоқындыруды көздеді, сонымен бірге түрлі ұсыныстар тастап ынтымақтасып бірге жұмыс жасауға шақырды.
Христиан миссионерлерінің бұл аймақтағы іс-әрекетінің белсенділігін байқаған Ресей империясы және кейінгі совет одағы татарлардың Құлжа, Шәуешек жәнеҮрімжіде мешіт медрессе ашып ислам дінінің аймақта жаңғыруына моралдық-материалдық мүмкіндіктер жасады. Сонымен 1860-1928 жж. арасында Құлжа, Шәуешек және Үрімжіде татар саудагерлері салдырған мешіт-медреселер саны күрт артты.
1934-35 жылы өлкелік билік тізгінін өз қолына монополдаған Шың Шысай аймақтағы христиан шіркеулері мен мұсылман мешіттерін қайта тіркеуден өткізді. Бір қызығы ол христиан шіркеуінің өңірдегі қызметін заңсыз деп танды да, Қашқариядағы миссионерлерді әскери тәртіпке салып құқықтық жазаға тартты. Нәтижесінде жарты ғасыр бойы еркін діни миссионерлікпен айналысып келген христиан кланы сол жылы жұмысын кілт тоқтатты. Оның үш гео-саяси себебі болды:
Бірінші, патшалық ресей және кейінгі совет одағы Батыстың аймақтағы діни миссионерлік қызыметін саяси майдан ретінде қабылдап, қытай билігі арқылы христианның миссионерлік қызметіне “соғыс” жариялады;
Екінші, Қашқарияда жер асты байлығы ұшан-теңіз мол еді. Патшалық ресей және кейінгі совет одағы үкіметі Батыс христиан күштерінің аймақта кен ашып көмір, мұнай, темір және уран сияқты қазба байлықтардың игерілуін шектеп аталған кендерді өз бақылауына алды;
Үшінші, ХХ ғасырдың 30- жылдарына келгенде өлкеде христиан қытайлықтар жаңа күшке айнала бастады. Христиан қытайлықтардың күшеюі тұрғылықты мұсылмандар мен дәстүрлі сенімдегі қытайлықтарды өте ыңғайсыздандырды. Христиан миссионерлерінің әлсіреуіне бірінші кезекте солар мүдделі болды.
1934 жылы христиан миссионерлеріне құқықтық шектеу орнаған соң олар уақытша Кашмир және Үндістанға қоныс аударып қытай билігінің ауысуын күтті. Бірақ кейінгі билік коммунистердің қолына өткен соң миссионерлік қызымет толығымен тоқтады. Тек 1980 жылдардағы жылымық кезінде қайта жанданды. Сол жылдары ұйғыр және қазақ тілінде еркін сөйлейтін миссионер азаматтар діни шоқындыру жұмыстарымен айналысты. Нәтижесінде 1990 жылдары ұйғыр, қазақ тілінде жүздеген кітап тағы да баспадан шығып таратылды.
Аталған миссиоерлік қызымет 2009-2014 жылдары түбірімен шектелді, жойылды.
Қысқартылды
Елдес ОРДА
22.03.2024

Related Articles

  • «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    Қазақ халқының даңқты перзенті, ұлы жазушы Мұқтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай) Шұбартауда дүниеге келді. Жондағы Жобалай Керейдің ең үлкен Аруағы Жобалай бидің ұрпағы еді. Байқотан би, Томан би, Бегеш шешен, Уәйіс, Төлеу ақын… Атағы Аталарынан асып кетті… Тірісінде олай деген жоқ… Бұл сөзді дүниеден өткен соң біз айтып отырмыз… Өмірінің соңғы кездері шетте өтті. «Үкіметке, басқаларға да өкпем жоқ, өкпелейтін олардың жағдайы жоқ!» (М.Мағауин) деген еді өзі бертінде. Астары ауыр, еңсеңді езердей салмақты сөз… Данышпан адам неге елден жырақ кетті. Бұл «Оңаша жатқанды ұнатамын, Елімді ел қылмасын ерте сезіп… Елден кеттім жырақ…» (Шәкәрім) дейтін кетіс сияқты. Сонда да «Көк

  • Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    “Сұхбатты” енді ғана оқып шықтым. Әзірге, сипаты туралы аз сөз: Әлбетте, бұл – журналистика стандарттарына сай, шынайы, нағыз сұхбат емес. Конституциялық құқығы тең, екі саналы азаматтың өзара пікірлескен, еменжарқын әңгімесі емес. Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка. Пәленбай адам түзеп-күзеген, ананы да, мынаны қамтуға тырысқан, аяғында жаны жоқ мәтіндер жиынтығы туған. Тоқаев айналасындағыларға: “осыншалық жасанды кейіппен халық алдында көрінуім ұят болады, қойыңдар, айналайындар, қателессем де өз болмысыммен шығам” деуге түсінігі жетпегені өкінішті. Былтыр “Егеменде” “сұхбаттасқан” Дихан Қамзабек те, биыл “Ана тілінде” “әңгімелескен” Ерлан Жүніс те, кешіріңіздер, ешқандай да интервьюер емес. Иә, біреуі терең ғалым, екіншісі тамаша ақын, бірақ, өмірінде бір

  • 1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді. Тосмен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп құпиясын ашқанымен көне түрік тілін білмеуші еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған… 25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын!

  • ОТАМАННЫҢ АҚЫРЫ

    ОТАМАННЫҢ АҚЫРЫ

    Шағын сараптама (Жанабіл Смағұлұлының қазасына арнаймын) Бірінші, ХХ ғғ.-дағы Қытай қазақтарының интеллигенциясын үлкен масштабта үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең 1911-12 жылдардағы саяси төңкерістен кейін қалыптасқан қазақ интеллигенция. Бұл кезеңдегі интеллигенцияны екі санатқа бөліп қарастыруға болады. 1) Рухани ағартушы интеллигенция; 2) Саяси интеллигенция. Рухани ағартушы интеллигенцияның өзін екі топқа бөлуге болады: бірінші топ, жәдиттік мектептің ағартушылары; екінші топ, қазақы дүниетанымның ағартушылары. Ал, бұл кезеңдегі саяси интеллигенцияны да екі топқа бөліп қарастыра аламыз. Бірінші топ, қазақтың дәстүрлі саяси билік жүйесі негізінде қалыптасқан саяси интеллигенциясы; екінші топ, 1914-1922 жж. шығыстық білім беру жүйесі негізінде қалыптасқан саяси интеллигенция. Екінші, шығыстық білім беру жүйесінің интеллигенциясы 1912 жылғы Пекинде өткен президент сайлауынан соң қалыптаса

  • Шоқай Торғайұғлы

    Шоқай Торғайұғлы

    “Ақмешіт уезінде белгілі қазақ ақсақалдарынан Шоқай Торғайұғлы 23-нші декабрде опат болды. Қазақша атқа мінген жұрт кісісі болғанның үстіне өнер, білімнің керектілігін ерте сезіп, заманға лайық істерге кіріскен адам еді. Мұстафа деген баласы осы күні Петербор университетінде оқып жүр” “Қазақ” газеті, №46, 1914 жыл Суретте: Шоқай Торғайұлы. Сурет Н.Гродековтың кітабынан алынды. Серікбол Хасан

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: