|  |  | 

Көз қарас Қазақ шежіресі

ОКОПТЫҢ ҚАЙ ЖАҒЫНДА СОҒЫСҚАНДЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН МАЙДАНГЕР ҚАЗАҚТЫҢ БӘРІ ҚЫМБАТ!

Жеңіс күні құтты болсын!

9 mamir

Екінші жаһан соғысына жалпы халқы 1,7 миллиард адамды құрайтын 61 мемлекет қатысты. 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан халқының саны 6,2 миллион адам еді. Қазақстаннан майданға 1,5 миллиондай адам қатысса соның тең жартысына жуығы майдан даласында опат болды. Республикадағы моблизациялаудың пайыздық деңгейі аса жоғары болды. Майдан мен қорғаныс өнеркәсібіне республикадағы әр төртінші тұрын жіберілді. Екі майданда ұрыс қимылдарын жүргізіп жатқан фашистік Германияда моблизациялық көрсеткіш 12 пайыз болса, шалғайдағы қазақ жерінде моблизациялық көрсетіш 24 пайызды құрады.

Қазақстанда құрылған 12 атқыштар және 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге тарта дербес полк алғы шепке аттанды. Бұлардың ішінде үш кавалериялық дивизия мен екі атқыштар бригадасы қазақ ұлттық құрамалары ретінде жасақталды. Қазақтар Мәскеу қорғанысы, Ржев түбіндегі шайқаста, Сталинградтағы арпалыстарда, Курск иініндегі қырғынға, Днепрден өтуде, Берлинді алуда қайсарлық пен қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсетті. Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағы 28 миллион адамынан айырылды. Кейбір деректерге қарағанда бұл шайқастарда орыс халқы өзінің 6 пайызынан, украиндар 8 пайызынан, ал соғыс бастаған Германия немістер халқының 10 пайызынан айырылған көрінеді. Ал жерінде соғыс қимылдары жүрмесе де біздің қазақ халқының берген құрбандығы 12 пайыз!

Уақыт көші алға жылжып, Екінші жаһан соғысы алыстаған сайын біздің қазақ халқы үшін сол шайқастардың тарихы құндылық тұрғысындағы мәні өзгере түседі. Мынау «неміс жағы», мынау «біздің жақ» деген ұғымдар ескіріп барады. Екінші жаһан соғысын бастаған қазақтар емес. Олар тағдыр тәлкегімен бұл ұрыстарға амалсыз қатысты. Соғыс машинасының құрбандықтарына айналды. Сол соғыстарда мерт боған мұсылмандардың бәрі – шахиттер.

Сондықтан бүгінгі Қазақ халқы үшін мейлі Қызыл Армия қатарында, мейлі Түркістан легионы қатарында болсын, окоптың қай жағында тұрғандығына қарамастан сол шайқастарға қатысқан ата-баларымыздың бәрі қымбат. Өткен ғасырдың 80,90-жылдарында іссапармен Германияда, Францияда, Түркияда, АҚШ-та болған кездерімде қызыл қырғынға қатысқан әлденеше қандастарымызбен кездестім. Бәрі атамекенге оралуды армандап, ақыры жат жерде сағынышпен көз жұмды. Әрқайсысы – аянышты тағдыр.

Біз күллі майдангер қазақтарымызды ұмытпауымыз керек.Олар өз уақытының жауынгерлері болатын. Жеңістің қуанышы мен бірге жеңістің есепсіз қайғысы да көп. Мұндай алапат соғыстар енді қайталанбасын!
Баршаңызды Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймын!
(Марат Тоқашбаев. «Жеңіс қайғысы» кітабынан).

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: