|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Тарих

Балқан елдерінің ескерусіз қалған ерлері

Сол жақта тұрған адам - контр-адмирал Владимир Варович. 1989 жыл.

Сол жақта тұрған адам – контр-адмирал Владимир Варович. 1989 жыл.

1992-1995 жылдардағы Босния соғысында адамзатқа қарсы қылмыс жасаған Радован Караджич қана емес, жазықсыз халыққа оқ атудан бас тартқан Варович пен Дивяк сияқты әскербасылар да болды.

1991 жылы қыркүйектің 29-ында контр-адмирал Владимир Варович Югославия армиясындағы басшылықтан Хорватия жағалауын атқылау туралы бұйрық алады. Адмирал бұйрыққа бағына алмады, бірақ оны орындауға міндетті екенін түсінді.

КОНТР-АДМИРАЛ БАРОВИЧ

Варович одан бұрын армияны Пула портынан шығару туралы келіссөз жүріп жатқанда: «Жауапкершілік менің мойнымда тұрғанда ешқандай талқандау болмайды. Егер Пула мен Истрияны жою туралы бұйрық алсам, жауапкершілікте бас тартамын» деген еді.

Хорватия жағалауын атқылау туралы бұйрық берілген кезде Барович уәдесінде тұрды – флотының қаруын хорват жағалауына бағыттаудың орнына өзіне қарата атып, өмірімен қоштасты.

Барович ең үлкен құрбандыққа барды: басқалардың өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін қиды. Ол өлер алдындағы жазбасында өзіне және еліне ешбір жамандық жасамаған хорват халқына шабуылдау офицер ретінде беделіне және черногориялық ретінде атына кір келтіретінін жазған.

Студенттік жатақхана Караджичтің атымен аталған, ал Баровичтің атында көше немесе ғимарат жоқ.

Бұрын Югославия құрамында болған елдерде қазір әр бала босниялық сербтердің жетекшісі болған, Гаагада геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін сотталған Радован Караджичті біледі, бірақ адмирал Барович туралы естігендер аз. Паледегі студенттік жатақхана Караджичтің соғыс кезінде штаб-пәтері болғаны үшін соның атымен аталған. Ал Черногория, Хорватия немесе Сербияда Баровичтің атында көше немесе ғимарат жоқ.

Өзіне қол жұмсап қаза тапқан кезде Барович 52 жаста еді. Оның ажалы туралы Далмация газеттері жазды, France Presse агенттігі қысқаша хабар берді. Черногориядағы Херцег-Новиге жерленген адмиралдың қазасы туралы айтылмады. Сол кезеңде оған таң қалудың керегі жоқ еді. Бірақ Варовичтің қоғам алдында лайықты орнын алмағаны жүрек ауыртады.

Сол оқиғадан ширек ғасыр өткен соң «Азаматтық альянс» үкіметтік емес ұйымы Черногория астанасы Подгорицада адмирал Баровичтің құрметіне кампания өткізіп жатыр. Олар ел президенті Филип Вуяновичтен Баровичті өлгеннен кейін берілетін атаққа ұсынуды сұрады, бірақ әлі ешқандай жауап келмеді.

ГЕНЕРАЛ ДИВЯК

Халқының абыройы мен беделін сақтап қалу үшін көп еңбек еткен армия офицерінің бірі – генерал Йован Дивяк. Белградта туған этникалық серб, Югославия армиясының офицері Дивяк 1992 жылдың сәуірінде Боснияда соғыс оты тұтанғанда бірнеше ай бұрынғы Баровичтің халін құшты.

Югославия армиясы мен серб әскері Сараево маңына жиналып, бейбіт тұрғындарды ату туралы бұйрық алғанда Дивяк өз таңдауын жасады. Ол қаланы қорғаушылар сапына өтіп, біраз уақыттан соң қоршауға түсіп, сыртқы әлемнен оқшауланып қалады. Сол кезеңде оның бұл әрекетін өз өміріне қастандық жасау деп түсінуге болар еді, себебі қарулы серб күштері әлденеше есе мықты болатын.

Таң қаларлығы, Сараево қанды қырғыннан аман шықты – Дивяк та тірі қалды. Караджич пен Младич бүкіл Боснияда қанды із қалдырса да, жеңіске жетпеді. Соғыс пен қоршау тағы үш жарым жылға созылды, осы уақытта Дивяк Босния армиясы қолбасшысының орынбасары болды.

Оның іске араласпай қалуына болатын еді, бірақ өздерінен күші басым және қатігез жауға қарсы тұру үшін аянбады. Сербияда оны сатқын деп жариялап, жалған айыппен тұтқындауға бұйрық берілді. Йован Дивяк 2011 жылы осы сербиялық ордер негізінде Венада тұтқындалды. Ол Австрия түрмесінде бірнеше күш отырды, кейін үйқамақта болды, аяғында толықтай ақталып шықты. Австрия соты оған қарсы тағылған айыпты растайтын ешбір дәлел таппады.

Бұрынғы Босния армиясының генералы Йован Дивяк.

Бұрынғы Босния армиясының генералы Йован Дивяк.

 

Дивяк қазір Сараеводағы үкіметтік емес ұйымда жұмыс істейді, соғыста әкесінен айрылған босниялық балаларға стипендия тағайындаумен айналысады. Дивяктың арқасында сербтер соғыстан кейін Сараевода ұялмай тұруға мүмкіндік алды десек, өтірік айтпаған болармыз.

Ең қиын сәтте ол дұрыс шешім қабылдай білді. Менің серб әріптестерім Сараевода зеңбірекпен атқылауды басқарып, 2011 жылы Сербия үкіметі ақтап алған генерал Младич емес, генерал Дивяк құрметке лайық екенін қашан түсінеді?

Азаттықтың Балқан қызметі Дивяктан Австрияда тұтқындалған кезінде күнделік жүргізуді сұрады. Сондағы бір жазба есімнен кетпейді. «Біздің Балқан түбегі – қайғылы әрі бақытсыз жер. Бақытсыз дейтінім – әлемнің ықпалды күштері, алып державалары оны сан мәрте жаулап алады, қайта босатады, ал қайғылы дейтінім – оның тұрғындары басшыларының айтқанына оңай көне салады» дейді Йован Дивяк.

Дивяк қазір Сербияға отбасын көру үшін де бармайды, себебі оны дереу тұтқындайды. Жаппай қырып-жоюға қарсы шықса да, оны бұрынғыдай сатқын санайды. Сараевода оны қарапайым адамдар қатты құрметтейді, бірақ Босния армиясының басшылығы мен үкіметі немқұрайды қарайды. Балқандықтардың нағыз қаһармандарын тани алмай отырғаны мұңды да бақытсыз көрінеді.​

Гордана Кнежевичтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан. 

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    NU математика тобы үшін ғана емес, жалпы әлемдік математика қауымдастығында маңызды жаңалық. Әріптестеріміз 12 өлшемді евклидтік кеңістіктегі kissing number үшін жаңа төменгі шекара тапты. Бұған дейінгі төменгі шекара 840-қа тең болатын және оны британ математиктері Джон Лич пен Нил Слоун 1971 жылы дәлелдеген еді. 55 жыл бойы математиктер бұл нәтижені жақсартуға тырысып келді. Енді ол нәтиже жақсарды: 12 өлшемде kissing number кемінде 841-ге тең. Жаңа нәтиже терең математикалық идеялар мен қуатты GPU-есептеулердің үйлесімі арқылы алынды. Сфералық кодтар мен шарларды тығыз орналастыру теориясының жетекші мамандарының бірі, MIT профессоры Henry Cohn (Maryna Viazovska-мен бірге 24 өлшемдегі әйгілі жұмыстың авторларының бірі) осы саладағы негізгі ақпарат көзі болып саналатын сайтты жүргізеді. Henry Cohn 12

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: