|  |  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

АЛАШ БОЛМЫСЫ

Қаржаубай САРТҚОЖАҰЛЫ,

тарих ғылымдарының докторы,

профессор, түркітанушы

 

Алаштың теориялық анықтамасын алаштанушылар бере жатар. Мен өз басым Алаш қайраткерлерінің әр саладағы еңбегімен танысқаннан кейін мынаны түйдім:

Алаш – елшілдік, мемлекетшілдік, ұлт боп ұйысу, қазақ мемлекетін орнатып, билік жүйесін қалыптастыру.

Алаш бағдарламасы – Алаш жолы: екі-үш мыңжылдық тарихпен сусындап, содан ләззәт, үлгі алып, қатеңді түсініп, келешекке батыл қадам басу.

Алаш жолы – қазақ ұлтын жаңғырту, өсіп-өркендеу, басқалармен терезе тең өмір сүріп, ұрпақты, ұлтты, тарихты мақтан ету.

Алаш жолы – ұлт бірлігі, тіл бірлігі, идея бірлігі, рухани және дәстүр бірлігі.

Алаш жолы – бір сүйем жеріңді, қасиетті топырағыңды жаттың табанына таптатпау.

Алаш жолы – қазақ отаны үшін, қазақ жері үшін жанын құрбан ету.

Алаш партиясының бағдарламасында қазақ жерінің астындағы, үстіндегі бар байлығын тек қазақ халқының мүддесі үшін қажетке жаратылатыны айтылған.

Ендеше, бүгінгі күннің міндеті: Алаштың осы идеясы орындалды ма, жоқ па – осыған жауап беру.

Елшілдікті, мемлекетшілдікті Алаш зиялыларынан үйрену керек. Солардың ұстанымы бүгінгі биліктің негізгі бағдарламасы болуы тиіс. Биліктегі азаматтардың біразы өз тілін білмегендіктен, өз тарихымен таныс емес болғандықтан, қағынан жеріген құландай.

Ұлт тарихынан түсінігі жоқ басшы ұлт психологиясын, дәстүр-салтын білмейді. Сондықтан да тамырсыз шенеуніктер бүкіл елді қазаққа жат жүйемен, психологиямен басқарып отыр. Осының кесірінен билік пен халық арасы тым алшақтап кеткен. Бұлай кете берсе, мемлекетті қатердің аңғарына құлатады.

Бір миллиард үш жүз миллион халқы бар көрші Қытайда басшылыққа кадр таңдағанда, 3 мың жылдың 25 тарихын жетік білгендер ғана алынады екен. Тарихын білмеген адам ел басқара алмайды.Dyhan Q

Әріптесіміз Дихан Қамзабекұлы туралы айтар алдында ол зерттеп жүрген Алаш тақырыбы бізді де талай ойларға жетелейтінін жеткізгіміз келеді. Біз, Отаннан жырақта туып, Қазақстанның арман-мүддесін бір сәт те ұмытпаған азаматтар, шетте жүріп Алаш жолымен жетілдік, Алаш мирасымен туған елімізді таптық. Сондықтан бүгінгі қай мәселеде болсын ашуымызды да, сезімімізді де «Алаш» деп сабырға шақырамыз.Displaying Хабарга сухбат.JPGDisplaying Хабарга сухбат.JPG

Қазіргі 40-50 жастағы, дәлірек айтсақ, Диханның қатарластарының ғалыми әлеуеті мықты. Әсіресе, жаратылыстану, техника-технология саласының мамандары ешкімнен кем емес. Қаржысын берсең, бәрін де қолмен қойғандай орындап береді.

Қоғамтану бағыты немесе гуманитар ғалымдар да басқалармен терезесі тең. Тіл білімі, әдебиеттану, тарих зерттеушілері теориялық, методологиялық білімі жеткілікті. Өткен 25 жылда ұлттың рухани байлығын молайтып, жаңғыртуға, ұлт санасын дамытуға көп күш салынды. Нәтижесі жаман емес, қазақ өзінің қуатты ұлт екенін сезінді.

Көне тарихымыз тым тереңде көміліп қалған. Оны экскаватормен жер қопарғандай аршып жұмыс жасау керек. Бірақ оны біліп, қолдайтын биліктегі шенділер қайда? Тарихшылар Қазақ хандық тарихына жаңадан кіріп жатыр. Қайнары мол, құпиясы терең.

Алаш тарихына азаматтарымыз қалам таратқалы біраз болды. Көп нәрсені халыққа жетті. Том-том еңбектер жарық көрді. Осыны насихаттау, қоғамның қажетіне жарату мәселесіне келгенде, көңіліміз орта. Бұл тарих Қазақ хандық тарихымен бір деңгейде мектеп оқулығына енгізілуіне, ұлт мүддесіне қуатты қызмет етуіне мүмкіндік жасалмай келеді.

Қазіргі 40-50 жас аралығындағы ғалымдар алғаш тәуелсіздік алған кезде 20-25 жастағы жігіттер ғой. Кеңестік мектептен өткен. Соның ең соңғы өкілдері. Бұлар тәуелсіздіктің алғашқы кезінде не істерін білмей мәңгіріп қалды. Билік тарапынан кеңестік идеологиядан сауықтыру, тазалау жұмысы жүргізбегендіктен, білім, білігі жеткілікті мамандар аяғын тартып қалды. Уақыт өте қоғамдағы белсенді топтардың байыпты да байсалды ой-пікірлерінен кейін, жаңа санаға біртіндеп дағдылана бастады. Дегенмен әлі де жігерсіз, жалтақ, батыл емес. Әр ісін, жүріс-тұрысын бақылап, тың тыңдап барып, сақ қозғалады. Батырып айтып, батыл қимылдау жоқ.

Алаштанушы, профессор Қамзабекұлы Диханның азаматтық, адамдық болмысына келсек, оның өсуі мен танылуының да өзіндік жолы бар.

Тәуелсіздіктің алғашқы 10-15 жылында еліміздегі зиялы қауым ортасында екі топ пайда болды.

Біріншісі – кеңестік дәуірдің талғамынан шыға алмай, ой-санасы буылып, биліктің аузына қарап бүгежектеген топ. Бұл топ әлі де өз ұстанымынан айырылмай, жалғасып келеді. Бір қуанарлығы сапасы сұйылып, саны азайып барады.

Екіншісі – жас мемлекеттің идеологиялық және рухани буынын бекіту үшін «не істеу керек?» деген жауапкершілігі аса ауыр мәселеге саналы түрде ойланып, бірден іске кіріскен топ. Бұлар билікке жалтақтамай, қоғамды ағартуға белсенді атсалысып, ойлы сөйлеп, орайлы ұсыныс айтып жүр.

Осы екінші топтың алдыңғы легінде Дихан Қамзабекұлы да жүр. Бұл топ бодандық дәуірдегі ұлттың есесін қайтару мақсатында тегеурінді еңбек етіп келеді.

Алаш тарихы – ұрпақ жалғастығы, ұрпақтың рухани сабақтастығы. Жоғарыда Алаштың негізгі идеялық бағыттарын айттық. Ғаламдық өлшеммен қарағанда, кішкентай жер шарында қазақ ұлты сақталатын болса, соның мемлекеттік бағдарламасы ретінде Алаш ілімін қабылдап, халықты, болашақ ұрпақты сол жолмен шыңдауға тиістіміз. Осы істе Дихан бауырымыз ширек ғасырдан бері ғылыми табандылық, азаматтық саламаттылық танытып келеді.

Алаш зиялыларының елшілдігі, мемлекетшілдігі, өмірдің түрлі жағдайындағы ұстанымы – Дихан Қамзабекұлы зерттеулерінің асыл нысанасы. Ол әр мақаласында, кітабында Алаш құнылығын дәлелдеуді, түсіндіруді, талдауды мақсат етіп қойған. Оның тек қана Алаш тұлғалары мен руханияты тақырыбында 8 монографиясы, 20-дан аса жинағы жарық көріпті.

Дихан мырза алаш заманын ғана зерттеумен шектелген жоқ. Осы тақырыппен жұмыс жасай жүріп оның рухы, іс-қимылы, арман-мүддесі, тәні мен жаны бүкілдей алашшыл болып қалыптасқан. Ұлтқа, ұжымға, адамға деген махаббаты, қарым-қатынасы, ұстанымы, ниеті еш қоспасыз Алаш зиялылары болмысымен ұштасып, қалыптанған.

Сондықтан да «ұлттың рухани жаңғыруында зиялылар үлгісі қайсы?» дегенде Дихан бауырымыздың кітабына да, еңбегіне де, адамдық бітіміне де қараймыз.

Әдетте бәріміз көп балалы отбасынан шыққан азаматтарды жақсы көріп тұрамыз. Өйткені, бәріміз сондаймыз. Дихан да сондай отбасында туып, жақсы тәрбие алған. Сондықтан көпшіл, әрбір адамды туған бауырындай жақын тартып қабылдайды. Басшымын деп кекірейіп отырғанын көрген жоқпын. Оның алдына кім келсе де, болмысымен күліп шығады. Осы көріністің өзі Диханның қандай азамат екеніне жауап беретін сияқты. Қандай проблеманы болсын майдан қылшық суырғандай ың-шыңсыз, айқай-шусыз орнына қояды. Оның тағы бір ерекшелігі – модераторлық шеберлігі. Еуразия университетінде республикалық, халықаралық түрлі жиындар өтіп жатады. Осыны 100 пайызын Дихан бауырымыз жүргізеді десек, қателеспейміз. Жүргізгенде қандай қылып жүргізеді дейсіз ғой. Кейде таңқаламын, тыңдармандар мен мінберге шығып сөйлейтін шешендерді бір нысанаға жіпсіз байлап беріп, шешеннің беделін көтере, кейде реплика жасап, екі тарапты да көңілдендіріп, залдың аурасын жеңілдетіп береді. Шебер модератор дегеніңіз осындай-ақ болар-ау!

Дихан бауырымыздың 50 деген ердің жасына ер салуымен құттықтай отырып, «Жолың Алаштың ақ жолындай болсын!» деймін.

kerey.kz

 

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: