|  | 

Әдеби әлем

БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ЫСТЫҚ – СУЫҒЫ

 001e9095d6890e1d1af90b(Лаушы өмір-баянынан үзінділер)

  Авторы: Лаушы

Бейпиңде туылыппын,  үш жасымда әкемнен айырылдым,  әкесіз өстім деуге де болады. Білім алуға ниет байлаған жылдары,  патшамыз жоқ,  бекісз деугеде тұрарлық. Әкеміз де,  патшамыз да жоқ. Шешеміз Ерекше қамқор жан болды,  ол кіснің ізгілігін өмір бойы ұмыта алмаймын. Бала кезімде таң дәуірінің үш жұз өлеңін оқыдым,  толық түсінуге құлықты болмадым. Соңынан педагогика оқып,  болашақта ұстаз болуға негіз қаладым.

Мен ең соңғы айдың ( ескіше кәлендір,  жаңаша кәлендір бойынша ақпан айы. -ауд )  жиырма үшінші күні бесін уақытында дүниеге келдім,  бүкіл бейжиңдегі адамдар,  мұның ішінде патша және уәзірлерде бар,  барлығы ошақ перісін1 ұзатып салған сәтте туылыппын!

 

Бірінші тарау   «Жастық »

 

******

 

( бұл тарау негізінен  «Қызыл жалаулылар қосынынан » 2 алынған,  хузычиың «Лаушының тұрмысы және өмірбаян жазбалары. Соңғы естеліктер»  де ;   ««Қызыл жалаулылар қосынында»  лаушының тағдыр-кешірмелерін,  семиәлық жағдайын және балалық шағын түсінуге өте зор септігін тигізеді,  әрине бүге-шігесіне дейін барлығын шын деп сеніп қалмаңыз. . . Кішкене артықтық етседе,  үлкен ықпал жасамайды. Лаушы дүниеге келіп,  хыристан дініне сенуден бұрын ” шу чиң чұн” деген атын ғана істеткен. 3 )

 

Ошақ перісі аспанға кетті,  керсінше мен жерге түстім!

 

Ол дегеніңіз атақты ушұй жылдары еді ғой!

 

Дүниеге келген кезімде,  әкем патша ордасының әлдебір бұршында күзетте тұрыпты.

Ежелден Ерлер сыртта жүрмей,  әйелдер ошақ персіне тасаттық бермейді. Апайымыз жесір еді,  анам және екінші әпекем де әйел заты ғой,  мен әрине ер адаммын,  бірақ жауапкершілікті атқара алмадым.

***

 

(нақтылы жағдайға қарағанда,  ‹қызыл жалаулылар қосынында› ғы екінші әпеке деп отырғаныасылы лаушының үшінші әпекесі) .

Анам маған босану үшін,  қан көп кетіп,  талқсып кетеді. Бақтықа жарай үлкен әпекем деркезінде келіп үлгіреді. Анам есінен танып жарым түнде көзін ашып,  өзінің тұңғыш ұлын көреді. Үлкен әпекем мені бауырына қыса отырып,  бір жағынан шешемнің ес-ақылын жия алмай жатқанына көз жасын көлдетсе,  бір жағынан кішкентәй бауырының туылғанына қуанып қалады.

Екінші әпекем үйдің сыртына жалғыз тұрып алып,  әлсіз үнмен жылап жібереді. Күн өте суық,  үлкен әпекем мені қойынына қыспағанда,  менің өміршеңдігім қанша зор болсада,  бәлкім анталаған көп қатерден құтылмас едім.

Анам мені босанғанның Ертеңінде,  денсәулығы соншама қауқарсыз әлсіз,  Ернінде қан-сөл жоқ болсада,  ол және де алаңдамай тұра алмады. Жайшылықта анам қаншама қамығып,  қиындық көрседе,  басқа семиәләрдің торқалы той,  топырақты олымынен қалып көрмегенін өзі біледі. Алқазір,  ол ‹ тұңғыш › ұлды болды,  жақын достары қалайша келіп оны құттықтамасқа? ?  жұртшылық келіп жатса,  несімен қарсы алады? ?  әкем әлі жұмыстан түспеген,  1 айдағы ақша,  астықты әлі таратпаған. Әкемінің қарындасынан көмек сұрайды,  кешіріңіз. Екінші әпекеммен ақылдасады,  кішкентәй қызда не ақыл бола қойсын. Жанындағы арық әрі әлісз тіпті оның өмірін жұда ете жаздаған ‹ тұңғыш › ұлына жанары түскенде,  амалы таусылып көзінен жас та ыршып кетеді. Екінші күні тәңертең,  екінші ағамыз фухай үлкен нағашы апамызды сүйемелдеп келіп қалады. Ол анамның не айтатынын білетін. «Сіз алаңсыз болыңыз,  бәрін маған тапсырыңыз!  Ертең үш күндігін4 құттықтаймыз,  нағашы әжелеріміз бен әпекелеріміз болып барлығы тоғыз-он адам келеді,  бұл араға шай құйып,  темекі әкелуге екінші қарындасым ие болады. Мен аспаз боламын,  екі тосыт арақ,  бір тәлеңге бұршақ қуырмашы,  қой еті қшықыл көктат сорпасы,  дәмді дәмісзі керек емес,  ыстық ішіп күш жинаймыз. Жарайма? ?  суретті кәртә ойнайтындар5 ,  төрт қосақ теңге ақшаға бір қазан. Сіз титтей де алаңдамаңыз,  бәріне мен бармын!  аяқтағасын,  бір айтқанымды орындайсыз,  мүлде сізді қинамаймын! “

Ол кісінің расында өнері бар,  менің үш күндігімді құттықтағанда әрі үнемшілдік істетпекіші,  әрі ‹ шешемнің принцыптерыне› де қиғаш келмеуді іске асырмақшы.

Дәл он екіде,  тамылжыған күн Нұры мен өкпек жел бай нағашы әжемізбен бен ол ксінің ішін кернеген құттықтау сөздерін біздің үйге әкеліп кіргізді. Бай нағашы әжем сәкінің үстінде малдасын құрып отырды,  кең жиекті ( екінші ағам әкелген)  қола местің түбіне ұмашталған ақ үйеңкі жемісі бар ашты су құйылды,  ыстық буы бұрқырап тұр. Жосынға қатысқан үлкен апайлар,  келіндер,  алдымен  «Астауға қосты» ,  біраз қола жармақтарын ыдыстың түбіне салып,  тілек сөздерін де айтсып жатты. Бірнеше тал жер жаңғағы,  бірнеше қызыл,  ақ жұмыртқалар,   «Тұлымды ұлдар үзілмесін»  дегендей сөздері бар баталарды да Ілестіре суға салады. Бұл ақшалар мен дүниелердің бәрі ең соңында  «Нағашы әжемізге»  тиеселі болады. Әрине,  санамасам да,  суға түскен қола жармақтардың көп емес екенін біліп отырмын. Осылай болғандықтан,  біз нағашы әжеміздің дәрежесін кішірейте отырып,  ортаға өзі шыққанына рахымет айтпай тұра алмас едік,  сонымен бірге ол кіснің тудырған әлегінің аз емес екеніне де дәлел жетерлік болған еді. Бір жағынан жуындырып әрі сөйлей жұрып,  нағашы әжеміз қанша рет қайталағанын де білмей қалған тілек сөздерді және дебір сөзін де азайтпастан айтып шықты ;

 

«Алдымен басын жуайық,  патша болсын,  одан кейін белін жуамыз,  өмір бойы биіктерге жетсін,  құйырығын жуайық,  әкім болсын,  қолтығын жуайық,  уәли болсын. »  көпшілік мұны естіп,  нағашы әжемді тіпті де құрметтей бастады. Ол кісі астаудағы қола жармақтардың көп емес екенін әбден біледі,  ал тілек сөздерді әлі де тұп-түгел айтады,  ешқандай қара құрықтық та істетпеді,  шынында оңай емес!  әрине,  кейін келе мен аудан әкімі,  уәли де болмағаным үшін,  ол ксінің бүкіл денемді тап-таза қылғанына қайтып ғана рахымет айтпайын,  бірақ аудан әкімінен,  уәлиден де тазалау болуым мүмкін

 

Жуып болып,  бай нағашы апам жемжеміл жапырақшасымен дәл төбемді және денемнің негізгі буын- буындарын ыстады. Сондықтан да,  алпысты еңсергенге дейін буын қабыну ауыруынан азат болып келдім. Нағашы апам тағы да,  бір жапырақ қара бұлды,  жасыл шәйға дымдап алып,  тіс кемігімнің түптерін батыра ысып берді. Сол кезде іште жатқан мұңымды,  көз жасыммен қосып,  парлатумен болдым,  бірақ,  бұл жылауым жақсылықтың нышаны болып шыға берді.

Бұл жәйтті үлкен апайларым ”тегененің сылдыры“Деп атасады. Ал бастан- ақыр қасарысып жыламаған,  жақсылықтан шет қалған балалардың қалай болатынын біле алмадым. Артынан бай нағашы апам қолына бір тал сарымсақ алып,  мені үш рет тартып кетті,  ішінен:  ” зерек бол,  сұңғыла бол!  “– Деп ауызын жыбырлата берді. Ол кісінің бұл ырымы да,  келгендей болды деп ойлаймын,  үйткені,  кей- кездері мен сол сарымсақтай зерек болып кетемін.

Ол әкем үйдің төбесіне лақтырып жіберген сарымсақ болса керек. Сол бір қысылтаяң сәтте,  әкем де қайтып келді. Үйде болып жатқан қарбалас жәйді бейнелеп беру расында қиын еді,  әкем үйге кіріп келгенде,  көпшілік жапа- тармағай шұйншы сұрап жатты. Әкем қанша амандасып,  қанша рахымет айтқанын өзі де білмейді,  бірақ,  көзін бастан- ақыр сәкіден айырмады.

Мен әкемнің сараптауынан өткемін,  бойыма жұққан жаман әдетім жоқ,  ақ үйеңкі жемісі мен изеннің ашты дәмі және жұпар исі денемнен аңқып тұр.

Шашым көп те емес,  ұзын да емес болғанымен,  бірақ жаңа ғана тарадым. Әкем өте разы болып,  ақыры аяққаптың ішіндегі екі қосақтан артығырақ жармақтарды да бай нағашы әжеме берді.

 

***

 

 

. 1ошақ перісі- жұңгоның көне миыфтерындегі ас-су құдайы. Ауд

 

. 2 «Қызыл жалаулылар қосыны»  лаушының өз өмірбаянін кірістірген романы. Өкінштісі алпысыншы жылдардағы саяси себептерден аяқталмаған. -ауд.

. 3  түсіндірмелерді лаушының жұбайы хужиешиң жазған. -ауд

 

. 4  бала туылғаннан кейін үшінші күні туыс-туған жиналып баланы суға шомылдыру салт-дәстүрін меңзеп отыр. -ауд.

. 5сол жылдары ойналатын ұзыншақ келген қағаз парақшаларына сурет басылған бір тұрлы ойын тұры. -ауд

 

 

***

 

Бұл аударма  «Қытай қазіргі заман әдебиеті таңдамалылары жобасының»  алғашқы топтамасы  «Лаушы томынан»  алынды. Пекин,  Лантиян баспасы,  2003 жылы наурыз.

Еrzat r

 Аударған : Ерзат Еркінұлы

kerey.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: