|  |  | 

Тарих Тұлғалар

Шоқан Уәлихановтың Шинжияңға сапары

Шоқан Уәлиханов XIX ғасырдың орта шенінде Шинжияңға екі рет маңызды сапармен келген. Бұл сапар оның ғылыми еңбегінің дамып өркендеуіне өріс ашып қана қалмастан, тың да бейтаныс өлке құшағында үн-түнсіз жатқан тарихи мұралармен таңғажайып деректерді адамзат мәдениетінің алтын қорына қосуына да орай тудырды. Білімге деген құштарлық Шоқанның өмірін міне осындай саяхатымен мәнді еткен-ді.

«Менің саяхатымды» деп жазады Шоқан Уәлиханов: «жүрген жерімнің сипатына қарай екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең Жоңғариядағы бірінші рет 1856 жылы сапарда болуым. Онда полковник Хомевскийдің Ыстықкөлге жасаған бірінші экспедициясына қатынасым. Содан соң Құлжада үш ай тұрдым, Жоңғарияда бас-аяғы бес ай болып, бұл өлкенің Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі аймағын түгел аралап шықтым».

Шоқан Уәлиханов осыдан кейін 1858 жылы Қашқарда экспедициялық сапармен 6 ай жүрді. Ол Тян-Шань мен Ыстықкөл бассейіні қырғыздары арасында ғылыми ізденіспен жүргенінде Петерборда Шәуешек қаласындағы орыс пакториясын өртеп жібергеннен кейінгі қытаймен үзіліп қалған сауда қатынасын реттеуге қытайлармен келіссөз жүргізу үшін «айырықша адамды» Құлжаға аттандыру мәселесі шешіліп жатқан-ды.

Қытаймен болған сауда-сатықты қалпына келтіріп, талас-тартыс тудырған мәселелерді шешу сынды күрделі дипломатиялық мәселе осылайша Шоқан Уәлихановқа тапсырылып, 1856 жылы Құлжаға аттанады. Жолшыбай қытайдың бірнеше бекеттеріне соғады. Шоқанға сыртқы істер министрлігі нұсқау беріп: «Барлық әрекеттер Құлжадағы консулмен кеңесіп жүргізілісін! Мақсат – достық жолмен келісімге келіп, үзілген байланысты тездетіп қалпына келтіру» – деп тапсырылады. («Шинжияңның қысқаша тарихы» 2 бөлім, 47-48 беттер).

1954-1955 жылдары Россияның Тарбағатайдағы тұңғыш консулы Татаринов және саудагер атын жамылған бір топ адамы қытайдың ішкі ісіне килігіп, Тарбағатай өңіріндегі Жарғыты алтын кенін тартып алмақ болады. Қытай кеншілерінен ілгерінді-кейінді 200 адамды атып өлтіреді.

Бұл іс Шинжияңдағы ұлттардың қарсылығын қозғады. 1855 жылы тамызда Тарбағатайдағы кеншілер ашуланып орыстардың сауда базарын өртеп, қарсылық білдірді. Сөйтіп Россиямен Чиң патшалығы үкіметі ортасында алауыздық туды. Бұл реткі оқиғаның туындау себебін анықтау үшін орыс үкіметі 1856 жылы тамыз айында Ілеге келіссөз жүргізуге адам жіберді. Келіссөз тамыз айынан қазан айына дейін созылады. Бұл келіссөз жұмысына Шоқан Уәлихановтың келгені белгілі. Құлжада қытайлармен өткізілген бірнеше кездесуден кейін, үкімет сауда-сатық қатынастарын реттеп, екі ел арасындағы достық байланыс қалпына түскен.

Шоқан екі мемлекет арасындағы талас-тартыс болған күрделі дипломатиялық маңызды тапсырманы ойдағыдай орындап, күздің соңғы айларында Омбы қаласына қайтады. Әлкей Марғұлан: «А.К. Гейнттің өкілдік етуі бойынша Шоқан Уәлиханов Құлжаға жасаған сапары Тарбағатай келісіміне және Құлжамен Шәуешекте консулдық ашуға негіз салған» – деп жазады.
Құлжа сапары кезінде Шоқан Уәлиханов Шинжияң халықтарының елеулі тарихи кезеңдерін, мәдениетін, көне дәуірден XVI ғасырға дейінгі мәдени байланыстарын, Тянь-Шань мен шекаралық Жоңғария халқытарының тұрмыс-тіршіліктерін естеліктеріне алады. Шоқанның Құлжа туралы жазған күнделіктері өте қызықты. Онда шекаралық Жоңғарияны мекендеген қазақ, сібе, солаң, моңғол, қырғыз, ұйғыр, қытай сияқты халықтардың тұрмысын жанды қабылдау әрі қызыға бақылау бар.

«Құлжадан бір жыршы карияны тауып алдым, одан алыста қалған жоңғар ертегілері, әндерін тыңдадым… Құлжаның көшелерінен беттерін бояп алған әппақ сұлу қыздар мінген күймені көрдім және оларсыз бірде-бір қонақасы өтпейді екен» – деп жазады Шоқан Уәлиханов.

Ол Таңбалытас (Іле өзені), Шолақтаудағы және Жоңғар қақпасы маңынан тасқа қашалған суреттерді, балбал тастардың түр-кескіндерін қағазға түсірген. Шоқан Уәлиханов Құлжадағы дипломатиялық сапарынан қайтып барғаннан кейін «Қытайдың батыс өлкесі туралы» атты еңбегін жазды.
1858 жылы 28 маусымда Шоқан Уәлиханов Қашқарияға сапарлады. Қашқария ол кезде Ресей жағынан зерттелмеген бейтаныс өлке болатын. Қоқан қандығының Қашқардағы сауда консулы әрі саяси резидентінің көмегімен Қашқарияның географиясы, тарихы, саяси жағдайы, мәдениеті жақтарындағы ерекшеліктерін зерттеу Шоқан Уәлихановқа міндеттеледі. Оның Қашқарияға барғандағы бүркеншік аты Әлімбай, кәсіби саудагер ретінде жасанған болатын. Шоқан Уәлиханов Қашқарға тек мұсылман болғандығы себепті ғана кіре алған. Ислам діні бойынша Қашқарда үш айдан артық тұрса сөз жоқ уақыттық үй ұстап, әйел алуы керек-ті.

Сөйтіп, Шоқан ұйғырдың ай жүзді, қаламқасты қызмен некеленеді. Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын 30 жыл зерттеген Сәбит Мұқанов 1956 жылы араға бір ғасыр салып, Шоқан жүрген жолдармен Қашқарға барған. С. Мұқанов «жеңгемізді» Шынаргүл дейді. Шоқанның суретші болғаны барша жұртқа аян. Оның Қашқарға барғанда салған суретінің бірі ұйғыр қызының бейнесі. Оны «Қашқар қызы» деп атайды. Мұны С. Мұқанов Шынаргүл деп атаған.

«Мүмкін бұл Шоқан Уәлихановтың қашқарлық әйелінің суреті болар» дейді этнограф Сымбат Мүталапқан қызы. «Шоқанның уақтыша алған әйелі жүкті болып, бала қалды» деген қаусеттер де бар. Бірақ бұл әлі дәлелденген жоқ.

Тағы бір айтылуда Шоқан Уәлиханов Қашқарияға келгенде сол жердің салты бойынша уақыттық некеге тұрған. Олар Шоқанға арнап 16 жастағы ең көрікті қыздарының бірін дайындайды. Оны «Шөкен» атайды екен.

Дастүр бойынша, уақыттық күйеу кетерінде қызға тақия сыйлайды. Шоқан ерекше міндетпен жүргені себепті әуелде уақыттық әйеліне көп сеніңкіремей, үй қызметшісі ретінде қараған. Кейіннен оның парасаттылығына, көркіне қызыққан. Өйіткені, уақыттық әйелі оның әдеттегі жәй ғана саудагер еместігін танып, құпиялығын сақтай білген әрі кейбір қауіптерден де сақтап қалған. Шоқанның оған көңілі аууының бекер еместігі осыдан болар. Кетерінде оны өзімен бірге алып жүре алмайды. Себебі, қайтар жол өте ауыр еді.

Ұйғыр қызы Шынаргүлды С. Мұқанов аса көрікті, хат таныған, білімді дұттар тартып, ән айтатын, Шоқанды құлай сүйген әйел екендігін жазады. Шоқан өзі туралы былай дейді: «Белгісіз жердің тарихын көп зерттеуіме мүмкіндік бермеді. Суреттерді де сыза алмадым, азғантай құпия белгілерім мен сызбаларымнан қатты сақтандым. Өзіме күдік келтірмеу үшін тіпті, үйленуіме де тура келді. Уақытша әйел алу осы жердің салты екен. Бұл жерде өткен алты айда алаңдаумен болдым».

Біз Шоқан Уәлихановтың Қашқар сапарының қаншалықты қиындығын осыдан-ақ аңғарамыз.

Шоқан Уәлиханов Қашқар сапарынан қайтқаннан кейін «Алты шаһардың жәй-жапсары» атты әйгілі еңбегін және басқа да зерттеу естеліктерін жазды. Ол кезде алты шаһар деп солтүстіктегі ТяньШань, өңтүстіктегі Күнлүн тауларымен қоршалған Қашқар, Ақсу, Үштұрпан, Иыңсары, Яркен және Қотан қалаларын атаған. Шығарма сол заман ғылымының ең жоғары деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу еді. Көп ұзамай ол Англия, Германияда жарияланады. Ф.Р. Остен былай дейді: «Материалдарды жинау үшін Шоқан Уәлиханов аянбай еңбектеніп, қажыр жұмсады. Өз халықының аңыз, жыр-дастандарын мұқият жазып алып жүрді. Орталық Азия диялектілерін зерттей жүріп, көне мұраларды қымбатқа сатып алды. Өлімге басын бәй тігіп жүріп, бұдда мұнасырларынан сирек кездесетін қолжазбаларды алды».

Сәбит Мұқанов 1956 жылы қытайға сапарлай келген орайында Шинжияңға арнайы келіп Құлжа, Санжы, Үрімжі, Қашқар қатарлы жерлерде болып, Шоқан Уәлиханов жүрген жерлерден дерек іздеген. Жамал Өміртайұлы былай дейді: «1956 жылы Санжы облыстық одақ құрылтайына қатынасып жатқан кезіміз еді. Бір күні үлкен клубқа жиналатындығымызды ұқтырды. Жиын сахынасына облыс бастығы Мамилияң ақ сары келген, зор денелі адамды бастап келіп, «бұл кісі Советтер Одағының әйгілі жазушысы Сәбит Мұқанов болады» деп таныстырды әрі сөз кезегін берді. Сәбит Мұқанов құлашын кең жайып, «Біздің жастардан сіздерге сәлем!» деген бір ауыз лебізді сөз білдіріп, сахнадан салмақты қадаммен түсіп кетті.

Кейін естісек Сбит Мұқанов Санжы қаласының ежелгі көне қала қорғанына шығып, бір уыс топырақ алады және қала сыртындағы жазықтан және бір уыс топырақ алыпты. Санжының тарихтағы көне аты «Шамбалық», қазақтың найман ханы тұрыпты. Бір жолғы жоңғарлармен болған соғыста қайтыс болған ханның сүйегі қала сыртына жерленеді. Сәбит Мұханов мүмкін осы жолы да Санжы, Манас өңірлерінен Шоқан Уәлихановтың деректерін іздеген болар.
Қытайда Шоқан Уәлиханов жөнінде зерттеу мақалалары жазылып келеді. Қапас Әсейінұлы Манас ауданы Сусатқан ауылындағы бұрын «Шоқан қыстағы» деп аталатын қыстаққа, «Шоқан өткелі» деп аталатын түбекке барып «Шоқан ат байлады» дейтін теректі және «Махаббат бұлағы» атанған бұлақты суретке түсіріп, «Үйрену және ғылым» журналына суретімен қоса таныстырды әрі Қазақстандағы газет-журнал редакцияларына журналдың 10 нұсқасын жолдап жіберді.

Қытай жазушысы Ло Яңху: «Манас ана өзенім» атты мақаласында: «Қазақтың әйгілі ғалымы Шоқан Уәлиханов экспедициялық сапармен Шинжияңда болған кездерінде Манас өзенін бойлай келіп, көрінісі көз тартатын елді мекенде біраз уақыт тұрыпты. Кейін мұндағы қазақтар ғалымның құрметіне осы жерді Шоқан атап кетіпті» деп жазады.

2012 жылы шілденің соңында Қызылсу Қырғыз обылысы Ақтау ауданында ашылған «Үш ірі дастанды зерттеу» жөнінде ашылған талқы жиынында ұйымдастырушылар келер жылы Шоқан Уәлихановтың «Манас» дастанын баспа бетінде жариялағандығының 130 жылдығын еске түсіру шарасы өтетінін айта кетті.

Кезінде патша шенеуніктері Шоқан Уәлихановтың ғылыми бастамаларына кедергі жасап, Қашқар экспедициясының нәтижелерін төмендетіп көрсетуге тырысты. Сөйтіп, Шоқан Уәлиханов кейінгі кезде патшалық отаршыл саясаттың қатыгез де айуандық әрекеттеріне орай жұмыс жасағысы келмей 1864 жылдың шілде айында М.Г.Чернияевке наразы болып Верный қаласына қайтады. Сонымен сапар барысындағы өзі танып жеткен, аяқ ізін салған жерлердегі ұлт тағдырына қатысты болған мәселелер мен қазақ даласының тұнып тұрған тың байлық көздерін, бағалы тарихи мұраларын қаламынан қағыс қалтырмай, болашақ ұрпақтарға жеткізуге құлшына кірседі.

Камшат Тасболат: «Біз Шоқанға әлі терең бара алған жоқпыз. Өйіткені, оның 5 томдық шығармаларының өзі қазақ тілінде 6 том болып енді-енді аударылып жатыр. Жалпы, Шоқанның таңбаларының танылуының өзі қиын болған. Оны жалықпай зерттеген Әлкей Марғұлан. Біз ол кісіге мәңгілік тағызым етеміз. Бұл орайда біз Шоқанның ұлылығына, ғажаптылығына, алдағы уақытта көз жеткізе аламыз деп ойлаймын. Міне бұл шаруаның басы ғана» десе, М.Дулатұлы: «Шоқан Уәлихановтың бар талабы ғылымға ұмтылып, қазақ халқына пайда келтіру, қазақ халықының тұрмысын, тарихын анықтау жолында болған. Шоқан Уәлихановтың ғұмыры ұзақ болғанда, артында қанша пайдалы нәрсе қалтыруында шек жоқ. Қазақ жайында жинаған қанша материалдарі өзі өлгеннен кейін баспаға кірмей жоғалған» – дейді.

Шоқанның көптеген қолжазбалары орыс ғалымдарының қолында кеткен, Оның қолжазбалары мен естеліктерінің қолда барын жинап, сақтап 74 жасында Шоқан қорына табыстаған Катерина Котловский деген қарапайым полияк қызы болған. Тарихшы Көшім Есмағамбетов: «Шоқан Уәлиханов Ресей империясы сыртқы барлау қызметінің офицері болды. Осыған орай әрекет етті. Рас, бараушылық жұмсының үнемі бақылауда болатынын жақсы ұққан ол басқа не айта алар еді? Бірақ, талай сырын айтып, жазып та кетті. Оның баға жетпес бай мұрасын барлаушылық қызметімен шатаструшылық та белең беріп келеді. Бұл кеңес заманында қалыптасқан үрдістерден арылмаған козқарас дейді».

Шоқан Уәлихановтың Шинжияң өңіріндегі экспедициялық сапары барысындағы құнды еңбектерінің біз білмеген тұстары әлі де көп. Шоқан Уәлиханов ғылыми еңбектерінің негізгі бір бөлімі Шинжияңдағы сапар естеліктерімен байланысқан. Тарихи себептерге байланысты осы еңбектерінің көмескіленген тұстары да бар болар.

Кейбір еңбектері жоғарыда айтылғандай орыс ғалымдарының қолында кеткен. Сөйтіп, Шоқанның еңбектері талауға түскен. Мақаламда Шоқан Уәлихановтың Шинжияң сапарына қатысты айтылып жүрген еңбектерінің біразын тере кеттім. Шоқан Уәлихановтың Шинжияң сапары барысындағы түскен аяқ іздері алдағы жерде әлі де айқындала жатар…

Мақсұт Бекетайұлы

Дайындаған: Ұларбек Дәлейұлы

Baq.kz

 

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: