ӘЛЕМ ТАРИХЫНДАҒЫ ТҮРІКТЕР ІЗІ
Ұлттық музейде Мемлекеттік және Күлтегін сыйлықтарының лауреаты, белгілі ғалым, жазушы Қойшығара Салғараұлының «Жер жаһанда арғы атаңның ізі бар» атты кітабының тұсаукесері болды. «Жер жаһанда арғы атаңның ізі бар» атты кітап автордың бұған дейін жарық көрген «Ежелгі түріктер», «Шығыстағы түріктер» және «Ортағасырлық түріктер» атты зерттеу еңбектерінің қорытынды түйіні іспеттес. Мұнда автор қазіргі таңда «түріктектес», «түріктілдес» деп аталатын халықтардың арғы ата-бабаларының естен өшкен ескі замандардағы тарихына қатысты бұрын-соңды зерттеушілер қаламына ілікпеген әлем халықтарының мифологиясындағы тарихтық, тілдік деректерді бүгінгі археология, лингвистика, генетика, тарих ғылымдарының жетістіктерімен сабақтастыра талдау арқылы өзіндік жаңа, тосын пайымдаулар жасайды. Тың ойлары оқырманын бірден баурап, қызықтырып, одан әрі оқуға жетелеп отырады. Тұсаукесер рәсімін өткізуге мұрындық болған ұлттық музей директоры Дархан
