|  |  |  | 

Көз қарас Саясат Шоу-бизнис

«Осы жолы бәрі бітеді». Сарапшы Ресейге салынатын санкцияның сұмдық құпиясын ашты

Ресейге салынбақ соңғы санкцияның салдары қандай болатынын айтып берген қаржыгер-маман Әлихан Қанапия сұмдық құпияның бетін ашты. Оның пікірінше, АҚШ Конгресі қабылдаған кезекті санкция Ресейдің саяси элитасын бекерден бекер дүрліктіріп жіберген жоқ.

Санкцияның салдары өте ауыр. Бұл туралы қаржыгер-маман Әлихан Қанапия kaz.365info.kz сайтына берген сұқбатында мәлім етті.

Өз сұқбатында маман, алдымен, доллардың қымбаттауына қатысты пікірін білдірді.

Санкция салдары…

— Қазір доллардың қымбаттауына нақты экономикалық фактор орын алған жоқ. Оның тек екі жанама себебі бар.

Бірден-бір себебі — Ресейге бағытталған жаңа санкцияның салқыны бұл.

Өйткені теңге орыстың ақшасына тәуелді. Біздің экономикамыз Ресей экономикасына тәуелді дегендей. Ресей экономикасы шындап шатқаяқтайын деп тұр. Демек, ол міндетті түрде Қазақстанға да әсер етеді. Күрт қымбаттау болмас үшін біздегілер де қазірден бастап, алдын ала доллардың басын ақырындап жіберіп жатқан секілді. Бұл — біріншіден.

Екіншіден, Қазақстанның қаржы нарығы өте спекулятивті. Онда спекуляцияға кеңінен жол беріледі. Яғни,

біздің қаржы нарығында нақты экономикалық фактор болмаса да қандай да бір сыбыстарды пайдаланып, шетел валюталары курсын қысқа мерзімге құбылтудан пайда табатындар бар.

 Доллардың 350-370 теңгеге баруы әбден мүмкін

Сондай-ақ Әлихан Қанапия доллардың әлі де қымбаттауы туралы болжамды негізсіз деп санамайды.

— Өйткені Еуразиялық одаққа мүшеміз ғой. Ал санкцияға ұшыраған Ресейдің күні күннен күнге төмендей бермек. Демек, бізді де олар төменге сүйрей береді. Бұл мәселені шешудің ұзақ әрі қысқа жолы бар.

Қысқа жолы — Еуразиялық экономикалық одақтан шығу. Қайтадан Ресеймен арадағы шекараларды жабу.

Бұл теория жүзінде мүмкін нәрсе болғанымен, оны іс жүзінде жүзеге асыру өте қиын. Ресейден құтылсақ, девальвациядан түбегейлі құтыламыз деу де жаңсақтық. Бұл арада халықтың сана-сезімі өзгермей, ештеңе өзгермейді. Адамдар өз-өзіне жұмыс істеудің маңызды екенін түсінуі шарт. Орта және шағын бизнесті өркендетуіміз керек. Экспортқа не сата аламыз, соны ойлауымыз қажет. Базар, қаржы нарығындағы жағдайларды бәріміз жіті қадағалап, оны оңтайлы пайдаланатын дәрежеге жетуіміз тиіс.

Санкция Путинді кетіріп тынады деген рас па?

„Ал Ресейге салынбақ осы жолғы санкция, алдыңғыларына қарағанда, өзгерек әрі өте қорқыныштысы„ — дейді сарапшы.

— Ресей экономикасы бізден 18 есе үлкен, диверсификацияны жақсы жасағанымен, олар әлі де біз секілді шикізат табысына тәуелді. Ал Ресейге бағытталған санкциялар осы мұнай, газ, қаржы секторын тежеу үшін арнайы жасалған. Соңғы 20 жылдың ішінде, Ресейде жаңа мұнай қоры табылған жоқ. Іске қосылған жоқ. Бәрі Совет кезінде ашылған мұнай қорлары. Запастары азайып барады, керісінше, мұнай өндіру шығыны жылдан жылға қымбаттауда. Ресейліктер мұнайды өндіру үшін өз технологияларының ескіргенін мойындап та жатыр. Бірақ жаңа технологияны сатып ала алмайды. Себебі, санкциямен оған тыйым салынды. Ал қолданыстағы технологиямен 1,5-2 жылға барар, ары қарай тиімсіз, пайда жоқ одан. Демек, Ресей экономикасы құлдырайды, оған сыбайлас жемқорлық жұдырықтың үстіне жұдырық боп тиеді. Оны қойшы…

Мына жаңа санкцияның талабы бойынша әлемдегі барлық қаржы институттары 180 күннің ішінде Ресей шенеуніктерінің шетелдегі жасырын барлық мал-мүліктерінің тізімін жария етуі тиіс. Одан кейін не болады дейсіз ғой. Кезінде, Муамар Каддафиге, Саддам Хүсейінге жасалған секілді АҚШ сол мал-мүліктің барлығын тәркілеуге қол қоюы мүмкін.

Сол кезде Ресейдегі саясаты болсын, экономикасы болсын, барлық жағдай мүлдем өзгеріп кетуі мүмкін. Осы өзгеріс қазір көпті тыпыршытып отырғаны…

Санкцияның қазақ шенділеріне не қатысы бар?

Маман әлемдік қаржы институттары жариялаған Ресей шенділерінің шетелдегі мал-мүліктерінің тізімі ішінде қазақстандық олигархтардың аты аталып жатса, таң қалмайтынын айтады.

— Бұл — Ресейге салынған санкция. Бірақ Қазақстанды да шарпып кетуі ықтимал.

Ресей олигархтарына қарсы жасалып жатқан іс-қимыл қазақстандық олигархтарға да тиіп кетуі мүмкін. Өйткені, қойы қоралас, ауылы аралас елміз ғой.

Еуразиялық экономикалық одақта бірміз. Ресей компанияларымен бірге жұмыс істейтіндер де көп. Ал әлемдік қаржы институттары оны ажыратып отырмайды, Ресей деген атау болса болды, бәрін жария ете беруі мүмкін. Сондықтан осы санкцияның арқасында біздің шенділердің де Біріккен араб әмірлігі, Ганконг, Сингапур, сол секілді Еуропада тығып ұстаған мал-мүліктері су бетіне шығып қалуы мүмкін, — дейді ол.

Коммерциялық банктерге ақша құюды доғарып, мұнай-химия саласымен қашан айналысамыз?

Әлихан Қанапия қаржы институттарына ақша құя бергенше, бір мұнай-химия зауытын салып алған Қазақстанға, әлдеқайда, тиімдірек болар еді дейді.

— … Мұнай дәуірі бітті деп кесіп айту қате деп ойлаймын. Бірақ ел экономикасын оңалту үшін дәл қазір мұнай-химия саласына үлкен инвестициялар салу қажет. Тәуелсіздік алғалы бері, ең құрымағанда, бір мұнай-химия зауытын сала алмадық қой. Өкінішті. Ал соңғы 10 жылдың ішінде басшылары қателігінен орасан шығынға ұшыраған жекеменшік банктерді банкрот қылмас үшін бюджет қазынасынан 10 млрд доллар ақшаны шаштық. Сол ақшаға 3-4 мұнай-химия зауытын салуға болар еді.

Мұнай-химиясымен айналысу — Қазақстанда орын алуы тиіс міндетті үрдіс.

Мәселен, мұнайдың текше метрін 150 доллардан сатып алып жатыр делік, ал мұнай-химия өндірісі болса, онда 1 текше метр мұнайдан алынған өнімді 800-1000 долларға сатуға болады.

Бұл — бір. Онда да, бұл экспортқа қатысты. Ал импорт бойынша сырттан біз алдыртатын мұнай-химия өнімдері бойынша, қаншама миллиардты үнемдер едік. Бұл — екіншіден.

Үшіншіден, қаншама жаңа жұмысшы орыны пайда болар еді.

Маманның пікірінше, мұнай-химия зауытын шетелдік компанияға салдырту керек, ал біздікілер қолынан келмейтінін әлдеқашан аңғартып қойыпты.

— Бұрын отырдық қой, қол жайып сыртқа. Шетелдік бір компания келіп, мұнай-химия компаниясын өзі салады деп. Бірақ ешкім ақша салмады. Демек, шетелдіктерге бұл арада арзанға мұнай сатып алып, оны өзінде өндіріп, одан алынған өнімдерді 8-10 есеге қайта өзімізге өткізген тиімді.

Ендеше, өзіміз жасатайық. Жасатайық дейтін себебім, 3-4 жыл бұрын Қазақстан мұнай-химия зауытын саламыз деп баршаға жар салды. Сол не болды? Түк шықпады, қолдарынан келмеді. Онда шетелдіктерді шақыртып жасатайық, ақшасын өзіміз төлейік. Басқа амал жоқ. Уақытты текке кетірудің қажеті жоқ.

Мұнай-химия саласын стратегиялық бағыт ретінде алып, дамытуымыз керек. Өйтпейінше, болмайды.

Одан соң, ауылшаруашылығын қолдау керек.

Мысалы, мен өз көзіммен көрдім. Алматы облысында 1000 гектар жерге алма бағы салынды. Онда 2,5 миллион ағаш бар. Барлығы тамшылатып суғару жүйесімен жасалды. Сол бақтан жоғары совет заманында салынған бір бақ бар. Ол — 10 гектар, 4 мың ағашы бар. Екеуіне де су бір арнамен келеді. 3 күн біреуі, қалған 3 күн екінші бақ суды пайдаланады. Бірақ екеуінің пайдаланатын су көлемі бірдей. 3-4 жылда әлгі жалғыз бақ Қазақстан импортының 10-15 процентін жауып тұра алады. Айтайын дегенім, Қазақстанда су жетпейді дейміз. Бірақ осы мысалдан көріп отырғаныңыздай, оны жеткізуге болады.

Біздің кәсіпкерлер көп нәрсені өз қолымен жасап жатыр

— Мәселен, соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстан жасымықты (чечевицаны) экспорттаушы әлемдегі 5 елдің біреуі болды. Оны өсіру, тіпті, біздің ауылшаруашылығы саласына жат болған. Бірақ диқаншылар нарықты зерттеп, оның керек екенін біліп, тұқымын шетелден алдыртып, өздері өсіріп, шығарып алды. Бұл — көп еңбек. Ақыры, пайдаға шықты, экспорттаушыға айналды. Түркияға, араб елдеріне, Шри-Ланкаға экспорт жасайтын болдық. Керемет емес пе?..

Үкіметтен қандай көмек болды дейсіз бе? Тек біреу-ақ. Онда да лизингке техника алсаң, проценттің тең жартысын субсидиялайды. Болды. Бұл дұрыс емес.

Бидайдың орнына бөтен дәнді-дақылды отырғызу керек. Өсіру, суғаруда бидайды өсіруге кеткен шығынмен бірдей болуы мүмкін, бірақ сатудан табатын пайдасын 4-5 есе көп. Мысалы, бидайдың 1 тоннасы — 150, ал жасымықтың 1 тоннасы — 500 доллар. Зығырдың да 1 тоннасы 450-500 доллар болады. Міне, көрдіңіз бе, қатып қалған нәрсе жоқ. Диқаншылар, ауылшаруашылығы кәсіпкерлері нарықты зерттеу дегенді түсіне бастады. Оны әлі де түсіндіру қажет. Үкімет осындай жағдайда нақты көмек көрсетуі керек.

Бізде қаншама бос жатқан жер бар. Бидай өсірушілер қаншама? Оларға айтып, жағдайды түсіндіру керек. Жаңа дәнді-дақыл тұқымымен оларды қамтамасыз ету қажет. Техниканы лизингке алмай-ақ қой, тегін пайдалана бер деп, тиімді ұсыныстарды Үкімет жасауы керек. Ынталандыруы қажет. Бастапқыда бір лек осылай кетсе, пайда барын біліп алған соң, жұрт өздігінен онымен айналыса бастайды. Құр ұраннан не пайда? Нақты іс болмаған соң…

Мемлекеттік бағдарламалар неге пайдасыз?

Қаржыгер мемлекеттік бағдарламалардың басында жап-жақсы басталып, артынан неге сұйылып кететінінің де құпиясын ашты.

— Біздегі мемлекеттік бағдарламалардың тиімділік танытпай жатуының басты себебі — салық заңындағы тұрақсыздық. Соңғы 10-15 жылдың ішінде, тек қана Салық кодексіне 200-ден аса өзгеріс енгізілген.

Мәселен, бізде ауылшаруашылығын қолдау үшін бір бағдарлама жарияланады. Жақсы бағдарлама. Жүрегің жылып қалады. Арнайы заң шығады. Бірақ 1,5 жылдан соң, әлгі заң өзгеріске ұшырайды. Салдарынан бағдарламаның ықпалы нашарлайды.

Осындай тұрақсыздық болып тұрған кезде шетелден немесе қазақстанның өз ішінен инвестор тарту өте қиын.

Ең басты себеп — заңдағы тұрақсыздық.

Неге Шеврон осы күнге дейін Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп келе жатыр? Өйткені олар келе салып, 90-шы жылдары өздері үшін заңды тұрақтап, келісімшартпен бекітіп алды. 40-50 жылға өзгермейтіндей етіп, Қазақстан үкіметімен қол қойысып алды. Бітті. Үкімет енді оны бұза алмайды. Неге мұндай жағдай Шевронға ғана жасалады? Өзіміздің қазақстандық инвесторларға, кәсіпкерлерге сондай тұрақты жағдай неге жоқ?..

Жемқорлар заңды ойыншық қылып алды

Ал заңға жиі өзгерістің енуін қаржыгер сыбайлас жемқорлықпен байланыстырады.

— Бұл басшылыққа келген шендінің жеке амбициясы деп есептеймін. Барлығы бір жаңашылдық енгізгісі келеді. Мұндайда оларға тізгін бола алатыны — ҚР Президенті әкімшілігі. Олар айтуы керек, министрлерден тұрақтылықты талап етуі тиіс. Оған қоса, жемқорлықтың бір әсері бар. Қазақстанда, өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық деңгейі өте жоғары.

Мен өзім шетелдік банкте істедім. Олар біздің нарықтан кетіп тынды. Себебі сыбайлас жемқорлық қауіп-қатері өте жоғары. Қазақстандағы таза емес ақшамен байланысып, ертең миллиардтап айыппұл төлейтін жағдайға ұшырағысы келмеді олардың.

Адал инвесторларды бізден үркітетіні — осы жеморлық деңгейі.

Заңды өзгертіп жатқанда, байқап қарасаңыз, біреулердің жеке мүддесін көресіз. Демек, ақша берген. Заңды өз жамбастарына оңтайлы ету үшін. Лобби дегеніміз сол.

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: