БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік мәселелері бойынша департаменті жариялаған есеп бойынша, Қазақстан халқы 2050 жылы 23 миллионға жетеді. БҰҰ 2050 жылға таман Қазақстан халқының 69 пайызы қалалы жерде, 31 пайызы ауылды жерде тұрады деп болжайды.
Ал Қазақстан статистика комитетінің дерегінше, қазір Қазақстан халқының саны шамамен 18 миллионға жуық.
БҰҰ-ның есебінше, Орталық Азия елдерінде халық саны өсіп, 2050 жылы Қырғызстан халқы 8,1 млн; Тәжікстан халқы 14,5 млн; Түркіменстан халқы 7,8 млн; Өзбекстан халқы 40,8 миллионға жетеді.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
1 пікір
Galiý Baýsymaq
Qazaqstan xalqı odan da asıp tüseri anıq. BUU mı kemitip aytqan eken. Şamamen 26-27 millionday bolıwı ıqtiymal.