|  |  |  |  | 

Жаңалықтар Көз қарас Саясат Тарих

Қазақстандағы билік жүйесінің сәлде болса өзгеруі өңірдегі гео-саяси жағдайға да ықпал етуі мүмкін.

 22490051_1995325447416318_6241455299474687744_nСоңғы жаңалық Қазақстан xалқына ғана емес әлемнің біраз еліне де тосын жағдай болды. Қазір орталық азияны қалыптасқан өңірлік гео-саяси жағдайда жаңа саяси таңдаулар мен саяси қарым-қатынастар күтіп тұрғаны айқын. Әлемдегі біраз алпауыт елдің назары Қазақстанда. Менің түсінігімше алпауыт елдер орталық азияға астыртын жаңа жоспарларды ойластырды, соның ішінде ең орайлы кезең саяси жүйенің бір форматтан екінші форматқа ауысуы, тб. дегендей… Алпауыт елдер ауыз салмай жатып президенттің тосын мәлімдеме жасап биліктің ауысуын бастап кетуі шынымен саяси тактика саналады. Ақш-Қытай, Қытай-Батыс, Қытай-Ресей, Ресей-Батыс, Ресей-Ақш қатынастарына байланысты тұтас орталық азия жаңа саяси күрделі таңдауға дөп келген еді. Бұндай күрделі өткіншіде әлем назары орталық азиядағы ішкі-сыртқы саясатты көбірек бақылауға алатыны рас. Сондықтан тұтас орталық азияда және Қазақстанда алпауыт елдердің саяси құрығына ілікпейтін, саяси тактикасы берік һам күншілік жерді көре алатын саяси қырағылық лазым-дұр. Кеше соның сеңі басталды. Әгәрәки, тосын таңғалдырмасақ алпауыттың тұзағына түсер ме ек, кім кепіл?! Қош, Қазақстандағы билік жүйесінің сәлде болса өзгеруі өңірдегі гео-саяси жағдайға да ықпал етуі мүмкін. Олар: Қытай; Ресей; Орталық Азия және Ақш пен Батыс. Өтпелі кезеңнің уақытша президенті Қ.Тоқаев мырзаны білікті дипломат ретінде әлемдік және өңірлік гео-саяси қатынастарға тың игі істерімен армен қарай жақсарта түседі деп сенеміз. 
Қазақстандағы билік транзитінің сеңі ертең орталық азия елдеріне және көрші қытайға, Шанxай Ынтымақтастық Ұйымына, Шыңжаңның атқарушы билігіне бәріне сөзсіз ықпал жасайды. Тіпті, түбірлі ауыс-күйістер пайда болуы да бек мүмкін… Егер орталық азияда күрделі билік транзиті жүріп жатса көрші қытай да шекаралас аймақтардағы әкімші саяси ауыс-күйісті соған қарай жаңалап түлетіп отырады. Бұл бұрыннан бар саяси тәжірибе! Онда мынадай заңды сауал туындайды “Қазақстандағы саяси билік транзиті Қазақ-Қытай қатынастарына және Шыңжаң мәселесіне тіке ықпал жасай ма?” деген… Орталық азиядағы саяси ауыс-күйісті Ресеймен қалыспай жіті бақылайтын ел-Қытай екенін ескерсек, Қазақстандағы билік транзиті қытай қатынастарына сөзсіз ықпал жасай алады. Қытай жақ саяси мінберде өзіне бұрыннан таныс тұлға немесе кландық жүйенің билікке келуін қалайды. Ақш-Қытай қатынастарына байланысты және қытайдың теңіз аймақтағы елдермен болған кірбеңдігі қытайдың шығыстағы экономикалық өндіріс салмағын елдің батыс аймақтарына сырғытып жатыр. Яғни бұрын қытайдың сауда ноқтасы теңіз аймақтарында көбірек шоғырланса енді ол құблыс күнбатыс шекара аймақтарға аунап барады. Теңіздегі су жолы транзиті аса белсенді емес және пайдасынан зияны, қаупі көбірек. Қытайдың теңіз аймақтарындағы сауда мен өндіріс ошақтары һам тасымал желісі орта және күнбатыс шекара аймақтарға қарай жылжи түссе онда Қазақстанға және орталық азия елдеріне келетін қытай қаупі һам пайдасы ұлғая түседі. Қай тұсқа келгенде қауіпті, қай тұсқа келгенде ырғын пайда дегенде, Қытаймен тең құқылы принципті келсімшарттар жасалса пайда көбірек, ал принципсіз келсімшарттар жасалса қаупі көбірек. Онда дәл бүгінге дейінгі “қытай қаупі” елу есе артуы мүмкін. Бұл- Ресей ықпалының тең жартысы деген сөз! Бірақ, қытайға керегі тыныштық пен тұрақтылық. Шыңжаң факторы сол үшін бізге өте маңызды! Кезі келсе Шыңжаң факторына байланысты ұзақ стратегиялық жоспарлар жасауға да болады. Шыңжаң- қытайдың орталық азиямен гео-саяси байланысында ең маңызды аймақ. Орталық азиядағы саяси тұрақтылық қытайдың күре тамыры. Сол үшін орталық азиядағы өзіне саяси балама күштермен белгілі деңгейде санасады. Бұл Қазақстан үшін Шыңжаңдағы Қазақтар мәселесін шешудің таптырмас орайы. Алдағы кезеңде жаңа үкімет қытайға нақты ұсыныс талаптарды сауатты айтудан талмауы керек. Кешегі президенттің тосын мәлімдемесі қытай тарапын бір састырды, қытай жақ кідіріңкіреп қалды. Және жаңа тұлғалардың дипломатиялық маңызына көбірек назар аударып жатыр.

Eldes Orda

Related Articles

  • ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

      Халқымыздың жұлдыздық туралы білімдері арабтың «Жұлдызнамасының» мазмұнынан парықты. «Жұлдызнама» араб елінде ислам дінінен бұрын жазылған болжам кітап. «Жұлдызнамада» аспандағы жұлдыздар мен адам саны тең. Бір нәресте туылғанда аспанда бір жұлдыз пайда болмақ. Пайда болған жұлдыз сол балаға тәуелді болып, мейлі кәртейіп, мейлі туыла салып өлсін сол адам өлгенде ағып түспек. Сондықтан тірі адамзат пен көктегі жұлдыз саны тең. Жұлдыздардың күндіз көрінбеуі – жердегі адамдардың сорын жасырып, сездіргісі келмегендігі. Түнде көріну бағың жанады, деміңді ал, деп адам пендесіне дем бергендігі. Адамзат жұлдыздардың бөлініп орналасуына сай орналасқан. Біз орта жұлдыздағы адамдармыз, сондықтан белбеуімізді белуардан буынамыз. Жер асты жұлдыздарындағы адамдар белбеуін балтырынан буынбақ. Түс көру сол пенденің көретін көргілігінен аруақтардың, жындардың адамдарға

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Хадиша АҚАЕВА Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді? АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен “дос мемлекеттер” “Ростех”, “Вертолеты России” сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. РУБЛЬ ЮАНЬҒА ТӘУЕЛДІ. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛАДЫ? Мәскеу биржасы санкцияға ілінгеннен кейін доллар және еуромен сауда жасауды тоқтатты. Қазір

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

2 Comments

  1. Ğaliy Baysımaq

    Əlbette aynalamız tolğan alpaut memleketter. Bir birimizben sözsüz sanasarımız haq. Osu qalıptasqan sayasattı ərmen qaray calğastırúvd’ın paydalı tustarı da cetkilikti. Eger kenetten kürt burup cibersek arban’ın bir buruşu qıyrap qalúvı bek mümkin. Sonduqtan cəymenen cosparlı türde cılcıy berúv qəcet dep sanaymın. Birəq bizge Orta Azyalıq integrasiyanı birtindep küşeyte berúv kerek. Budan biz köp nərseni utarımız anıq sayasíy ekonomíy mədeníy ğılımíy cetistigimiz artpasa kemimeydi. Orta Aziya biz üşin qalın orman ıqtasın bolmaq. Əsirese Tayau şığıstan əldebir qəuip töne qalsa en birinci ontüstigimiz öte bekem bolúv kerek. Sonda ğana alansız ekonomíy tınıştığımız öz dengeyinde alğa cılcıp oturmaq.

  2. Ğaliy Baysımaq

    Bizge qıyını en əueli Orusut elimen aradağı sauda-sattıq araqatınas bolmaq. en kürdelisi bizd’in şiykizat öte köp bölügi sol Orusut territoriyasımen künbatısqa ötedi. Bul degen təueldilikd’in bir bölşegi tusu. Kelerşaqta sayasiy sətsiz qatınas ornay qalsa əlgi qubur colunda tavar tasımalı bas saudağa tüspesi’ne kim kepil. Sol üşin bir ınğay təueldilikden arılúv qəcet. Əzarbaycan Tiblis Türkiye arqılı tasımaldau cağına basa nazar bölúv kerek. Künbatıs Europağa. Osulayşa ərtaraptandırúv iske asıp öz cemisin beretin boladı.

POST YOUR COMMENTS TO Ğaliy Baysımaq (Cancel)

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: