|  |  | 

Көз қарас Шоу-бизнис

Былқ-сылқ жауап… Былқ-сылқ істер…

5c61203dc9176105551737

Бұдан бұрын Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясының атынан депутат
Айқын Қоңыровтың дәрі-дәрмек бағасын реттеу туралы Денсаулық сақтау министрі
Елжан Біртановқа жолдаған сауалы туралы жазған болатынбыз. («Дәрі-дәрмектің бағасы
қашан реттеледі, Біртанов мырза?»., «Керей кз, 18.04.2019 жыл.)
Онда депутат қолданыстағы заңнамаға дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу
бойынша өзгерістер енгізілгенін, осыған байланысты министрліктің қандай шаралар
қолданатыны сұралған. «Өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда, 2019
жылдың бірінші тоқсанында дәрі-дәрмектер бағасы 8,4%-ға қымбаттаған. Бұл басқа
бағалардың өсуінен 1,7 есе артық. Бұл жағдай дәрі-дәрмектер бағасы қымбаттауының
объективті және субъективті себептерін шұғыл түрде анықтауды қажет етеді. Бұған қоса
бөлшектік нарықта пайда түсімі аз арзан дәрі-дәрмектерді ығыстырып, қымбат дәрі-
дәрмек саудасын дамыту қаупі да бар. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, өткен
жылы орташа есеппен бір отбасы дәрі-дәрмектерге 26300 теңге жұмсаған. Жалпы
мемлекет бойынша бұл 120 миллиард теңге деген сөз. Алайда осының өзі төмен деп
санаймыз.
Дәрі-дәрмектермен қатар амбулаторлық қызметтің қымбаттауы да байқалып отыр.
Халықтың денсаулық сақтауға жұмсап отырған шығыны медицина саласы қызметкерлері
жалақыларының өсуіне әкеліп отырған жоқ. Бұл жағдайда нарық қатысушылары ғана
пайдаға кенеліп отыр» делінген еді сауалда. Сонымен қатар депутат теңге бағамының
бәсеңдеуі жағдайында импортталатын дәрі-дәрмектердің қымбаттауына жол бермеу
бойынша қандай ұсыныстар жасалатынын сұраған.
Осы сауалға министрдің міндетін атқарушы О.Әбішев қол қойған төмендегідей
жауап келді:
«Дәрілік заттардың бағаларын реттеу қағидаларын бекіту туралы» Министрліктің
2019 жылғы 19 сәуірдегі бұйрығы (бұдан әрі – Қағидалар) қабылданған. Осы
Қағидалармен дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізу, сондай-ақ тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) шеңберінде баға белгілеу
механизмі белгіленген. Бағаларды реттеу механизмі референттік елдерде дәрілік түрін,
концентрациясын және дозасын ескере отырып, сондай-ақ әкелінетін бағаларын, ілеспелі
шығыстарын (көлік, кедендік, маркетингтік және қауіпсіздігі мен сапасын бағалау) және
регрессиялық шкала бойынша тиісті үстеме бағаны ескере отырып, бірдей белсенді заты

2
бар дәрілік затты өндірушінің бағасымен өндірушінің бағасын салыстырмалы талдауды
қамтиды.
Жоғарыда көрсетілгендей, көтерме және бөлшек сауда да өткізу үшін шекті бағалар
жылына екі рет, 10 шілдеге дейін және 10 қаңтарға дейін бекітіледі. Осыған байланысты,
қазіргі сәтте қабылданған Қағидалардың шеңберінде шекті бағаларды қалыптастыру үшін
фармацевтикалық қызметтің субъектілерінен бағаны талдау және құжаттарды қабылдау
жүзеге асырылады. Өндірушінің немесе тіркеу куәлігін ұстаушының бағаларды тіркеуі
референттік елдермен салыстырғанда бағаларды тіркеу кезеңінде жасанды арттыруға
мүмкіндік бермейді және регрессивтік шкалаға сәйкес белгілі бір көтерме және бөлшек
үстеме бағалар мен өткізілетін болады. Бұл шара бүкіл республика бойынша бірыңғай
бағаға әкеледі, сондай-ақ дәрілік заттың бәсекелестік бағасы бекітілген көтерме және
бөлшек үстемелерден төмен бағада өткізілуі мүмкін. Шекті бағаларды бекіткеннен кейін
оларды арттырмау бойынша әкімшілік әсер ету шаралары қабылданатын болады.
Дәрілік препараттардың бөлшек бағасы өндірушінің бағасына, көтерме және
бөлшек үстеме бағасына, сұранысына, логистикалық қызметтермен және препараттарды
тиісті сақтаумен байланысты шығындарға тәуелді болады. ТМККК шеңберінде және
МӘМС жүйесінде амбулаториялық деңгейде көрсетілетін медициналық қызметтер
амбулаториялық-емханалық көмектің базалық жан басына шаққандағы кешенді нормативі
бойынша қаржыландырылады, 2018 жылы қайта қаралып ол 819,21 теңгеге дейін
ұлғайтылған.
Теңгенің курсы төмендеген кезде импортталатын дәрілердің қымбаттауын
болдырмау үшін Қазақстанда барлық дәрілік заттарға бағаны мемлекеттік реттеу
өндірушінің бағасын қалыптастырудан, дистрибьютордың үстеме бағасынан және
дәріхананың үстеме бағасынан бастап бағаны белгілеудің ашық жүйесін белгілеу
мақсатын белгілейді. Осы Қағидалармен өтеу бағасын рефераттау және
фармаэкономикалық деректерді бағалау, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалар үшін бағалар
туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шекті бағалардың тізілімін
жасау арқылы дәрілік препараттарға бағаның негізділігін экономикалық сараптау
күшейтілген.».
Біз жауаптың басындағы қолданыстағы заңдарды тізбелеген және ішіндегі кейбір
көбігін алып тастап, нақты айтылған тұстарын өзгертпей беріп отырмыз. Соның өзінен
былқ-сылқ жауап былқ-сылқ істің нәтижесі екені көрініп тұр. Нақты сұраққа нақты жауап
бере алмаудың өзі іскерліктің төмендігін көрсетіп тұр емес пе?

С.ЕЛЕУ, сарапшы

Kerey.kz

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: