|  |  | 

Көз қарас Тарих

Шаңыраққа қарамайтындар

 

almaidagi nauriz 2016

2020 жылдың маусымында, Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) казачество көтерілісінің жеңілісіне жүз жыл толады. Көрнекті большевик пен жазушы, Дмитрий Андреевич Фурманов, осы жеңіске елеулі үлес қосты. 1924 жылы, ол осы жан түршіктіретін оқиғаны суреттейтін  «Мятеж» («Көтеріліс») деген тамаша романын жазып бітіреді. anikina 1

Айтпақшы, «Мятеж» романы 1916 жылғы Амангелді Иманов көтерілісінің хайуандықпен жаншылып қалғаны туралы әлем әдебиетіндегі бірен-сараң шығармаларының бірі.  Оның тұщымды дәйексөзін келтіруге рұқсат етіңіздер: «Царское правительство с молниеносной быстротой помчало сюда карательные отряды, помчало транспорты оружия, которым снабдило кулаков… И пошла резня. Открылась неравная кровавая битва: с одной стороны вооруженные отряды и освирепевшие кулаки, с другой стороны – почти безоружное туземное население, которому отчаяние и круглая безвыходность придали силу, отвагу и стойкость изумительную. Там, где врасплох заставали крестьян или задремавший отряд, киргизы расправлялись жестоко со своими угнетателями, но, разумеется, долго выдержать они не могли, были разбиты и здесь и там, были теснимы все дальше, все дальше от своих кишлаков, – и скоро очумевшая от ужаса пятидесятитысячная масса рванулась через границу и ушла в Китай… А здесь, на месте, творились ужасы: насмерть засекали нагайками детей на глазах у матери; малюткам, ухваченным за крошечные ножки, мозжили голову о деревянный столб и мозгами обрызгивали стоящих вокруг хохочущих палачей; пленников строили шеренгой и одному за другим срубали головы, протыкали шашками, выпускали кишки, пропарывая живот. Изнасилованиям женщин и девушек, конечно, не было счету. В огне пожарищ похоронены целые кишлаки… Несчастное население считало себя заживо погребенным».ermolai astana 2012

1920 жылы, қазақтарды кезекті қантөгістен аман сақтап қалған қолбасшы Д.А. Фурмановтың құрметіне аталған Алматы қаласында бірде-бір көше немесе алаң жоқ. Бір қызығы, осы оқиғаның кезінде оның қол астындағылар – татар Багаутдин Шагабутдинов пен дүнген Мағазы Масаншының – құрметіне аталған Алматыдағы көшелер баршылық. Ол ол ма, қазақтың ата жауларының бірі, жазғыш Александр Солженицынның туған баласы Ермолай 2012 жылдың 12-14 қарашасының аралығында Астанада өткен «1520 стратегиялық әріптестігі: Орталық Азия» атты ІІІ Халықаралық теміржол бизнес-форумының құрметті қонағы болған. Ал, Ұлы Отан соғысының ардагері мен батыр жазушының туған қызы Анна Дмитриевна Фурманованы (1918-2011) ешкім тәуелсіз Қазақстанға шақырмады. Әрине, бұндай мәңгүрттігімізді байқап, шетелдіктер де шаңырағымызға қарамайды.

Мысалы, «Альфа-Банк Қазақстан» қаржы ұйымының жетекшісі Алина Аникина әлеуметтік желідегі парақшасында 1916 жылғы қазақтың геноцидін басқарған Қандықол Николайды дәріптейді. 2016 жылдың 2 мамырында, Аникина ханым Вконтакте әлеуметтік желісіндегі https://vk.com/id54641100 жеке парақшасында Николай Романов азаматы, демек өз тағынан бас тартқан Николай Екінші патшасы, дауысының аудио жазбасын жариялады. Ресейлік қаржыгер осы әскери қылмыскерді «мәртебелі император» мен «алдияр» сияқты құрметті атақтарымен сипаттайды. Оған қоса, «Альфа-Банк Қазақстан» жетекшісінің жеке парақшасында Қандықол Николайдың ұлықтау рәсімінің бейнежазбасы да жарияланған. Егер Ресейде жұмыс істейтін неміс қаржыгері өз парақшасында Адольф Гитлерді мадақтайтын жарияланымды шығарса, ресейліктер оған не дер еді? Айтпақшы, нацист қылмыскерлерін Нюрнберг трибуналы айыптаса, Николай Романов азаматы Орал жұмысшы, шаруа мен жауынгер депутаттары Кеңестерінің атқарушы комитетінің шешімі бойынша өлім жазасына кесілген.    anikina 2

2016 жылы, елімізде Амангелді Иманов көтерілісінің жүз жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің отыз жылдығы тойланған. Осы мерекелердің шеңберінде, 2016 жылының 27 желтоқсанында, Фейсбук әлеуметтік желісінде Романовтардың ізбасары Путинді сынға алған Санат Досов атты ақтөбелік ұсақ кәсіпкер «Ресей» десе, ішкен асын жерге қоятын қазақстандық қазы-билердің үкімі бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылды. Әрине, мүйізі қарағайдай қаржыгер Аникинаға қарсы қонақжай қазақстандық қазы-билер ешқандай шараны қолданбайды. Есесіне, биыл қырыққа толған ресейлік бикеш мерейтойлық жылына орай қазақстандық медаль-орденді алса, таң қалмаңыздар.

Данияр НАУРЫЗ

 

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: