|  |  | 

Мәдениет Руханият

ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ – ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ

kaznu

 Егеменді ел болып, еңсе тіктегенімізге биыл – 30 жыл. Азаттықтың ақ туын желбіретіп, замана белестерінен сүрінбей өтіп келеміз. Шүкір дейміз. Тәуелсіздік жолындағы тарихтың тартуы мен талай тауқыметін бастан кештік. Енді, міне, дүбірлі кезеңнің барлық дүрмегін артқа тастап, даңғылға түстік. Ұлттық мәдениетімізді әлемге танытып, өркениеттің өзегінен нәр алдық, жарқын болашақ пен кемел келешекке негіз қаладық.

Құлашын кең жайып, өсіп, өркендеп келе жатқан еліміздің кемел келешегіне кепіл болар – білім мен ғылым игеру, оның құндылығын арттыру. Ал, білім, ғылым бәсекесінде керегі – қырандай қырағылық, жолбарыстай жылдамдық,  арыстандай айбарлық. Білім – телегей теңіз қуатындай, ол ұлттық сананы жаңа сапалық деңгейге көтеруде шешуші мәнге ие. Бүгінде жаңа дәуірдің жаңалықтарынан қалмай, жаңғыру үшін қызмет ету, дамыған елдің деңгейіне сай болып, жасампаз болашағымыз үшін жауапкершілікті сезіну – өз Отанын сүйетін әрбір азаматқа парыз әрі міндет. Егемендіктің баянды болмағы – осыдан: әрқайсымыздың «елім, жерім» деп жасаған еңбегіміз – теңіздің тамшысындай үлес, тіршілік мәні.

Сөз жүйесін, ой арнасын ықылым заманнан қадірлі мамандық ұстаздыққа бұрмақпын. Ұстаз деген ұғымның мәні терең: ол өз ауқымына адамгершілік қасиеттер мен өмір өзегін сыйдырып тұр. Жаһандану белең алған қазіргі кезеңде де саналы ұрпақ тәрбиелеп, сапалы білім беріп жүрген ұстаздар есімі – қашан да қадірлі, қашан да биік!..

Қазақта «қарашаңырақ» деген сөз бар. Кие дарыған қастерлі сөз; ұлтымыздың дүниетанымдық өзегін құрайтын салмақты сөз. Әлемдік сахнадағы қуатты елдермен иық тіресіп, бәсекеге қабілетті ел болу үшін, қоғамның көшін бастайтын жас ұрпақты, білікті маманды білім мен ғылымның қайнарынан сусындатып отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін ЕЛ қазақ білімі мен ғылымының ҚАРАШАҢЫРАҒЫ деп атайды. Талай майталман мамандар мен абыройлы азаматтар түлеп ұшқан білім ордасы – бүгінде де көш басында.

Бір немесе бірнеше буынды ғана емес, ұрпақты ғана емес, тұтас бір ұлтты түлеткен университеміздің алтын қоры – ел танитын, жұрт мақтан тұтатын ұстаздар қауымы. Олар – мәртебелі мамандықтың иесі, олар – білім, ғылым қайнарына бойлаған терең білім иелері, олар – шәкірт бақыты үшін күресетін қайраткер тұлғалар, олар – қоғам игілігі үшін қызмет етіп жүрген адал жандар, олар – өз кәсібінің шыңына шыққан шеберлер. Міне, сондықтан ұлттық университет ұстаздары туралы сөз қозғағанда кеудені мақтаныш кернейді!

Хакім Абай өз шығармаларында: «Білгендердің сөзіне махаббатпен ерсеңіз»; «Адамның жақсы болмағы – жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан» – деген ой айтады. Ал, ағылшынның белгілі ағартушысы Уильям Уордтың көпке танымал бір нақыл сөзі бар. Ол: «Жақсы ұстаз түсіндіреді, керемет ұстаз көрсетеді, ұлы ұстаз шабыттандырады» – деп жазады. Дәл айтылған сөздер. Ұлы ұстаздардың алдында үнемі шәкірт кейпінде қаласың, себебі, олар білгенің мен білмейтініңнің ара салмағын ажыратып беріп, тануға жетелейді, талпынуға шақырады. Әр ісіңнің қайырымы барына сендіріп, шабыт сыйлайды. Қатардағы қарапайым білімгерден қоғамның қадірлі тұлғасы атануыңа күш салады. Біздің аңыз қылып айтудан жалықпайтын ұстаздарымыз, міне, сонысымен ұлы, сонысымен сыйлы!

Өткен күндерге көз жүгіртіп, кішкене шегініс жасасақ… Маймалман марғасқалардың бейнесі өзінің бар болмысымен елестейді: көсемсөз шеберлері, қарымды қаламгерлер, ғұлама ғалымдар, ұлағатты ұстаздар… Филология факультетінде көп жылдар бойы дәріс оқып, сабақ берген академик Зейнолла Қабдолов, профессор Мархабат Томанов, Тұрсынбек Кәкішов, Жанғара Дәдебаев, Берікбай Сағындықұлы, Зұфар Сейітжанов, Жамбыл атамыздың немере келіні Алма Қыраубаева еңбектері – біз тағылым алатын шеберлік мектебі, шешендік мектебі. Аға буын ұстаздарымыздың өнегелі өмірін, іргелі еңбектерін оқып, зерттеп, зерделеу арқылы тіл мен әдебиет әлеміне сапар шегесің. Қызығасың. «Болмасаң да, ұқсап бағуға» тырысасың. Құт мекенде білім алып жүрген сәттеріңді бағым деп бағалап, қадірін білуге ниет етесің.

Кейінгі көш қашан да алдыңғы көшке қарап бой түзейді. Алдыңғы көш – шамшырақ, алдыңғы көш – темірқазық. Бүгінде аты аталған алдыңғы буын ұстаздардың жолын жолғап, өнегесін өрісті етіп жүрген оқытушы-профессорлар да жоқ емес. Шәкірттерге деген ыстық ықыласын аямайтын, ғалымдық пен ұстаздықтың қос қанатын тең ұстаған – Алуа Темірболат, Сәлима Әбдіраманқызы, Серікбай Қосанов, Самал Дәрібайұлы, Алмасбек Мәуленов, Сәуле Ержанова, Гүлжан Болатова, Гүлназ Рахымқызы, Ардақ Саргелтаева – біз үлгі тұтатын тұлғасы биік ұстаздар. Отандық әдебиеттану ғылымының дамуына ерен еңбек сіңіріп жүрген ғалым-ұстаздарымыз әрқашан ізденіс үстінде жүреді. Олардың өнеге өрісі біздің жаңа ізденістерге жетелейді.

Бірде сабақ барысында Самал Дәрібайұлының бүгінгі таңда ұстаздарымызды ұлықтап, олардың ерен еңбегі туралы шынай ақпараттар таратып жүрген журналистердің жоқтығын айтқанда біраз уақыт ойланып қалдық. «Неге осы мәселені қолға алып, арнай бір жоба ашпасқа?!» деген ой келді бізге. Бұл эссенің де жазылуына осы жағдай түрткі болды.

Қазақтың ұлттық университетіне есімі берілген, әлемге танымал әл-Фараби: «Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – дейді. Данышпан бабамыз сипаттаған ұстаздарды біз көре алдық, олардан тәлім-тәрбие ала алдық. Олардың бойына жиған біліміне, кісілік қасиеттеріне, қарапайым болмысына қарап таңғалдық. Олардың сырлы да нұрлы болмыс әлемінің кереметтерін тануға; өз ісін, өз ұлтын, өз тілін сүйетін жандардың болмыс биігіне шығуға ұмтылдық.

Жалғыз адамның ғана емес, күллі қоғамның білімі мен интеллектуалдық дамуына әсер етіп, соған ықпал ету – екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік. Кемел келешек, жарқын болашақ қалыптастырып, егеменді елдің еңсесін биіктетер, дамушы елдің деңгейін көтерер жас маманды, болашақ білімді  ұрпақты тәрбиелеп шығаратын ҰСТАЗ болудың жүгі ауыр. Біз атап өткен ұстаздар – білімі мен білігі үйлескен, шеберлік шыңына шыққан, ұлттық сана биігінен табылған, «ғылым» атты шексіз кеңістіктен өз орнын тапқан тұлғалар. Олардың ұстаз ретіндегі кесек тұлғасына қарап, бізге берген игілікті біліміне қарап, өз арқамызға үлкен жауапкершілікті артқанымызды, сол жауапкершілікті атқару жолында үлкен мақсаттарға жету керек екенімізді ұғынамыз. Себебі, ұстазы жақсының әрдайым ұстанымы жақсы болатыны ақиқат. Ақиқатқа күмән келтірмеу жолында бізге де үлкен ізденіс, ерен еңбек қажет.

Қазақтың классик жазушысы, ғұлама ғалым М.Әуезов: « Ел болам десең, бесігіңді түзе!» – деген екен. Ол «Еліңнің ертеңі, келешегіңнің кепілі – жас ұрпағыңды жақсылап өсір» дегені. Данышпан әл – Фараби тағы бір сөзінде: «Ұстаздар – құдды жұрт айтатын, тамшысымен тас тесетін су сияқты» – дейді. Осы сөздерден-ақ ұстаздық жолдың, ұстаздық міндеттің жүгі ауыр екенін тап басып тануға болады. Сол үшін өнімді шығармашылықты өрістету жолында, өркениет шыңына ілгері басу мақсатында шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап арта берсін дегім келеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

2-курс (PhD) докторанты

Жалғасбаева Қанағат Баймұратқызы

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: