|  |  |  | 

Көз қарас Руханият Саясат

Қазақ тілін техникалық тілге айналдыруға мемлекет тарапынан қойылып жатқан кедергілер жөнінде

288852478_1019285865398059_4043605089287450163_nҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – МИИР РК Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті үш жылдан бері қазақ тіліне ауыса алмай келеді. Quanysh Ádilhanuly тарапынан мың хат жазылған. Оған «қарастырамыз, саралаймыз, ойластырамыз, пилоттық қылып жасаймыз» деген мың жауап келді. Бірақ мәселе сонымен шешілмей қалды.
Әңгіме мемлекет тарапынан қаржыландыратын құрылыс жобаларының (ПСД) қазақ тілінде жасалуы туралы болып отыр. Қазір оның барлығы тек бір тілде – орысша жасалады. Себеп – тапсырыс беруші тарапынан ондай талап жоқ. Бір қызығы, жобаны жасау үшін қажетті Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары, Құрылыс Ережелері және басқа да мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптардың, нормативті-техникалық құжаттардың толық қазақша нұсқасы бар. Қазақ тілді инженерлер мен басқа да техникалық мамандар жетіп артылады.
Талап болса, біздікілер ағылшынша да, қытайша да дайындап беретінін көріп жүрміз. Мысалы, еліміздің батыс өңірлерінде мұнай өндіретін ТШО, NCOC, KPO сияқты шетелдік компаниялардың жобалары міндетті түрде ағылшын тілінде жасалады. Себебі, олар сондай талап қояды. Ал біздегі қытай компаниялары құрылысқа тапсырыс бергенде жобаны қытай тіліне аудартуды міндеттейді. Ол да оп-оңай орындалып жүр. Бірақ біздің мемлекетке неге өзі қаржы бөліп отырған жобаның қазақша нұсқасы керек емес?
Құрылысшылар тарапынан да, депутаттар тарапынан да Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне екі жылдан бері үздіксіз хаттар жолданып, талап-өтініш қойылып жатса да, Комитет шын мәнінде хаттарға жауап қайтарып қана, өзін-өзі алдап келгені анықталды. Олар берген жауабында “жобалауға қажет отандық SANA компьютерлік бағдарламасын қазақшалау үшін оның әзірлеушілерімен жұмыс жасап жатырмыз” деп жазған. Ал шын мәнінде, сол бағдарлама әзірлеушілері бұл сұрақпен оларға Комитеттен ешкімнің хабарласпағанын айтып, ақырында ұят болып қалды.
Қазақ тілін құрылысты жобалауға кіргізейік, тілдің техникалық әлеуетін дамытайық деген азаматтар Комитетке хат жазуда, ұсыныс білдіруде. Комитет оған «отписка» жасап қана жауап беруде. Солай өмір де, уақыт та асықпай өтіп бара жатыр.
Бұл жерде бір қызығы – «Естуші мемлекет» концепциясы бұзылмай, орындалып отыр. Себебі мемлекет естіп отыр. Ол осы хаттарды оқып отыр. Одан басқа не керек?

Related Articles

  • Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Камилла ВАЛИЕВА Коллаж авторы — Тимур Тимаев Шілденің аяғында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерді қайта қарауды тапсырды. Қолданыстағы келісімдерді Мәскеу Астанамен 2013 жылы, ал Ташкентпен 2016 жылы жасаған. Қазір бұл құжаттар қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді, әскери мақсаттағы өнімдер алмасуды және технологиялар беруді реттейді. Алайда келісімдерде нақты не өзгеруі мүмкін және Ресей оларды дәл қазір неге қайта қарап жатыр? Әзірге Кремльдің Астана және Ташкентпен жасалған әскери-техникалық келісімдердің нақты қай тұстарын қайта қарастырып жатқаны белгісіз. Өзбекстан Қорғаныс министрлігі Азаттық радиосының сауалына жауап бермеді. Ал Қазақстан Қорғаныс министрлігі құжаттар бойынша жұмыс аяқталғанға дейін олардың мазмұнына түсініктеме бермейтінін мәлімдеді. “Шектеулі түрде таратуға жатпайтын ақпарат жұртқа мемлекеттік органдардың ресми ақпараттық

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: