|  | 

Жаһан жаңалықтары

АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

АҚШ сенаты Украина мен Израильге 118 миллиард доллар қосымша қаржы көмегін беру туралы екі партия ұсынған заң жобасын және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайту туралы заң жобасын мақұлдады.

Былтыр қазан айынан бері жалғасып келе жатқан “ұлттық қауіпсіздікке байланысты қосымша қаржыландыру туралы” дауға нүкте қоятын компромистік мәтін АҚШ сенатының сайтына шыққан.

Заң жобасы бойынша, сенаторлар 60 миллиард долларды Украинаны қолдауға, 14 миллиардты Израильге көмекке, 20 миллиардтан астам долларды АҚШ-тың Мексикамен шекарасын қауіпсіздендіруге, шамамен бес миллиардты АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы серіктерін қаржыландыруға, екі жарым миллиардқа жуық долларды “Қызыл теңіздегі” операцияны қолдауға, тағы да сондай қаржыны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығына бөлуді жоспарлаған.

АҚШ президенті Джо Байден конгресстен Украина, Израиль және Тайваньға көмек беруге және АҚШ-тың оңтүстік шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге былтыр қазан айында қаржы сұраған. Алайда әлі күнге шешім қабылданбаған еді. Республикашылдар мен демократтар негізінен Мексикамен арадағы шекараны нығайту мәселесіне келісе алмаған. Республикашылдар АҚШ-тың көші-қон саясатын қатайтуды талап етіп, онысын Украинаға қосымша көмек туралы кез келген талқы кезінде алға тартқан болатын.

Украинаны қолдау бойынша жаңа бюджеттің келісілмеуіне байланысты АҚШ-тың кейінгі кездері Киевке беретін әскери көмегі біршама қысқарған.

АҚШ президенті конгрестен заң жобасын тезірек қабылдауды сұраған. Бұл жолы сенат келісіміне байланысты пікір айтқан Байден “Украинаны қолдау АҚШ-тың қауіпсіздік мүддесіне сай келетінін” тағы да мәлімдеді. Ол егер “Украина билігіне бақылау орнатуға ұмтылысын бүгін тоқтатпаса, Путиннің Украинамен ғана шектелмейтінін, ондай жағдайда АҚШ-тың шығыны өсе түсетінін” сөз еткен.

Бұған дейін өкілдер палатасының төрағасы Майк Джонсон сенаторлар әзірлеген заң жобасы палатадан өтпейтінін мәлімдеген. Бұл заңға АҚШ-тың бұрынғы президенті, биыл қарашадағы президент сайлауына Республикалық партия атынан түсуі мүмкін Дональд Трамп та қарсы болған.

Еуроодақтың барлық елі Украинаға 50 млрд еуро көмек беруге келісті


Еуроодақ елдері басшыларының саммиті. Брюссель, 1 ақпан, 2024 жыл.

Еуроодақ елдері басшыларының саммиті. Брюссель, 1 ақпан, 2024 жыл.

Еуропа одағының барлық 27 мүшесі бейсенбі Брюссельде өткен саммитте Украинаға 50 млрд еуро көлемінде қосымша көмек беруге келісті. Қаражат Еуроодақтың 2027 жылға дейін бекітілген ортақ бюджетінен бөлінеді.

Бұл жөнінде Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель Х әлеуметтік желісінде хабарлады. Бұл қадам “Украинаны тұрақты, ұзақ әрі болжалды түрде қаржыландыруға мүмкіндік береді” деді ол. “Украинаны қолдау жөнінен лидерлік пен жауапкершілікті Еуроодақ өз мойнына алады” деді Мишель.

Еуроодақ басшылары Киевке көмек пакеті бойынша шешім қабылдауға былтырғы желтоқсаннан бері қарсы болып келе жатқан Венгрияны көндірді. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Кремльге жақын саясаткер саналады.

Reuters агенттігінің жазуынша, саммит қарсаңында Еуроодақ ішінде Венгрияға қатты қысым болған. Орбанға Ресейдің Украинаға қарсы соғысы жағдайында екі жақтың бірін таңдау керек деген шарт қойылған делінеді.

Украина президенті Владимир Зеленский Еуропа басшыларының шешімі туралы айта келе Еуроодақтың бұл қаржылай көмегі елдің ұзақмерзімді экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі деді. “Әскери көмек пен Ресейге санкциялық қысым тәрізді бұл да өте маңызды” деді ол.

Немістің dpa агенттігінің хабарлауынша, Еуроодақ басшылары Украинаға берілетін көмекті бөлісу бойынша жыл сайын пікірсайыс ұйымдастырып отыруға уағдаласқан. Қажет болған жағдайда Еуропа кеңесі екі жылдан соң қаржыландыруды қайта қарау туралы мәселе қоя алады.

Венгрия үкіметінің басшысы Орбан соңғы кездері шешім әр жыл сайын қайта қаралып отырған жағдайда 50 млрд доллар қаржы бөлу мәселесін қолдауға дайын екенін айтып келген.

  • Украина басшылығы Ресей агрессиясын қайтару үшін қару-жараққа қатты мұқтаж екенін бірнеше айдан бері айтып келеді.
  • АҚШ-та Украинаға 60 млрд доллар қаржылай көмек беру жоспарына Конгресстегі Республикалық партия қарсы болып келеді. Олар қаржы бөлу үшін алдымен иммиграцияны шектеу бойынша шара қолдану керек деген шарт қойып отыр.

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: