|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

432613316_2860474307449471_4039992340105044145_n
Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты.
Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады.
Тибетте қазақ тарихына қатысты деректер мына кезеңдерге бөлінеді:
Бірінші, Түркі кезеңіне қатысты деректер;
Атап айтқанда түркі қағанаты кезеңінде Тибет жұрты түркі қағандарымен дипломатиялық байланыстар орнатып мәдени, экономикалық ауыс-түйістер жасады. Аталған деректер тибет архивінде жақсы сақталған. Сонымен бірге түркілердің саяси жорығы туралы да аса құнды деректер жинақталған.
Екінші, Ортағасыр түркі кезеңіне қатысты деректер;433050409_2860474270782808_6119169293271386723_n
Түрік, Ұйғыр және Қырғыз қағанатының ыдырауы туралы сонымен бірге Орталық Азия мен Шығыс Түркістан аймағында қалыптасқан хандықтар туралы Тибет деректері жақсы сақталған. Осы кезеңге байланысты үш негізге бөліп қарастыруға болады:
1) Қарахан мемлекеті кезеңі;
2) Шыңғыс қаған кезеңі;
3) Шағатай, Моғолстан кезеңі;
Әсіресе Моғолстан кезеңінде Тибет пен Орталық Азия, Шығыс Түркістан аймағындағы саяси шиеленістер саяси, экономикалық фактордан тыс діни сипат алды. Мұсылман әмірлер Тибет даласына діни ғазауат жасады.
Үшінші, Таяу ортағасыр кезеңінен Қазақ хандығы кезеңіне дейінгі деректер;
Жошы, Шағатай, Моғолстан және Ақсақ Темір кезеңінен бөлек Әбілқайыр ұлысы, Қазақ хандары мен сұлтандары және Жоңғар империясы туралы жеке-жеке деректер өте көп сақталған. Тибет жұрты күшейген шағында айналасындағы халықтарға діни, мәдени ықпал жасап саяси экспансиясын жүргізді. Соның нәтижесінде Жоңғар элитасы арқылы Орталық Азия, Шығыс Түркістан хандықтарына діни ғазауат жариялады. Дәлірек айтқанда Жоңғар элитасы арқылы Шыңғыс қаған империясын қайта тіріліткісі келді.
Төртінші, Қазақ-Жоңғар қатынастары туралы деректер;
Жоңғарларға рухани ықпал жасап бағыт-бағдар беріп тұрған Тибет элитасы сол кезеңге байланысты қазақтар туралы деректерді жақсы сақтаған. Қазақ хандарының сипаттамасы, жорықтары және жоңғарлармен байланыстары туралы айтылады.431697940_2860474300782805_8546488893955079334_n
Бұл кезең туралы қосымша:
1) рухани діни фактор:
Тибеттің рухани көсемдері аймақта қалыптасқан Моғолстаннан кейінгі ұсақ хандықтарға діни ықпалын жүргізді. Жоңғар элитасы әр жорығында Тибеттен бата алып тұрды. Жоңғарлар арқылы Қазақ хандарына жаңа саяси концепция ұсынды.
2) экономикалық фактор:
Бұл кезең жаңа теңіз жолының ашылып Орталық Азия жібек жолы экономикалық белдеуінің құрдымға бет алған кезі еді. Сол себепті Орталық Азиядағы кейбір тарихи сауда кенттері саябырлап, шығыс пен батыстың сауда керуендері тоқтап қалған еді. Есесіне теңіз жағалауындағы балық шаруашылығымен ғана айналысатын кейбір шағын елдімекендер миллион халқы бар жаңа сауда шаһарларына айналды. Жоңғарлар Орталық Азияның сауда-экономикалық кенттеріне үстемдік жүргізу арқылы шексіз күшеюді және империяға айналуды көздеді. Аталған мақсат аясында Тибетте көп құжат сақталған.
Бесінші, 19-20 ғғ. кезеңіне байланысты дереетер;
Қазақтардың тибет жеріне аяқ басуы 19- ғасырдың соңы, 20- ғасырдың басына тура келеді. Алтай мен Еренқабырғадан ауған алғашқы көш Бөке батырдың бастауында Тибет жеріне жеткен еді. Бөке бастаған қазақ көші туралы Тибет мемлекеті Шыңжаң өлкелік әскери губерния мен Орталық үкімет Пекинге түрлі рапорттық хаттар жолдаған. Сонымен бірге аталған көштің Тибет жеріне аяқ басуына қарсы болған тибет үкіметі әскери шабуылдар ұйымдастырды. Нәтижесінде Бөке батыр Тибетте жан тапсырды, қуғыншы Цин әскері қазақ көшін кері алып қайтты. Көшке ілесе алмаған аздаған ел Тибетте қалды, бірбөлімі Тибеттен ары жат елге қашты. Бұл оқиға Алтайдан ауған елден 40 жыл бұрынғы оқиға еді. Кейін қазақтар Бөке мен Шөке салған ізбен Тибетті асып Үндістанға, Пәкістанға асқан. Осы деректер кезең-кезеңі бойынша Тибет архивінде жақсы сақталған.
Өкінішке қарай, қазіргі кезде тибет архивіне қол жеткізу өте қиын, сонымен бірге құжат тілін шешіп оқу да қиындық тудырады. Дегенмен дөп келген әр қиындыққа мойынсал болуға да болмайды. Қытай Ұлттық Ғылым Академиясы, Қытайдағы Тибеттану институттары мен орталықтары және Еуропада сақталған тибет деректері біз айтып отырған тақырыпты одан арымен аша түсуі бек мүмкін. Қазақ қоғамы бүгін болмаса да бір күні Тибет деректерін қаперге алып кешенді зерттейді деп үміттенеміз. Біздікі тек айту, айтпай кетті демеңіздер!
Елдес ОРДА
14.03.2024

Related Articles

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қазір әлеуметтік желіде кейбір қазақ зиялыларының қазақ тілін сынаған пікірі тарап жүр. Есіме бір кездері Қытай интеллигенциясының қытай иероглифін сынағаны түсіп кетті. 20- ғасырдың алғашқы ширегінде қытайдың дәстүрлі иероглифтерін сынамаған зиялы кемде кем. *** *** *** “Иероглифтерде заманауи идеялар мен теорияларды жеткізетін сөздік қор жоқ, әрі олар зиянды ойлардың ұясына айналады. Оларды жоюда ұят жоқ” деп жазды 1918 жылы Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушылардың бірі әрі Жаңа мәдениет қозғалысының жетекші қайраткері Чэнь Дусю (陈独秀). Қытай иероглифін қатты сынаушылардың қатарында тағы да Қытай коммунистік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Цюй Цюбай (瞿秋白) де болған. Ол тіпті 1931 жылы “Қытай иероглифтері шын мәнінде әлемдегі ең лас, ең жексұрын әрі ең жиренішті нәрсе. Тіпті ортағасырлық

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: