|  |  | 

Көз қарас Шоу-бизнис

Жұрттың баласы мен оның ақшасы. Тұрақтылық пен тұрақсыздық құны туралы бірер сөз

469809131_1549992748994032_5633538640528057111_n
Тура біз сияқты мұнай сататын Әзірбайжан 2015 жылдан бері бір АҚШ доллары 1,7 манатқа тең бағамды ұстап келеді. Және The Economist Group болжауынша осы паритет 2029 жылға дейін тұрақты сақталуы тиіс. Яғни манаттың долларға шаққандағы бағамы 14 жыл бойы өзгермейді. Экономика мен экспорт құрылымы бізге ұқсас Әзірбайжан қалайша ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз етті? Және осы тұрақтылықтың бағасы қандай?
Теңге неге манат сияқты болмады? Және неге бола алмайды? Неге біздің теңге кез-келген әлемдегі жағдайға тым сезімтал? Осыған асықпай жауап іздесек, көп процесс сізге түсінікті бола бастайды.
Ашық мойындау керек, өз валютамызға қиянат көрсеткен кездеріміз аз болмады. Сондықтан барлығын әлемдік нарықтар мен сыртқы құбылыстарға ғана байланыстырып оқырманды алдағым келмейді. Теңге тамырына жеке мүдде жолында іштен балта шапқандар да кездесті. «Кейінгі Назарбаев» дәуірінде, яғни 2010-2015 жылдары біз үлкен қателіктер жібердік. Қазіргі тұрғыдан алғанда монетарлы қателік деп айтамыз ғой, бірақ ол кезде Назарбаевқа жақын олигархтық топтар жоғары билікті теңге девальвациясына мәжбүрлеп, содан үлкен дивидендтер алғаны жасырын емес. Мұнай, газ, метал, көмір экспорттаған ірі қаржылық топтар валюталық түсімді өзара келісіп шоғырландырып алды да, түнде үлкен кабинетке кіріп шығып, теңгені қолдан құлдыратып, артынан біршама доллар сатып, банктердегі теңгелік кредиттерін, кәсіпорындар қарыздарын, жұмысшылар айлығы сынды барлық мәселелерін шешіп тастады. Шамамен 17 адам керемет дивиденд алды, ал 19 миллион Қазақстан халқы бір сәтте 80 пайызға кедей бола түсті. Бір жауапты тұлғаның “девальвация туралы өзім жаңа ғана білдім” деп қатыратыны да осы кез. Теңге 2014 жылдың басында 20 пайызға, одан еркін айналымға кеткеннен кейін тағы 30 пайызға құлдырады.
Осы кезде экономиканы саясат белден басып, тағы үлкен қателік жасадық. Теңгені еркін айналымға жібергеннен кейін оның толық фундаменталды нарықтық деңгейіне құлап бітуін күту керек еді. Сол кезде 400-ге құласа да, қазанның түбіне жетіп, өзі тоқтап, ары қарай толық нарықтың қолына өтіп кетер еді. Оған саяси батылдық жетпей, 2015 жылдың сәуірінде өткен Назарбаевтың кезектен тыс сайлауының алдында халықты дүрліктірмес үшін 2014 жылдың күзінен 2015 жылдың көктемі аралығында теңгені ұстап тұру үшін резервтен 20 миллиард доллардан астам валюта жағылып кетті. Сайлау өткеннен кейін бір ай болмай жатып, теңге бәрібір құлады. Біз болмайтын жерде резервтен айрылдық.
Қазір осы артық 20 миллиард доллар екі жылдың бюджеттік дефицитін жабуға оңай жетер еді.
Сондықтан теңгенің қазіргі проблемаларының 30 пайызы өткен дәуірдің қателігі. Ол бүкіл экономикалық агенттердің (компаниялар, инвесторлар, халық, тб.) теңгеден қорқып қалуына, оған сенімсіздікпен қарауына алып келді. Қит етсе валюта айырбастау бекетіне жүгіру, ұзақ позициядағы капиталды теңгеде ұстамау, теңгені тек қысқа шорттарда қолдану әдеті осыдан пайда болды. Біз мұнын зардабын әлі ұзақ уақыт тартатын боламыз.
Тым көп әріптер жазып кеттім. Сонымен, экономикалық құрылымы бізге ұқсас Әзірбайжан манатының бағамы неге өзгермейді? Ал теңге неге “фигаро анда, фигаро мында” дегендей күнде құбылатын болған?
2014 жылы Қазақстан да, Әзірбайжан да өз валюталарын девальвациялап, еркін айналымға жіберді. Бірақ осыдан кейін екі елдің орталық банкі монетарлы режимнің екі бағытын таңдады.
Әзірбайжан “курс таргеті” саясатын таңдады. Яғни манат бағамын Әзірбайжан Орталық банкі белгілі бір нақты коридорда ұстап отырады. Қазір ол бір долларға 1,7 манат. Сонғы жылдары бағамды осы коридорда ұстап отыру үшін Орталық банк шамамен жылына 2 миллиард доллар шығындап келеді. Бірақ егер мұнай бағасы барреліне 60 доллардан арзандап кетсе, онда төлем балансының профициті нашарлап, интервенцияға қажет қаржы 3 миллиард долларға дейін артуы мүмкін.
Баку қор биржасындағы доллар/манат жұбын алып қарасақ, 2023 жылы биржада 1,5 миллиард доллар сатылған. Әзірбайжан манат курсына төлем балансы салмақ салмауы үшін сыртқы қарызды азайтып, оны ішкі жалпы өнімнің 7,5 пайызы деңгейіне дейін түсірді.
Қазақстан өз кезегінде “инфляцияны таргеттеу” режимін құп көрген. Яғни Орталық банк инфляцияны белгілі бір деңгейде ұстауға тырысады. Барлық күш инфляциямен күресуге бағытталады. Оның басты құралы – базалық ставка.
Ал теңге курсын анықтау Қазақстан қор биржасындағы нарықтық сауда-саттыққа жүктелді. Шок болмаса реттеуші валюта нарығына араласпайды. Бірақ кез-келген уақытта интервенция жасауға құқығы бар.
Ал біз неге Әзірбайжан сияқты теңгенің курсын тұрақты ұстамаймыз? Дәл осы кезде масштаб проблемасына кезігеміз.
2023 жылы Баку қор биржасындағы валюталық сауда-саттық көлемі 3 миллиард доллар шамасында болды. Ал біздің биржаның валюталық саудасы былтыр 820 миллиард доллардан асқан. Осы кезде Әзірбайжан үшін манат курсын ұстауға жылына 2 миллиард доллар жетіп жатыр. Ал бізге 400 теңге курсын сақтауға кемінде жылына 57 миллиард доллар қажет. Біздің таза валюталық резервтеріміз 105 миллиард доллар екенін ескерсек, “курс таргеті” режимінде Қазақстанның күші тек екі жылға әрең жетеді. Одан кейін Ұлттық қорсыз және алтын-валюта қорынсыз тұл жалаңаш қаламыз.
Әзірбайжанның резерві 70 миллиард доллар. Олар еш қиналмай манат курсын 35 жыл бойы ұстап тұра алады.
Осы жерде неге теңге мен валюталар арасындағы сауда жылына 820 миллиард доллар, ал манат саудасы бар-жоғы 3 миллиард деген сұрақ пайда болады. Ол өте қызық, әрі сіздерге пайдалы тақырып. Келесі постымда жазамын.

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: