|  |  |  | 

Көз қарас Мәдениет Руханият

НАУРЫЗ АТАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕРЕКЕЛІК СИПАТЫ

Qazaq
Наурыз халқымыздың тарихы ұзақ, өміршеңдігі күшті, қазақы салт- дәстүрді негізгі өзек еткен бірден- бір ұлттық мереке. Ол қазақ халқының ұзақ уақыттық қоғамдық өмір ісжүзіндігінен (практикасынан) туындап, бірге жасап келе жатқан аса мерейлі мейрам. Осыбір киелі мерекені «Парсы тіліндегі (нау- жаңа, рұз- күн) деген мағнадағы сөздеріне теліп, өз маңдайымызға сидыра алмай Парсыларға қосқолдап ұсынғысы келіп жүрген таяз талғам тар өрісті «құлшылдық құмыр» шырмауынан шыға алмай жүргендеріміз де жетеді арамызда.
Тіліміздің ішкі заңдылығына үңілсек, Қазақ тілі көп мағналы, ауыспалы мағналы, балама мағналы сөздері көп, түбір сөздерді негіз ете жұрнақ, жалғау, қосарлау, біріктіру т.б жолдарымен түрленіп отыратын құрылымы күшті бай тіл. Оның үстіне осынау аса бай тілімізде дәуірдің өзгеруі, ғылым- техниканың дамуына байланысты жәй- жәйімен қолданыстан қалып отыратын сөздері де бар, есесіне тілдік қорды байыта толықтырып отыратын жаңа атау- терміндерді аса байыптылықпен тәбиғи қосып отыратын ішкі заңдылығы да бар жүелі тіл.
Мақаланың мазмұндық қажетіне қарай қазірде қолданыста бар «нау» түбірінен туындайтын «науқан», «науа», «науетек», «науай», «науайхана», « нәумез», «нәумет» қатарлы сөздердің (атау- терміндердің) қай- қайсысыда үлкендікті, молшылықты білдіріп тұрғанын көріп те, біліп те отырмыз. Дәлелді, түсінікті болу үшін бірден атап өтейін:
Науқан – үлкен қоғамдық қимыл, М: той, нәзір, әркезекті қоғамдық үндеулерге байланысты мезеттік үгіт- нәсиқат қатарлалар.
Науа – малға ашы(ащы) – тұз, жем беретін үлкен де ұзын астау.
Науай – сауда жұмысы үшін көп нан пысыратын (пісіретін) арнайы наншы.
Науайхана өз отбасында ғана емес көптің қажеті мен сауда қажеті үшін дайындалған арнайы нан жасайтын орын.
Науетек – көзге сиымсыз оғаштау көрінетін ерекше кең етекті киім.
Наумет – жекелей тұлғаларға емес, зор көлемдегі халыққа зиянды қолдан жасалған апатты жағдай.
Нәумез – жеке тұлғада бір ғана істе емес барлық іс- әрекетіндегі босаңсуды, жәйбірлеуді, жалпылық жағдайда топтық тоқырауды, шабандауды білдіреді, (соңғы екі сөздегі «нау» түбірі дыбыс үндестік заңына қарай жіңішкеріп «нәуге» өзгерген).
Арғы заманнан келе жатқан осы тілдік құрылым заңы бойынша жоғарда атап өткен атау – терміндердің түбіріне зер сала отырып «наурыз» атауының түбірі «нау» жоғардағыдай көптікті, молдықты, жалпылықты білдіреді, ал соңғы буындағы «рыз» рыздықты білдіріп «мол ырыздық» деген мағна үстейді немесе түптегі «науырыс» (мол ырыс) болуыда ғажап емес, ол да тіліміздің дыбыс ара үндестік заңы негізінде соңғы «с» дыбысы «з»ға» өзгеріп «мол ырыздық» деген мәнді, тіпті еш өзгеріссіз «мол ырыс» деген тамаша мағананы да беріп тұрған байырғы қазақ тілі. Ал осы тұжырымды онан ары байыта айқындай түсетін ендібір ерекше жәйт «наурызда» (мол ызыздықта немесе молырыста) бейнеленіп тұрған осы мереке жылдық ырыздықтың басы болған алғашқы көктемдегі шөптің көктейтін, астық тұқымы атызға себілетін, малдың да, аңның да төлдейтін, құстың жұмыртқалайтын мерзіміне тура келіп тұрмай ма?! Осы ғылми сараптау негізінде кейбіреулердің «Парсының тілінен» дейтін өз тіліндегі қисынға түсіп тұрған мүмкіндікке қарамай біреуге қосқолдап ұсына салуға өз басым қарсымын . Оған қарағанда қазақылыққа тағы біртабан жақын ұлтжандылығы күшті екі- бірлеген азаматтардың «көктем мезгілі ақтың тасқын тұсы болғандықтан қазақта енді туған малдың уызын асып оны «нәруыз» деп атайтын, «науырыз» атауы осы «нәруыз» ұғымнан шыққан қазақы атау» деп қарайтын көзқарас ұсынып жүргендерде бар. Бұныңда қисыны жоқ еместей, менше тек қана уызға қарату «наурыз» (нау- мол, рыз- ырыздық) деп аты- ақ айтып тұрғандай әйгілі мол ырыздықтың басы болып тұрған мазмұнға тым тарлау сияқтанады. Дұрысы түбір сөздегі көптік, молдық, жалпылық мағна үстейтін «нау»дан туындап молырысты (ырыздықты) білдіретін «науырыз» таза байырғы қазақы тіл деп тұжырымдау – сөз нәрінің де, көктем айының да оңжамбасынан келетін дұрыс атау,- деп қараған дұрыс, ағайын!
Науырыздың мереке- мейрамға айландырылуында ата- бабамыздың аса үлкен парасаттылығы жатыр. Ол ұлы жаратушы заңы бойынша жаңылыссыз жылына бір уақытта ғана келіп тұратын күн мен түннің теңелуіне (22-наурызға) тураланып былайғы жерде түн қараңғысын күн жарығы жеңіп адамдарға жарқын шуақ силанатын; қыс ызғарын көктем шуағы ығыстырып мал- жан, аң- құс қатарлылардың бәріне жерден шығатын теңдессіз ырыздығының жолы ашылатын; мал көкке, адам аққа тойын болатын, жұтыңқы тарта сарғайған сары дала бусанып мал тісіне алғашқы көк іліне бастайтын ілгерісалым жылы шуаққа бет алады. Ұлы табиғаттағы осынау теңдессіз құндылықты білген ата- бабамыз осыбір мол ырыздыққа жүкті болған орайлы шақты (күн мен түннің теңелген күнін) мереке еткен. Ұлы мерекеде асарқауы болған- Бидәй, ет, қатық, тұзды негіз ете көп болсын деп тары, тоқ болсын деп бұршақ, арыдан үзілмеген тек болсын деп өткен жылынан қалған тері тұлып түбіндегі ас- мәзірінің нәрі – қызыл ірімшіктің ұсатылған түйірлерін қосып науырыз көжесін жасап өзара айтшылап (айттап) үлкенге амандасып, науқастың көңілін сұрап, өкпе- араздасқандарын дәмге шақыра кешіріскен. Осынау дабыралы да, думанды кең көлемде қанат жәятын ұлттық мерекені «ұлы істің ұлы күні» (ұлы табиғаттың да, оған сәйкес адам харекеті мен рухани әлемінің де жаңаратын жылдың басы деп қараған. Ал бұрынғы көне көздерімізде бұл күнді «ұлыстың ұлы күні» деп атайтұғұн да салт болды. Мұнда екі түрлі мағна жатыр: бірі, ұлыс- «ру», «тайпа», «ұлыс» дегендегі ұлыс,
әлі де ұлт болып қалыптаспаған «ұлыс» атауымен жүрген тұстағы өте ертеден келе жатқан ең байырғы мереке екендігін; енді бірі, ұлыс- жыл басында басталатын «ұлы іс» дегендегі байырғы қазақ тілі.
Менің пәйімімше толық ұлт болып қалыптасқан қазіргі таңда жалпы ұлттық жағдайға үйлетіре «ұлы істің ұлы күні» деп ұстану дұрыс деп қараймын.
Ұзақ тарих бойына жалғасып келген осы мейрамда халқымыз әуелі, үлкендерді құрметтеуді, оларға амандаса барып жылдан аман- есен шыққанын құттықтап қайтуды, «асықсаң жақсылыққа асық» дегендей өңірлік кілиматтық жағдайларының ұқсамауына байланысты даталы мереке күннен бұрынырақ бастап тойлата беретін де жағдайлар айырым өңірлерде күні бүгін де жалғасып келеді, ол да еш оғаштығы жоқ қалыпты құбылыс саналады.
Дәстүрлі ұлттық мейрамда қазақы ұлттық киім, ән- күй, би, айтыс, жұмбақ шештіру, жаңылтпаш айттыру, атойындары қатарлы ұлттық ойындарымен әрлеп неше күндерге жалғастыра думандатып отырған. Үй, аула тазалау, сукөздері мен жол кедергілерін ашу, ағаш егу қатарлы игі істермен де мерекенің мерейін асырып, мазмұнын байыта түскен.
Бүгінгі електрондық тұрмыстық бұйымдар мен қалалық тұрмысқа бой ұра қоймаған ерте дәуірлерде көшпелі қазақ жұртының далалық мәдениетінің қайнар көздерінің бірі қолда бар төрттүлік мал мен аң- құс және көкнілді орман- шөптерді қалай қорғау, исрапсыз қалай пайдалану еді. Осы тұста қазақ жұрты алғашқы келетін жыл құсы мен жердің көркі- алғашқы шыққан дала шешегін қуаныштың хабаршысы деп балайтын ырымы да, тиымы да болған. Мұндағы қар енді алатектеп (ала етектеп) кете бастағанда келетін «жыл торғайы» деп атаған «кей өңірлерде «шыбжық торғай» деп те атайды) қысторғайынан сұңғақтау қанат- құйрығы ұзын мал мен бірге ұшып- қонып жүретін көксұры торғай мен «көктем хабаршысы» атанған қарлығашқа аса құрметпен қарап, әрқайсы отбасы балаларына олардың жұмыртқасын жарғызбау, балапандарын өлтірмеу үшін:
«Торғай- торғай атым бар,
Бір жапырақ етім бар,
Әкең жауға кеткенде,
Шешең өліп жетім қал» деп қарғайды деген адамдардың көкейіне қорқыныш ұяалату арқылы балалардың оларға зиян- зақым жеткізуіне қатаң тиым салған. Сонымен бірге күн нұры толық түсетін саздауыт жерлерге басқа әрқандай гүлшешектерден көп бұрын гүл ашатын «сазшешегі» (көктемгүл) деп аталатын күлгін түсті гүлді де халқымыз жақсылыққа балап жолыға қалғанда тек үлкендер ғана бір талын алып, әуелі, бір искеп жіберіп сосын, «бағың жәніп, гүлің ашылсын, қызым» (қыз баланың отырып қалуынан қорқудан туындаған ырым болу керек) деп кішкентай қыздардың ғана тұлымына қыстырып қоятын да ырым болған. Ал ұлдарының да, ересек қыздарының да өз беттерімен үзіп- жұлуна «көкті жұлсаң көктей орыласың» деп оғанда қатаң тиым салатын салт болған.
Міне бұдан тұтас ырыздықтың басы болатын көктемді «жыл басы» (жаңажыл) деп атап оған соншама құрметпен қарап думандатып өткізетінін көре аламыз.
Жерге құрмет- елге құрмет, салтқа құрмет- санаға жол, қожайындық рухқа бел, ағайын!
Көктем шуақты, ел- жұрт бай- қуатты болғай!
Авторы:
Педагок, Публицсит, жазушы Жұмашәріп Шәһадатұлы Дәндібай
Астана қаласынан тілдескі: 87788938566

Related Articles

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    Олар ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілінде оқудан бас тартқан. Неге солай ? Өйткені олар қазақ тілін таңдаған! Қазір университетте қазақ тілі курстары ашылып жатыр. Айтқандай, Әзербайжандарға тілімізді қолдағаны үшін құрмет пен құрмет. Олар нағыз бауырлас халық екенін көрсетті. Бірақ қазір біздің қорғаныс министрлігіне сұрақтар туындайды. Бұған дейін барлық шетелдіктерді орысша үйретіп пе еді? Біреу не сұрайды? Әйтеуір, білім – қазақ тілін насихаттаудың ең жақсы тәсілі. Ал неге орыс тілінде оқытады? Ал кім үшін? Ең қызығы, осының бәрін тек Әзербайжандардың арқасында ғана білетін боламыз. Ал неге бұрын қазақша оқытпаған, ең болмаса кейбір елдерде. Неге сол қытай тілін орысша үйретеді? Руслан Тусупбеков

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: