|  |  |  |  | 

Көз қарас Мәдениет Руханият Әлеумет

Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

Screenshot
        Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік.
Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді.
Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!?
Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы.
Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны өзгертеді деп ойлап келдік, сөйтсек орта адамды өзгертіп жібереді екен. Демек біз адамдарды мәжбүрлемейміз, адамдардың ортасы мен олар үшін қалыптасқан норманы өзгертеміз. Яғни қазақ тілінде өмір сүруге жеңіл орта құруымыз керек. Мақсат – қазақ тілін міндетке емес, әдетке, күнделікті дағдыға айналдырайық.
Мемлекеттік қызметшілер немесе қызмет көрсету саласының қызметкерлері күнделікті коммуникациясын қазақша бастауға бейімделгені жөн. Түсінбеген жағдайда ғана орысша/ағылшыншаға көшу керек. Бұны нормаға айналдырған дұрыс.
Бұл әрекет адамдарға тілді патриотизм деп емес, қажет болғаны себепті, ыңғайлы болғаны үшін пайдалануға итермелейді. Адамдар қазақ тілін күш салып үйренбеуі керек, оларға қазақша сөйлейтін орта ыңғайлы бола бастауы керек.
Яғни біз адамды өзгертуді, бірдеңе үйренуді емес, оған қазақша орта қалыптастыруды ойластыруымыз керек.
Енді негізгі сұрақ. Ол ортаны қалай қалыптастыра аламыз?
Өзгеріс екі жақтан болуы керек сияқты. Халық та талап етуі керек, яғни bottom-up болғаны жөн. Билік те бұған сәйкес шешім қабылдауы керек, яғни top-down әдісіне жүгіну керек.
Менің ойымша, қазір халық қолынан келетіннің бәрін жасады, енді биліктің кезегі келді. Ендеше: билік қандай шешім қабылдай алады?
Ең алғашқысы – мемлекеттік органдардың қызмет көрсетуін by default қазақша ету. Яғни:
- мемлекеттік қызметкердің алғашқы жауабы қазақ тілінде болуы керек. Түсінбесе ғана басқа тілге көшсін. Бұл бекітілген хаттама деңгейінде болуы тиіс;
- мемлекеттік орган ұсынатын қағаз алдымен мемлекеттік тілде болғаны жөн. Талап етсе ғана, басқа тілде ұсынуға болады;
- қаладағы визуал ақпараттың бәрі алдымен қазақша болуы керек;
- бизнестің визуалды ақпараты мемлекеттік тілде болуы тиіс. Басқа тіл опция деңгейінде болғаны абзал;
- қаланың навигациясы мен қоғамдық көліктердің нұсқаулықтары тек қазақша болғаны дұрыс;
- бизнес қазақша ақпаратты алдыңғы планға қойғаны үшін орталық билік пен жергілікті әкімдік гранттар мен субсидия бергені жөн;
- Qazaq Friendly белгісін жасап, 2GIS сияқты сервистер арқылы сол белгіні тарату керек.
Заңды өзгертей, қазіргі заңнама аясында жасауға болатын мұндай өзгерістер жетіп артылады. Бастысы саяси ерік пен бюрократияның аппаратты жұмыс істеуге итермелейтін мотивациясы болса жетеді.
Бұл әрекеттер ешкімді мәжүрлемейді, тек қалыптасқан норманы ауыстыру үшін ғана жасалады. Себебі default тілді қазақ тіліне ауыстыру мемлекеттік тілді дамыту үшін ең ықпалды көмек болар еді. Бұл қадамдар ешкімге зиян келтірмейді, бірақ қазақ тілінің позициясын күшейтеді.
Мақсат біреу – тілді жекелеген адамдарға міндетті талап етіп қоймай, қазақ тілінің мүмкіндіктерін арттыру арқылы дамытамыз.
Қазақ тілін міндетке емес, әдетке айналдырайық. Ал мұның басында билік тұруы керек. Бұл қадамды қарапайым адам емес, президент бастауы керек.
Біз ешкіммен күреспейміз, ешкімді кінәламаймыз. Бірақ қазақ тілін биліктегі нормаға айналдырамыз. Қазақша ортаның негізгі орта болуына, қазақ тілінің by default тілге айналуына ұйытқы боламыз.

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: