Көктоғай ауданы дүре ауылының оқу- ағарту тарихынан қысқаша шолу
Мәден Жәнімхан ұлы
Көктоғай ауданының дүре ,қара бұлғын ,үш бітеуді мекен еткен қазақ ұлты тарихында 1930 – жылдардан бұрын рулар бойынша діни жекеше (арап тіліндегі құдайға құлшылық ететін сенімдегі ) оқытумен шұғылданатын молдалар болып,ел ішіндегі өзіндік ауқатты адамдар мешіттерден және жеке оқытатын молдалардан арапша жазу үлгісінде сауатын ашқан.
оқыту шарт – жағдайы өте төмен парта- орындық ,қағаз-қарындаш болмағандықтан шәкірттер ағаш қалақша немесе хаюанаттардың жауырын сүйектеріне бөяумен ағаштың күйесімен тізесіне қойып жазу жазып үйренген.
жазу жазылған қағаз болса,‹‹қасиетты ››деп жерге тастамайды,аяққа баспайды.‹‹пысымылла ››деп алып,моллаға табыс еткен . алғаш оқуға түскен шәкірттер моллаға си –құрмет білдіріп,тіл ашар апараған,тыл ашарға бардам адамдар мал берген,кемінде силы жілік ет немесе астық тату еткен . 1934-жылы шинжяңға аты әйгілі ағартушы –баймолла қареке ұлы жаңаша мектеп ашып,пани оқытуды жалпыластыруды үгіттеп ,ел арасына келіп әрәләп,өз қолымен халық жұртшылығы ішінен ‹‹мын хашұе таң ››деп аталатын педагогикалық тіл мектебіне оқушы қабылдаған. 1934-жылы бұл мектепке меркіт руынан құрманбай тянақ ұлы,қарақас руынан шәріп абдырақыман ұлы қатарлы сауаты ашық адамдар қабылданып,1938-жылы оқу бітіріп келген. олар келген соң ел ішінде жаңаша мектеп ашу,бала оқыту кеңінен ұгыттелып,халық жағынан жылу жинәліп,әр қайсы ру басшылары мен беделді адамдардың бас болуында 1938- жылы күзде халық күші мен ‹‹балапан мектебы››,‹‹бақша мектебі››,‹‹әсіл мектебі›› ‹‹білім мектебі ›› қатарлы жаңаша мектептер салынып,бала оқытқан. оқы мерзімі 4 жылдық бастауыш мектебі болып,1-сыныптан,4-сыныпқа дейін әр жылы күздің қараша айынан келер жылдың 15- науырыз күніне дейін ,1- маусым؛ сәуір айынан ,маусым айына дейін 2- маусым оқу оқытқан. қыста мектеп,жазда көшпенді кигіз үйлерде оқыған оқушылар. оқытан сабақтары: есеп ,әліппе,жағырапя,жаратылыс,діни сауат ( иманшат) . әр күні түстен бұрын пәни жаңа сабақтар,тұстен кеиін діни сауат орналастырылған.бұдан тыс тазалқ, тұрмыстық сауат берілді. дене әрекеті тірнек ойналды,хор (ән ) әйтіләді.пиесә ойналады. мектеп құрлысының асты – үсті сырсыз ақ тақтай болып,бұл тақтайларды халық орта жәйләудән қол әрәмен тіліп,өлшеп кесіп,көліктеріне артып әкелген. әр қайсы оқытылатын оқулықты сәрсүмбеден көлікпен аудан бойынша зәкәзетіп, бір нұсқадан оқытушыларға жеткізіп береді,шәкірттерде оқулық болмайды,қара тақтайдан (дөскәдән) көшіріп алып оқыиды.азатықтан бұрынғы оқулықтар қазақыстаннан шығарылған сылауян әріппен жазылған ,азаттықтан кеиінгі оқулықтар сол кезде мұқаш қаке ұлының редәксяләуіндә шығарылған. қағаз өте тапшы болып,шайдың қабы,сабан қағаз,сыртында сыры жоқши қарындаштар да оңайлыққа табылмайды.50 парақ қағазы бар бір ақ дәптерді (титаратты) быр серкешке сатып алуға тура келеді де семялық тұрмысы төмен кедеи балалары оқу өрәйінәйе бола алмады.басым көп санды жұртшылық ішер әс,кіиер киімге жарымаған.
мектепке тапсырма орындамай келген балаларға ,тәртіпке бойсынбаған балаларға екі қолына немесе бір қолына керпіш көтерту жазасы берілген.әл сотқарлық істеген шәкірттерге ойын залының алдындағы сахана тақтайының астына түсіріп жауып қою жазасы қолданылған.алыстан келетін балалар мектепке тай- тайынша мініп келеды.жақындағылар жаяу жүреді,семясі алыстағыылар жақын туыс,құда- жегіжәттәрінің үйіне тұрып оқған. оқытушылар діни салыт –санаға бөйсініп,бес уақыт намаз оқиды.әр аптаның жұма ( аптаның бесінші күні) күні демәліп ( азат күн) ,жұма намазына қатынасады.осылайша халықтың діни сеніміне құрмет етіп,өләрдің сеніміне ие болуды мақсат еткен.
1938- жылы коктоғай ауданы дүре өңірінде ашылған‹ білім ошағы ,мәдениет бесігі ›болған тұңғыш жаңаша мектептердің қысқаша ахуалы төмендегдеи: 1. бақша мектебі
бақша мектебінің орыны- қазыргы дүре қарасу қыстағында болып ,қарақас руынан зеинел (үкірдәй) ,әбдырақыман (би) , әдылқан (би) ,сағатай (зәңгі ) , расол ( залың ) қатарлы адамдар басқарып,8 бөлмелі,бір залды керпіштен асты- үсті тақтай етіп ,мектеп салдырған. уақыты: 1938- жыл күз.
мектеп бастығы: шәріп абдырақыман ұлы.
оқытушылары: акымғали аңсаған ұлы, ержән нұрқожа ұлы, зеинел тақырмолла ұлы, ризәбек садуақас ұлы қатарылар. оқушылары: жамсап, задай, ахмет,қапдырақ,толегетай,бобеиқан,мұқтарқан,кайпен,асығат қатарылар.
бақша мектебінің бұл құрлысы 1940 –жылы қаңтар айында аудан әкімін қарсы алатын ойын (пиессә) дайындап жатқанда моржадан шыққан оттан ,өрт апатына ұшыраған. 1941-жылы мектеп бастығы-шарып қайтыс болып,орнына жеменайлық долдаш мақыш ұлы келіп мектеп бастығы болып тағайындалған.
мектеп қайта ремонтталды.ақпас қамза ұлы қатарлы оқытушылар келіп толықтанды.қылына орта есепен 60-70 оқушы оқиды. 1952-жылы күзде қайтадан 3 бөлмелі ағаштан оқыту үйі сәлініп,мектеп аты ‹‹дүре мектебі›› болып өзгерді. мектеп бастығы- акымғали болды. 1954-жылы сәуір айында арал районының ұйғарымы бойынша ,районның оқу –ағартуға жауапты адамы – расол сөлтікен ұлының басқаруында дүре ауылдығынан акымғали, ебықан,алпплам ыдырыш ұлы, жамсап төлеубәй ұлы қатарылар халықтың көмәссяләрі болып сайланып,бұрынғы бақша мектебінің орыннан халықтан міндетті оқу –ағартуға 500 тұяқ қой жинап ‹‹ дүре мектебін ›› салдырды. құрлыс қаражатын акымғали аңсаған ұлы басқарды. мектеп құрлысын реттеп салған –қасым мұжаң деген адам екен.
мектеп бастыығы – акымғали аңсаған ұлы.
оқытушылары: мүсәбек, биқожа,мұқадыл, қайса, пәузікәрім қатарылар.
мектеп құрлыс 6 бөлме ,быр залды оқыту үйі болып,бұл мектепте 1958- жылға деиін жылына орта есеппен 200 ден астам оқушы оқып отырған.
оқушылары: алтынғазы құмырысқа ұлы, батырқан байдолла ұлы, болысқан бақтыбай ұлы қатарылар. алымғали аңсаған ұлы дүре мектебінен 1959- жылы тұрғын мектебіне ауысып істеген.
2. Балапан мектебі
балапан мектебінің орыны- қазыргы қызылжар қыстағының аяқ жағында ғы сары қарын түкпірінің аяқ жақ түсі,өзеннің сөлтүстігіндегі қызылжар керішінің аяқ жақ жадағай етегіндегі зақты қыстағының малшысы –әсет сапан ұлының ұйының қасында.
мектеп 1938- жылы салынған.
молқы руынан Момынбай ( би) , меркіт руынан –Әйсек ( зәңгі) , Тянақ ,Әсербәй,Бәйсөлтән қатарлы адамдар басқарып салдырған.
мектеп бастығы- Мәуітқан Бүркітбәй ұлы. оқытушылары: Өмырзақ нақыштай ұлы, Марқаба иса ұлы ,Қиса әндебәй ұлы қатарылар. мектеп құрлысы 4 бөлме,бір зал,быр ойын (пиессә) үйі бар.асты –үсті сырсыз ақ тақтай бөліп,ең алғашқы оқушылары: әндестән,бәпсән жидебәй үлі,түрік оқтан ұлы,мауыт мұса ұлы, дауытқан аңсаған ұлы, зәкәря алжан үлі,әнуәр жарылқасын ұлы ,жәлел қанжыға ұлы қатарыларболып,жылына орта есеппен 50-60 оқушы оқиды. балапан мектебі 1954-жылы арал районы құрылғаннан кеиін қайта ремонтталып,ормандағы рақыметтоланың заңды декөмүтімен терек тақтаймен әндестән жидебәй үлі,кәлмік әлдибәй үлі,шәкен баспақбай ұлы қатарлы адамдар көктемгі сәуір айында арнаулы тауға көшкен елден қалып,бырнеше ай уақытпен мектептің асты- үстіін қайта тақтайлап шыққан. балапан мектебі арал районның сойылты ауылына қарасты болып,1954-жылдан бастап арал районындағы 6 ауылдық құрылғаннан кеиін ‹‹сойылты мектебі›› деп аталған. сойылты мектебінде 1959-жылғы халық гүңшесі құрылғанға деиін бала оқыған.кеиын асты –үстіінің тақтайы дүре мектебіне әкелініп,керпіш құрлымы 1984- жылға деиін малшылардың түйе қорасы ретінде істетілген. 1954-жылдан 1958-жылға деиін сойылты (балапан) мектебі мен асыл мектебі бірлікте басқарылып,мектеп бастығы – ескендір болған. оқытушылары: мүкәрәм мұсақан ұлы,мешытқан жақсыбай үлі,мәжәй аңсаған ұлы,мұратқан зя ұлы, қапден қонысбай ұлы қатарылар бөліп,әр жылы сойылты ,асыл мектептеріне әуістіріліп,теңшеп орналасырылған. екі мектепте жылына орта есеппен 180 неше бала оқыған . оқушылары: дәлеуіш,рәушән әндестән ұлы, шайза мәсек үлі,күнбет әкілбәй ұлы, қарақат жуанған ұлы,қамет көләли ұлы, қайырқан қапдолла ұлы, қаден қожақапан ұлы,шайза қожақапан ұлы қатарылар. 1958-жылы күзде сойылты мектебіндегі оқытушылар қосынына оралғажы қасымқан ұлы ,мұратқан қабдеш ұлы қатарылар келіп толықтанды.сол жылы аралас қоспа сынып оқыитын оқушы саны артып ,280 балаға жетті.
3.Асыл мектебі
асыл мектебінің құрлыс орыны- ортанғы бітеудің тұсындағы өзеннің сөлтүстік жағында,қазыргы ‹жәйілім мектебінің › ішкі жағы ,зуқаның сар құмының бас жағы . бұл мектепті ителі ,шеруші руларынан боранбай ( тайжы ) ,саляқын (тайжы) ,мұстари шарбақбай ұлы қатарлы адамдар бас болып салдырған. уақыты: 1938- жыл.
мектеп бастығы- сеитқазы мақа ұлы. оқтушылары: жуанған тойшыбай ұлы,мұстари шарбақбай ұлы . оқушылары: бәтікеи қырықбай ұлы, аупарыш шарбақбай ұлы ,қайса ысқақ ұлы, қақыш, шоқым, уалдан (молла ) зеинөллә ұлы, нәби, мақсұм түсіп ұлы, төлеген толенқан ұлы,ахмет қатарылар.
мектеп құрлысы- 4 бөлме ,быр зал ,асты –үсті самырсын тақтай,тақтайын насыншал жәйләуінән тіліп,жеке семяләр бөлісіне әліп,көлікпен артып әкеліп берген. тақтайын ағащы –мадыбайға өңдетіп салдырған . бұл мектеп құрлысы-1966-жылы маусым айында өзен суының тасқын апатына кеткен.әр жылы орта есеппен 60 бала оқыған.
4. Білім мектебі
Білім мектебінің құрлыс орыны –қазыргы қара бұлғын ауылдығының батыс жағы. мектеп құрлысы алғашында ағаштан салынып, оқушылар 1938-,1939- жылдары ағаш үйде оқған. 1940 –жылы қарақас руынан ақтеке (би) ,даба (би) ,жанат (зәңгі) ,шақабай зал (зәңгі ) ,сарбас нүсіпбәй (қажы) қатарлы адамдардың бас болуында ыалықтан міндетті түрде оқу- ағартуға хор топтап,халық күшімен кірпіштен асты –үсті тақтай 6 бөлме, бір залды мектеп құрлысы салынған. мектеп бастығы – қабыштай ( шеруші ) . оқытушылары: әшірәп қанжарқан үлі,шәкен, мұқай тұрған ұлы, матай қожықан ұлы, байдолла қали ұлы қатарылар.
алғашқы оқушылары : уақит қалел ұлы,құмарқан жаңқабай ұлы, зарқан сәден ұлы, самян әлжән ұлы, мінәт көкеи ұлы қатарылар болып,жылына орта есеппен 160 оқушы оқыған. 1942- жылдың соңынан 1949- жылғы бүкіл ел азаттыққашыққанға деиін жәукершілік заман болып ,ел орнықсыздап,жер аударып,ақтабан шұбырынды дан алды гансу,чиңхайдан ,арты боғданың жемсәрі ,шонжы ,мори аудандарынан алтайдағы мекеніне оралғанша балалар оқу оқи алмады. алтай халқы бытырап,тозғындап,быр бөлімі аяғы жеткен жерлерінде мекендеп қалды. 1950- жылы қыркұйек айында күрті мектебі құрылды.мектеп бастығы- мұрат (алтайлық ) болды. оқытушылары: іризәбек садуақас ұлы, ақымет бабақұмар үлі,жәудет абдырақыман ұлы қатарылар болып,1-сыныптән 4-класқа деиін 120 оқушы оқыған . оқушылары: құмарбек садуақас үлі,бике сағатай ұлы, тұрақан қуаныш ұлы қатарылар. 1951- жылы маусым айында күрті мектебінің құрлысын халық жағынан қайта жәңәләп,керпіштен салып,асты –үстін тақтайлап шықты. мектеп құрлысы- 5 бөлме,бір зал болып ,ішіне мақсұт (ұйғұр) қажы орыс парта- орындығын жасап шықты. 1952-жылы қараша айында ел дүреге көшіп келып,халық жағынан 3 бөлмелі ағаш үйден мектеп салынып, бала оқытқан. білім мектебінің орына құрылған осы мектептің 1952-,1953- жылдары мектеп бастығы- қақан жазит ұлы болған. оқытушылары: жәудет абдырақыман ұлы,қатап сүкірбәй ұлы, ақмет бабақұмар ұлы қатарылар болып, жылына орта есеппен 90 неше бала оқыған. жоғардағы бақша (дүре) мектебі,бәләпән ( сойылты) мектебі ,асыл мектебі қатарлы мектептерде 1959- жылға деиін бала оқыған әрі оқыған бала саны жыл сайын артып отырған,қосымша ересектердің сауат ашу пәндерін ұйымдастырып отырған. 1959-жылы қыркұйек айында дүре халық күммунәсі құрылды. көммунә орталығына 4 жылдық оқыту түзіміндегі дүре бастауыш мектебі құрылды. бұл мектептің құрлысы- 11 оқу үйі болып,ағаш үй және бірнешеуі қос шабақ үй . бұдан тыс дамба қыстағында 4 бөлмелі бөлімше мектеп болып,жыиыны 1070 оқушы оқыды. мектеп бастығы- қабақай сағди ұлы . оқу бөлім бастығы- мүкәрәм мұсақан ұлы. қожалық бөлім бастығы- ескендір таығар ұлы. оқытушылары: ақымет бабақмар ұлы, құсыман жапар ұлы, оралғазы қасмқан ұлы, құмарбек садуақас ұлы, пәузілкәрім тантан ұлы, қапдыразақ сүлеимен ұлы, тұрсын бақтяр үлі,тәкпір шамай ұлы, бақытбек рақым ұлы, шаған қозыбай ұлы, мұратқан қабдеш ұлы . дамба бөлімшесінде: сәлынбақы санязұлы ,тұрсынқан борқыбай ұлы, жанымқан шәрмен ұлы, абзалқан зәлкен ұлы, қайса, нұржами (салынбақының әйелі ) қатарылар тұрды.
1960- жылы көктемде халық тұрмысын қамдау қыиынға соғып, ауыр ашаршылық апаты салдарынан 72 оқушы аштықтан өлумен бірге дұре,қара бұлғын халқынан жыиыны мыңға жуық адам шығынға ұшыраған. осыдан кеиін халықты ашаршылықтан құтылдыру үшін күрті, кокебұлақ қатарлы жерлерге бытыратып қоныстандырған. осы жылы мамыр айында жоғардағы мектептерден тыс ,әмырқалық деген жерден кокебұлақ бастауыш мектебі салынып, кокебұлақтан тың жер ашқан егіншілік қыстақтары мен малшылық қыстақ оқушылары осы мектептен оқыды. күртіге барған елмен малшылардың бір бөлім балалары күрті мектебінен оқыды. көкебұлақ бөлімше мектебінің ,мектеп бастығы – мүкәрәм болды. оқытушылары: мұратқан қабдеш ұлы, әбзалқан зәлікен ұлы (1962-жылы ауырудан қайтыс болған) ,аудыған аққожа ұлы, тұрсынқан борқыбай ұлы, қапдыразақ, тұрсын, қайса, қабылқан зяда ұлы, насыпқан ешмұқамет ұлы ,төлен,күмбет әкілбәй ұлы қатарылар. бала ертісте бір оқыту түйіні болып,1-,2-сынып қоспа сынып ашылып,шаған қозыбай ұлы оқытты. жалпы кокебұлақ малшылық оқушылары 13 сынып,жіиіні 294 оқушы оқыды. кұрты,кокебұлақ мектептерінің оқушылары бір жаз ауыр тұрмыс қыиыншылығына ұшырап,жабайы жоңышқа және өткен жылда атызда қалған біидәй масағын теріп жеп күн кешырген.ашаршылықтан қара биыт басып,жатақта жатқан бірде екі оқушы өлді.бір бөлім оқушылар оқудан қол үзіп кетті.
дүренің өзен бойындағы халық су тасыған кезде өрлеген балық пен хоректенып ,аштықтан құтылған. 1960-қылы күзде бір қанша оқытушылар жаңа жазуды жалпыластыру курсісінә барып келіп,1960- жылы қыркұйек айында қабылданған жаңа баладан бастап жаңа жәзумен оқтты . 1961-жылы қазан айында дүре бастауыш мектебінің бастығы- қабақай коктоғай ауданына ауысып ,ескендір дүре бастауыш мектебінің бастығы болды. мүкәрәм-кокебұлақ мектебінің бастығы болып тағайындалды.екы мектептің қазыналық есебі бөлініп, жеке- жеке өз алдына әкімшілік таңбасы болды. дүре мектебінің бұқалтыры- ақымет бабақұмар ұлы,кокебұлақ мектебінің бұқалтыры- құсыман жапар ұлы болып ,маусым сайын аудандық оқу бөлімі арқылы қазынаға есеп өткеріп тұрды. 1962-жылы қыркұйек айында дүре мектебінен бір ханзу сынып ашылып, чын жұңхуа халық мұғалымы болып істеп, райқан,камен, лин гуәңчің қатарлы ханзу-қазақ балаларынан 18 бала оқуға түсті. содан бастап дүре мектебінде ханзу тілде оқыитын сыныптәр біртіндеп жалғасты. 1961-жылы қыркұйек айында дүреден қазыргы сойылты мектебы,кокебұлақтың аққорған,тұнқатар оқыту түйіндері салынып,оқытуорындары кобеиып,оқуға түскен оқушы саны жыл сайын артты.1962-,1963-жылдары алтай сфан мектебін бітіріп сеитбек, сапарқан зайнолла ұлы,абзалқан далабай ұлы,толеуқан (әйел) ,тұсыпқан қалабай ұлы, қабынназыр қатарлы оқытушылар келіп ,оқытушылар қосынын толықтады.
1961-жылы қыркұйек айында коктоғай кен районынан қу ертіс қалашығына аудандық 1-орта мектеп көшіп келу бәйләнісімен кокебұлақ бастауыш мектебінің аяқ жағына ,әмырқалықтың басына 3 бөлмелі оқыту үйі салынып,аудандық 1-ортаның бөлімше орталау сыныпі ашылды.
мектеп бастығы-дұйсенбек.оқытушылары: қажымұқан әбілтәй ұлы, кұлзиға,абұйр,нағима,шарыпқан,зұлқаржы қатарылар. алғашқы оқушылары: мұқатай, мақан,жамиғы,құралбай қатарылар. 1962-жылы қыркұйек айында қабылданғандар:ақан,қадуан,касира,мағя,құмар,какым,қасен қатарылар.
1963-жылы қыркұйек айында қабылданғандар: ұлтқан,сакынат,құмарбек,атубай,беиылқан,қанипа,әныған,акым,латай қатарылар бөліп,әр жылы орталау 1-жылдықты тауысқан оқушылар аудандық 1-ортаға жөткеліп отырған. 1963-жылы 1-жылдыққа қабылданған оқушылар 1964-жылы күзде мектеп тағанындағы оқытушы қажымұқан семясі мен бірге ауданға барды да бөлімше мектеп қысқартылды. 1963-жылы қыркұйек айында бастауыштың 4-сыныпін бітірген оқушылардан бір класқа 25 оқушыны кокебұлақ бөлімше орталауына талдап алып, орталау оқыды да басқа оқушылар бастауыштың 5-сыныпін оқыды. содан яғни 1963-жылы қыркұйек айынан бастап ,1990-жылы қыркұйек айына деиін бастауыш бесжылдық оқыту тұзымын атқарып келді. 1962-жылы дұйсенбек,шарыпқан, абұйр,нағималар кокебұлақ бастауыш мектебіне ауысты. бұл оқытушылар аудандағы оқытушыларды жыиып тәрбиелеуде ‹‹іле –тарбағатай оқиғасы›› кезындеқазақыстанға туыс –туғандары кеткендер деп ауыстырлған . 1963-жылы науырыз айында аудандық үгіт буының бужаңы тәйіп пен люфулиң келып,қара бұлғын мектебін 2-фермаға ,қазыргы қар бұлғын ауылына ,қарасты етіп бөліп құруды орналастырды. мектеп басқару жалғасты дүре ауылына қарасты болды да дұре,кокебұлақ, сауда мучаң үш орынның оқытушыларынан 4-сынып оқушыларын сентірлі түрде екі орынға жыинап асхана,жатақ ашып оқытты. 1963-жылы қыркұйек айында 4-сынып бітірген оқушылардың бір бөлімін кокебұлақ орталау сыныпінә талдап қабылдап,қалған оқушыларды тұрсынқан борқыбай ұлының басқаруындағы дүреден ашылған ауылшаруашылық мектебіне және бір қаншасын бастауыш 5-сыныпінә қабылдап оқытты. міне бұл оқушылар 1-ден кокебұлақ бөлімше орталауына қабылданған соңғы жылғы оқушылар болды. 2-ден дүренің оқу –ағарту тарихныда бастауыштың бесжылдық оқыту түзімі басталған алғашқы жылғы оқушылар болды. 3-ден дүреден тұңғыш рет ауылшаруашылық мектебіне қабылданған оқушылар болды.
коктоғай аудандық оқу- ағарту мекемесінің 2000-жылы6- қараша да шығарған құжатында дүре мектептерінің құрылу жыл шегін мындай деп тұрақтандырған:
- дүре 1- бастауыш мектеп: 1954.9
2.2-бастауыш мектеп: 1988.9
3.дүре малшылық 1-жатақты мектеп: 1983.5
4,дүре малшылық 2-жатақты мектеп:1983.8
5.дүре 1- орта мектеп:1968.9
6. оқыту район:1985.5
қазыргы кезге келгенде мектеп құрлысы кемелденіп, оқытшылар қосыны толықтанып, сапа оқу –ағартуы жалпыласып, қос тіл оқытуы жолға қойылып, оқыушылар қосыны жастанды. балалар қамсыз оқуда. өткенде оқытушылар мектеп құрлысын өздері салып, жатақта жатып, оқулықты құрастырып, дәскі алдында боры жұтып, аштықты ,күресті көре жүріп ,жапалы орында қажырлы еңбек еткенін ендігі өрендер біле білуі үшін мектептер ‹мектептің тарихын› құрастырыпкытапша етіп шығаруда. қарт ұстаз болған біздер бұған қуанамыз.
мектеп тарихын құрастыратын жолдастарға пайдасы тиер деген ойдың жетегімен қолымызға түскен ,басқалардан сұрап ұғысқан мәтерялді реттеп , жазып сызған болдық. келшек ұрпақтардың қажетыне жараса болғаны –быздың мақсатымыз сол . айтып бергендер: жамсап қатарлы ауыл ақсақалдары мен жанымқан шәрмен ұлы, қапдыразақ сүлеимен ұлы,жаудат абдырақыман ұлы, мұратқан қабдеш ұлы қатарлы демалысқа шыққан ұстаздар.
келу қайнары :көктоғай ауданы дүре ауылы
kerey.kz


Пікір қалдыру