|  | 

kerey.kz TV

АҚШ-та оқыған жас әскерилер толқыны көрінді

АҚШ-та білім алған әскери мамандар Қазақстанның қорғаныс саласында жұмыс істегісі келеді. Мамандар мұндай жастардың білімін пайдалану қажет дейді.

АҚШ әскери академиясының шәкірттері

АҚШ-тың беделді әскери академиясы Вест-Пойнтта төрт жыл білім алған Мақсат Нұғманов пен авиация академиясына білім алуға енді бара жатқан Владислав Гогуляға маусымның 15-і күні Қазақстандағы АҚШ-елшісі Джордж Крол арнайы сертификаттар тапсырды. Қорғаныс министрлігінің мамандары АҚШ-тан келген жастардың енді жұмыссыз қалмайтынын айтады.

Ақтөбе облысының тумасы Мақсат Нұғманов Вест-Пойнт академиясына 17 жасында түскен. Оған дейін Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқыған. Математиканы өте жақсы көргендіктен Вест-Пойнт академиясында инженерлік тәртіп (дисциплина) бойынша білім алған. Инженерлік жүйеге қатысты қосалқы авторлықпен жазған ғылыми жұмысы да жарияланған. Мақсат Азаттыққа АҚШ-та оқуға түсу, білім алу қиын болғандықтан осы елді әдейі таңдағанын, сол қиындықты жеңіп шыққысы келгенін айтты.

Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол Вест-Пойнт академиясына түсу өте қиын екенін, бірақ, оқу орнының беделі жоғары екенін атап өтті. Елшінің айтуынша, екі жүз жылдық тарихы бар осы академияның түлектері ішінде АҚШ-тың екі президенті (Улисс Грант пен Дуайт Эйзенхауэр) және де басқа елдердің жетекшілері бар.

АҚШ-тың Вест-Пойнт әскери академиясын бітірген Мақсат Нұғманов (сол жақта) пен АҚШ әскери академиясына оқуға түскен Владислав Гогуля сертификат табыстау салтанатында. Астана, 15 маусым 2015 жыл.
АҚШ-тың Вест-Пойнт әскери академиясын бітірген Мақсат Нұғманов (сол жақта) пен АҚШ әскери академиясына оқуға түскен Владислав Гогуля сертификат табыстау салтанатында. Астана, 15 маусым 2015 жыл.

Джордж Крол Мақсат Нұғмановтың алған білімі мен тәжірбиесі Қазақстан үшін пайдалы болады деп үміттенеді. Ал Қорғаныс министрлігінің білім және ғылым департамент жетекшісі Айгүл Төлембаева “өткеннен сабақ алғандарын” айтады. Оның меңзеп отырған «сабағы» АҚШ-та әскери білім алып келіп, елде басқа салада жұмыс істеп кеткендерге қатысты. Осы күнге дейін АҚШ-тың жоғары әскери білім ордасында 7 адам (Мақсат Нұғмановты қоса есептегенде) оқып келген. Бірақ, оның бәрі Қазақстандағы әскери салада қызмет етпейді екен.

– Қорғаныс саласына қызмет етпейтіндер бар. Олар (АҚШ-та оқып келгендер) өте білімді. Тілді (ағылшын тілін) біледі, математикалық, инженерлік мамандықты меңгерген. Ұлттық, шетелдік компаниялар оларға өте жақсы айлық ұсынады. Сол жерлерде елге пайдасын тигізіп жатыр. Қорғаныс министрлігі мұндай жастарды ұстап қалуға барлық жағдайды жасап жатыр,– дейді Төлембаева.

Ал елге жуырда ғана оралған Мақсат Нұғманов қорғаныс министрлігі өзіне қандай жұмыс ұсынатынынан әзірге бейхабар.

АҚШ-тың әскери авиация академиясында 4 жылға білім алуға бара жатқан Владислав Гогуля елге оралғанда «қажетті маман» болатынына сенімді. Алматыдағы «Арыстан» арнаулы лицейінде оқыған Владислав Гогуля жақын жердегі Ресей емес, алыстағы АҚШ-тағы оқу орнын таңдау арқылы білім сапасын күшейтіп, ағылшын тілін үйренгісі келгенін айтты.

Жастарды өзге де сырт елдерде оқытып, жинаған білімі мен тәжірбиелерін пайдаланып, қорғаныс саласын жетілдіре беру керек.

Қорғаныс министрінің орынбасары болған генерал Әмірбек Тоғысов жастардың АҚШ, Түркия, Франция мен Қытай сияқты елдерде әскери білім алғаны пайдалы деген пікірде.

– Біздегі әскери жаттығулар мен тактика, әскери институттардың құрылымы Ресейдікінен аумайды. Бірдей десе де болады. Жастарды өзге де сырт елдерде оқытып, жинаған білімі мен тәжірбиелерін пайдаланып, қорғаныс саласын жетілдіре беру керек, – дейді Тоғысов.

АҚШ-тағы әскери академиялар 1983 жылдан бастап шетелдік студенттерді қабылдай бастаған. Әр әскери академияда бір жылда шетелдік 60 студент қана оқи алады. Және бір мемлекеттен келген студент саны төрттен аспауы тиіс. Оқу мерзімі – төрт жыл. Білім ақысы –тегін. Қазір АҚШ-тың әскери академияларында қазақстандық 10 студент білім алып жатыр. Оның екеуі – қыз бала.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • ЗАМАНБЕК НҰРҚАДІЛОВТІҢ ҰЛЫ ӘКЕ КЕГІН ҚАЙТАРМАҚШЫ

    ——————- «Сені өлтіру шыбыннан да оңай»: Нұрқаділовтің ұлы құпияның шетін 17 жылдан кейін шығарды (ВИДЕО) Авторы: Нұрлан Әлинұр, 03.03.2022, “Түркістан” газеті Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына алғаш рет сұхбат беріп, 17 жыл бойы айтпаған құпиясын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, енді әкесі Заманбек Нұрқаділов туралы бар шындықты айтудың сәті келген. Шындықты айту менің парызым деп санайды. «Әкем саясаттың құрбаны болды. Екі рет жүрегінен, бір рет маңдайынан атып, өз-өзіне қол жұмсады дегенге келіспеймін. Қайтыс болғанда департаменттегілер мені жәбірленуші болып, барлық сараптама құжаттарға сен қол қоясың деді. Бір жұма өткеннен кейін пальто киген ұзын бойлы органдағы екі жігіт келді. Олар «өз-өзін өлтірді болады, суицид деп жазамыз, сен соған

  • Қаңтар айында болған қайғылы оқиғалар туралы сұхбатымның қазақ тіліндегі нұсқасы

    Армысыздар, құрметті достар! Қаңтар айында болған қайғылы оқиғалар туралы сұхбатымның қазақ тіліндегі нұсқасын өз арнама салуды жөн көрдім. Сұхбатта аталған оқиғадан кейін үкімет нақты қандай жұмыстарды қолға алуы тиіс және елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қандай шараларды жүзеге асыру керек деген мәселе жөнінде сөз қозғадық. https://youtu.be/BhPWztjzHYw?t=712 https://www.youtube.com/watch?v=BhPWztjzHYw

  • Елордалық филармонияның әртістері ақ халаты абзал жандарға ән арнады.

    https://youtu.be/scqqgINrA6U   Елордалық филармонияның әртістері Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин ақ халаты абзал жандарға ән арнады.  ​ Короновируспен алдыңғы қатарда күресуде өз уақытын өз-өзіне немесе жақындары мен туыстарына емес, науқастарға арнай отырып,  үлкен ерлік пен батылдық танытқан  қазақстандық дәрігерлер де болды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының    әртістері ақ халатты абзал жандардың ерлігін жырлап “Дәрігерлер” әнін жазды және оны дәрігерлерге арнады. Жаңа әннің мәтінін Қуат Ежембек, музыкасын Мәдениет қайраткері, “Қорқыт” этно ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек жазды. Қуат Ежембек осы шығармашылығы арқылы науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, ауыр ауыртпалықты

  • Қазақ Сібір хандығына – 800 жыл!

          Соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектер де Қазақ хандыгының тарихы бір жақты көрсетіліп жүр. алғашқы Қазақ хандығымен соғысқан көрші елдер халқымыздың бітіспес жауы ретінде баяндалады. Солардың бірі – Сібір хандығы. Ғасырлар бойы Қазақ Хандыгының теріскей жағында жатқан қазақ тайпалары Сібір хандыгының құрамында ғұмыр кешкені белгілі. Бүгінде Ноғай ордасы мен Сібір хандыгын Ресей ғалымдары меншіктеп алып жүр. Ал қазіргі қазақ елінің құрамына кіретін керей тайпасының сол заманда өз хандығы болған. Керей хандарының ғасырдан ғасырға созылған ежелгі әулеті Оң ханмен, Сәнгүнмен бітпейді. Әрқилы тарихи жағдай, әртүрлі кейіпте одан әрі жалғасқан. Оң ханның «Жинақты тауарих» пен «Қастерлі шежіреде» арнайы аталмайтын ұлдарының бірі, кей деректерде, немересі Тайбұға (Тай-Бұқа) азды-көпті жасағымен, Тұрғақтарымен,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: