|  | 

Руханият

Бүгін ― қасиетті Қадір түні

Astana basmunara

Бүгін, яғни шілденің 13-інен 14-іне қараған түні бүкіл адамзатқа Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған – Қадір түні. 

Рамазан айы аяқталуға жақын. Қасиетті айдың соңғы он күнінің бір түні мұсылмандар үшін қасиетті Қадір түні. Бұл түннің нақты уақыты анық емес. Бірақ Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис шәріптері Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің біріне және тақ түндеріне сәйкес келетіндігін нұсқаған. Ғалымдардың көзқарастары бойынша, бұл түн Рамазан айының тақ түндеріне, әсіресе, 27-ші түніне сәйкес келеді (Бұхари, Қадір, 3; Мүслим, Сиям, 216). Олардың айтуынша, Қадір түнінің белгісіз болуының сыры мұсылмандар Рамазан айының тек сол түнімен ғана шектелмей, он күнді түгелдей құлшылықпен өткізсін деген де болуы мүмкін. Себебі, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өзі соңғы он түннің бәрінде де құлшылықпен өткерген еді. Бұл туралы Айша анамыз: Рамазанның соңғы он күні келгенде, Алла елшісі (с.ғ.с) түндерін намазбен өткізген, отбасы мүшелерін оятқан және құлшылықтарында ерекше ынта танытқан», – деген (әл-Бухари 2024, Муслим 1174).

Қадір түні деп аталу себебі:

1. Бұл түн аса қадірлі түн, өйткені арап тіліндегі «لَيلَةُ القَدر» сөзі: «қадірлі түн, құдіретті түн, маңызды түн» деген мағыналарды білдіреді. Бұл түн басқа түндерден орны ерекше. Өзге түндерде жасалған ғибадаттар оған жете алмайды. Сондықтан атына сай «Қадір түні» деп аталған.

2. Бұл түнде жаратылыстардың тағдыры белгіленіп, келесі Қадір түніне дейінгі болатын (адамдардың рызық несібелері, өмір өлшемдері секілді) маңызды оқиғалар Алла Тағала тарапынан періштелеріне аян болады.

Қадір түнінің маңыздылығы:

Рамазан айы келгенде Пайғамбарымыз (с.ғ.см): «Ораза айы келді, онда мың айдан қайырлы қадір түні бар. Кімде-кім сол түннің сауабынан құр қалса, барша жақсылықтан мақұрым қалмақ. Мақұрым адам ғана оның сауабынан құр қалады», – деп жақсылыққа ұмтылуға шақырған.

Құлшылық етіп сауапқа кенелуге ең ұтымды уақыт – Қадір түні. Ал ең қорқынышты түн адамның қабірде болатын түні. Қадір түнін құлшылықпен өткізу қабірдің жап-жарық болып нұрлануына жол ашады.

1. Құран – қадір түнінде түскен.

Құранда осы қасиетті кітаптың рамазан айында түскендігі жайлы былай делінген:

شَهْرُ رَمَضَانَ الَّذِيَ أُنزِلَ فِيهِ الْقُرْآنُ هُدًى لِّلنَّاسِ وَبَيِّنَاتٍ مِّنَ الْهُدَى وَالْفُرْقَانِ

«Рамазан – адамдарға тура жол нұс­қаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай».

Ал рамазан айының ішіндегі қадір түнінде Құранның түскендігі жайында «қадір» сүресінің бірінші аятында былай делінген: إِنَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ «Шынымен де Біз Құранды Қадір түні түсірдік».

2. Жәбірейіл және басқа да періштелер түсетін түн.

تَنَزَّلُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ فِيهَا بِإِذْن رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمْرٍ

«Сол түнде Алланың әмірімен барлық істі реттеу үшін (аспаннан) періштелер және Рух (Жәбірейіл) түседі».

Бұл түні періштелер түсіп, жер бетінде береке орнайды, Алланың кешірімі нәсіп болады. Періштелердің жер бетіне түсуі, Қадір түнінің маңыздылығын білдіреді. Сол түні періштелердің көп болатыны мына хадисте білдірілген:

«Қадір түні рамазан айының жиырма жетінші немесе жиырма тоғызыншы түніне сай келеді. Бұл түні жерге түсетін періштелердің саны жер бетіндегі майда тастардан да көп болады».

Періштелер мұсылман үмбетін аралап, қандай ғибадат жасағандарын, таң намазына дейінгі дұға-тілектерін тыңдап, амал дәптерлеріне мол сауап жазып тұрады. Жамандық азаятын, құлшылық пен игі істер көбейетін түн.

3. Тыныштық пен есендікке бөленетін, тозақ азабынан құтылатын түн.

سَلَامٌ هِيَ حَتَّى مَطْلَعِ الْفَجْر

«Бұл түнде таң атқанша (Алла Тағаланың) сәлемі жалғаса­ды»,– делінген.

4. Мың айдан қайырлы. لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْر «Қадір түні мың айдан қайырлы».

Қадір түні мың айдан артық. Есептесек, мың ай дегеніміз 83 жыл 4 айлық уақыт екен. Демек, Қадір түніндегі құлшылығымыз 83 жылдық ғибадаттың сауабына тең болмақ. 95 жылдық адам өмірін алсақ, оның 15 жылы балиғат жасы болып саналады, сонда толық 80 жыл өмір сүргені. Ендеше, адам өмірінде бір Қадір түніне дөп келу, бүкіл өмірін құлшылықпен өткізгендей сауапқа кенелтеді.

5. Қате, кемшіліктер, күнәлар кешіріледі. Хадис шәріпте: مَنْ قَامَ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ «Кімде-кім Қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла Тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі», – делінген.

6. Қадір түні берекелі түн. Құранда Алла Тағала:

إِنَّا أَنْزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةٍ مُّبَارَكَةٍ

«Біз Құранды берекелі түнде түсірдік», – дейді.

«Қадір» сүресі

«Қадір» сүресі Пайғамбарымызға (с.ғ.с) Мекке кезеңінде түскен. Бұл сүре бес аяттан тұрады. Онда:

إِنَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ {1} وَمَا أَدْرَاكَ مَا لَيْلَةُ الْقَدْرِ {2} لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ {3} تَنَزَّلُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ فِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمْرٍ {4} سَلَامٌ هِيَ حَتَّى مَطْلَعِ الْفَجْرِ {5}

«Шын мәніне Біз (Құранды) Қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан артық. Ол түні Алланың әмірімен барлық істі реттеу үшін періштелер және Рух (Жәбірейіл періште) түседі. Бұл түнде таң атқанша (Алла тағаланың) сәлемі жалғаса­ды», – делінген.

Қадір түні рамазанның қай түніне тура келеді?

Алла Тағала бұл өмірді сынақ ретінде жаратқан. Сондықтан да өмір ішіне өлімді, адамдар арасына әулие құлдарын, дұғаның қабыл болатын сәтін жұма күнінің белгілі бір уақытына жасырған. Осы ретпен Рамазан айының қай түні Қадір түні екенін де ашық білдірмеген.

Қадір түнінің нақты қай түн екенін тек Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ғана білген. Алайда әр істі белгілі бір хикметпен жарататын Алла Тағала Пайғамбарымызға (с.ғ.с) оны ұмыттырған.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ : أُرِيتُ لَيْلَةَ الْقَدْرِ ثُمَّ أَيْقَظَنِي بَعْضُ أَهْلِي فَنُسِّيتُهَا فَالْتَمِسُوهَا فِي الْعَشْرِ الْغَوَابِرِ

Әбу Хұрайрадан жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с):

«Түсімде Қадір түні маған білдірілді. Бірақ жақындарымның біреуі мені оятқанда, жаңағы уақытты сол мезет ұмытып қалдым. Оны рамазанның соңғы он күнінің ішінен іздеңдер»,- деген.

Ибн Аузағи (р.а.) және Суфян ибн Ұяйнаның (р.а.) риуаятында:

«Ант етемін, мен Қадір түні Рамазан айының жиырма жетісі екенін білемін, өйткені Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) біздерге сол түні ұйықтамауды бұйырған», – делінген.

Жалпы алғанда бұл хадистер Рамазан айының соңғы он күнінде, оның ішінде тақ санды күндерде, тіпті айдың жиырма жетісінде делінген. Бұл да пенденің Алланың разылығына жеткізетін істерді істеуге, түндерді іздеуге қызықтырады. Алайда мұсылманның тек осы күні ғана сауапты істерді істеп басқа күндерді босқа өткізу жеткілікті деуге болмайды. Сол үшін де бұл түнді жасырып қойған. Сондықтан мұсылман барлық күндерін осы қадір түні секілді біліп, маңызды санап, дұға-тілекпен, құлшылықпен өткізсе, қадір түніне де дөп басуы мүмкін. Ата-бабаларымыз «әр келгенді Қыдыр біл, әр түніңді қадір біл» дегеніне сай Рамазанның барлық түнін ғибадатпен өткізсек, Қадір түнін өткізіп алмас едік.

Қадір түнінің белгісі

Әбу ибн Кағб Аллаһ елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Қадір түнінің белгілері жайлы мынадай деректер жеткізген:

Ол түн тыныш болады. Қатты ыстық иә қатты салқын да емес. Алла Тағала кейбір адамдарға түсінде немесе өңінде білдіреді. Сол түннің нұрлы екенін көреді. Кейде жүрегіне осы Қадір түні екендігі білдіріледі. Алла Тағала барлығын білуші.

وعند أبي داود (تُصْبِحُ الشَّمْسُ صَبِيحَةَ تِلْكَ اللَّيْلَةِ مِثْلَ الطَّسْتِ لَيْسَ لَهَا شُعَاعٌ حَتَّى تَرْتَفِعَ)

Әбу Дәуіт: «Қадір түнінің таңында күн шуақсыз туады. Көтерілгенге дейін бір табақ секілді болып көрінеді» дейді (Мүслим).

Қадір түніндегі құлшылықтар

Қадір түнінде жасалған дұға-тілектер қабыл болады. Абдулла ибн Омардың (р.а.) риуаят еткен хадисінде Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мына төрт түні жасалған дұғалар кері қайтарылмайды. Олар: ережеп айының алғашқы түні, шағбан айының ортасы (бәраат түні), қадір түні және айттың бірінші күні» деген.

عَنْ عَائِشَةَ رضي الله عنها قَالَتْ : قُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ أَرَأَيْتَ إِنْ عَلِمْتُ أَيُّ لَيْلَةٍ لَيْلَةُ الْقَدْرِ مَا أَقُولُ فِيهَا ؟ قَالَ : قُولِي اللَّهُمَّ إِنَّكَ عُفُوٌّ كَرِيمٌ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي

Алла Тағала адам баласын Өзіне құлшылық етсін деп қана жаратқан. Олай болса, мың түннен қайырлы бұл түнде түрлі ғибадат жасап, нәпіл намаз оқып, Аллаға жақындататын іс жасаған абзал.

Расулаллаһ (с.ғ.с): «Кімде-кім Қадір түнінің артықшылығына сеніп, Алла Тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі»,- дейді.

Құран оқу, өзі үшін, әке-шешесі үшін, туған-туыстары мен барша мұсылмандар үшін дұға ету, күнәларынан тәубе ету, уағыз-насихат тыңдау Аллаһ тағаланың кешірімі мен мейіріміне апарар төте жол болмақ.

Айта кетейік, 17 шілде күні Алла Тағала разылығы үшін жиырма тоғыз күн ораза ұстаған мұсылман баласы аузын ашады. Рамазан айы аяқталғаннан кейін, үш күн Ораза айт мерекесі атап өтіледі. Биыл Ораза айты 17-19 шілде күндеріне сәйкес келеді. Айт намазы Астана мешіттерінде таңертеңгі сағат 6.30-де оқылады.

baq.kz

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    Олар ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілінде оқудан бас тартқан. Неге солай ? Өйткені олар қазақ тілін таңдаған! Қазір университетте қазақ тілі курстары ашылып жатыр. Айтқандай, Әзербайжандарға тілімізді қолдағаны үшін құрмет пен құрмет. Олар нағыз бауырлас халық екенін көрсетті. Бірақ қазір біздің қорғаныс министрлігіне сұрақтар туындайды. Бұған дейін барлық шетелдіктерді орысша үйретіп пе еді? Біреу не сұрайды? Әйтеуір, білім – қазақ тілін насихаттаудың ең жақсы тәсілі. Ал неге орыс тілінде оқытады? Ал кім үшін? Ең қызығы, осының бәрін тек Әзербайжандардың арқасында ғана білетін боламыз. Ал неге бұрын қазақша оқытпаған, ең болмаса кейбір елдерде. Неге сол қытай тілін орысша үйретеді? Руслан Тусупбеков

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: