|  | 

Әдеби әлем

Сәттi кездесу

Биылғы жыл мен үшiн өте есте қаларлық оқиғаларға толы болды. Мамыр айының аяғында институт бiтiргенiмiзге қырық бес жыл толғанына байланысты курстастарымызбен ұшқан ұямыз Алматы зоотехникалық – малдәрiгерлiк институтының ескi ғимаратында (қазiргi Қазақтың Ұлттық аграрлық университетiнiң Технология және биоресурстар факультетiнiң оқу корпусы) кездесу өткiздiк. Одан кейiн iле-шала мектеп бiтiргенiмiзге елу жыл толғанына сай сыныптас жолдастарымызбен туған жерiмiз Күреңбелде (Кербұлақ, Қоғалы өңiрiнде) бас қостық. Көңiлiмiзге сағыныш, шаттық пен қуаныш ұялат­қан сол кездесулердiң аяғы Чехияның Карловы Вары курортында екi жетiлiк демалыспен жалғасты. Сол жердегi демалысты пайдаланып жұбайым Гүлжамаш екеуiмiз екi күнге Швейцарияға да барып қайттық. Айтары жоқ, бәрi керемет!

Карловы Варының денсаулыққа шипалы минералды суы мен саф таза ауасы жаныңа тек жақсы сезiм, бойыңа қуат, көңiлiңе шабыт бергендей ерекше әсер етедi екен. Сол көңiл-күймен жүрген күндердiң бiрiнде шипалы су колоннадаларының бiрiнiң тұсында Қазақстанның халық жазушысы, елiмiзге белгi­лi қаламгер Мұхтар Мағауин ағамызбен бетпе-бет жолығысып қалдым, талай жылдан берi Карловы Вары қаласында тұрып жатқанынан хабардар болатынмын. Сәлем берiп қолын алдым, құшақтап бетiнен сүйдiм. Жырақта жүр ғой, менiң танып сә­лемдескенiме ол кiсi өте риза болып қалды, дереу жөн сұрастық. Сәл таныстықтан кейiн мен Мұхтар ағаға өзiмнiң курстасым Аман Шотаевтың сәлемiн жет­кiздiм. Аман да тегiн адам емес, көрген-бiлгенi мол, бiр жағы ғылым докторы, профессор, Ұлттық Академияның академигi, жануарлардың генетика, селекция және биоморфология салаларына тер төккен танымал ғалымның бiрi, студент кезiнде самбодан спорт шеберi болатын. Оның Меккеге қажылыққа барып келгенiн, өзiн атақты хан Абылайдың алтыншы ұрпағы санайтынын да бiлетiнмiн.
Мұхтар ағаның қасында белгiлi ғалым Сәбит Байзақов бiрге келе жатқандықтан оған да сәлемдескен едiм. Жазушы аға: ”Бұл Сәбит Байзақов деген академик қой,” – деп маған таныстырып жатты. Мен сөз кезе­гiнде Мұхтар ағаға елде болып жатқан жаңалықтармен бiрге, биылғы жылы маусым айының алтыншы жұлдызында төрелердiң зиялы азаматтары Ұлытауда жиналып, Жошы ханның кесенесiне барып тағзым етiп, бағыштап құран оқып, сонан кейiн Жезқазған қаласының “Кеңгiр” деген мейрамханасында ұлы хан бабаларына арнап ас бергендерiн айт­тым. Ол кiсi менiң айтқандарымды мұхият тыңдап болғаннан соң, маған: “Болатбек, ендi сен төрелерге менiң қайтара сәле­мiм­дi жеткiз, олардың менiң Шың­ғыс хан туралы жазған еңбе­гiмдi жоғары бағалап, мың да бiр алғыс айтып жатқандарына рақмет! Ол тарих қой, жалғыз төрелерге қатысты емес, бұл күллi қазаққа, қазақ халқының қалыптасып, iргелi ел болуына тiкелей ықпал еткен Шыңғыс хан дәуiрiне, онан кейiнгi тарихи кезеңдерге тиiстi емес пе?! Бiрақ менiң оларға деген ренiшiмдi де айтып бар. Осыдан төрт жыл бұрын төренiң азаматтары Түркiстан қаласында жиналып, өткен қазақ хандарының рухына арнап ас берген екен, сонда олар, қазақ хандарының соңы Кенесары сұлтанмен аяқталғанына байланысты, бұдан былай қазақ елiнде қарадан да хан сайлауға болатындарын, оған келiсiмдерiн беретiндерiн айтыпты. Сонда олар өздерiн кiм санағаны, сонау Бату, Жошы хандардың дәуiрiнен келе жатқан хан сайлау тәртiбiн өзгертетiн?! Керек десең, ол тәртiптi (хандарды Шыңғыс хан ұрпақтарынан, яғни сұлтандардан сайлайтын) кезiнде жарты әлемдi тiтiреткен, әйгiлi қолбасшы болған әмiр Ақсақ Темiр де бұзбаған, қайта Алтын Орда хандарының төрелерден сайлануына тiкелей ықпал етiп, өзiнiң келiсiмiн берiп отыр­ған. Кей жағдайларда кейбiр сұлтандардың хан тағына отыруына ақыл-кеңесiмен де, қажет болған кезде әскерiмен де көмектесiп отырған болатын, ал өзi төре тұқымынан болмағандықтан хан болуға ешқашан да ұмтылмаған, мұны өткен тарихтан жұрттың көбiсi бiледi. Менiң төрелерге айтар қайтара сәле­мiм осы”, – деп жазушы ағамыз сөзiн аяқтады…
Алматыға келген соң курстасым Аман жолдасыма телефон шалып, Мұхтар ағаның төрелерге арнайы жолдаған қайтара сәлемiн жеткiздiм. Аман бауырымыз сондай толқып, бiр жағы маған ризашылығын бiлдiрдi. “Болатбек, Карловы Варыда Маға­уинге жолығу кездейсоқтық емес, бiр Алланың iсi! Ал ендi Мұхаңның айтқан уәжiне келсек, Түркiстандағы ас туралы ол кiсiге жаңсақ әңгiме жеткен тәрiздi. Мен өзiм ол ас берiлген жерде болып, астың басынан аяғына дейiн қатысқанмын. Жазушы бауырымыз естiгендей, қарадан хан сайлау туралы арандатушы сөздердiң болғаны рас, бiрақ сол әңгiменi шығарған адамдарды ол жерден қуып шыққамыз, хан сайлау жөнiнде ешқандай да шешiм де, иә болмаса келiсiм де шығарылған жоқ. Кейiн естiсем, қайсыбiр бұқаралық ақпарат көздерi ар­қылы хан сайлау туралы сондай жаңсақ әңгiмелер таратылғаны рас екен. Мағауинға жеткенi де сол қауесеттер секiлдi. Әртүрлi себептерге байланысты ол кiсiге шынайы ақиқатты жеткiзудiң сәтi түспедi, ендi көрсек Мұхаңа бәрiн де айтып беремiз”, – деп, Аман тағы да маған ризашылығын бiлдiрiп, рақметiн айтып телефон тұтқасын қойды. Ал менiң көз алдымнан қиыр шетте, шет ел Чехияда тұрып жатқан аяулы ағамыз, ғұлама қаламге­рiмiз Мұхтар Мағауинмен кездескен сол бiр сәт шығар емес…
Болатбек Аманжолов, 
Алматы.
zhasalash.kz

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

  • Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Адамзат кітапқа ғұмыр бойы қарыздар. Кітапсыз келешектің алтын кілтін ешкім қолына мықтап ұстай алмаған. Мардан Рахматулла – кітапқұмар он жеті жасар жігіттің бойында өз қатарластарының бойынан табыла бермейтін ұлы қасиет бар. Ол – кітапқа деген махаббат. Бұл махаббаттың сәт санап артуының да сыры бар. Мардан – Асылы Осман, Дархан Қыдырәлі сынды бүгінгі қазақ руханиятының тірегі саналатын азаматтар туған топырақт туып-өскен. Топырақтың киесін дәл осы кезде еріксіз мойындай түсесің. Қоғамдағы «жастар кітап оқымайды» деген қасаң пікірді жоққа шығаруға тырысқан жастардың да саны басым. Күн санап олардың саны артып, кітаптың құдіретін жер-жерде дәлелдеп бағуда. Кітапқа жаны құмар жан бір күнін кітапсыз елестете алмайды. Ғұмыры кітаппен етене байланған, оқу ғұмырының мәніне айналған жастарды

  • «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    Қазақ халқының даңқты перзенті, ұлы жазушы Мұқтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай) Шұбартауда дүниеге келді. Жондағы Жобалай Керейдің ең үлкен Аруағы Жобалай бидің ұрпағы еді. Байқотан би, Томан би, Бегеш шешен, Уәйіс, Төлеу ақын… Атағы Аталарынан асып кетті… Тірісінде олай деген жоқ… Бұл сөзді дүниеден өткен соң біз айтып отырмыз… Өмірінің соңғы кездері шетте өтті. «Үкіметке, басқаларға да өкпем жоқ, өкпелейтін олардың жағдайы жоқ!» (М.Мағауин) деген еді өзі бертінде. Астары ауыр, еңсеңді езердей салмақты сөз… Данышпан адам неге елден жырақ кетті. Бұл «Оңаша жатқанды ұнатамын, Елімді ел қылмасын ерте сезіп… Елден кеттім жырақ…» (Шәкәрім) дейтін кетіс сияқты. Сонда да «Көк

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: