|  | 

Тұлғалар

Азаттықтың өшпес рухы

OSPAN BATIR

    Оқырман назарына Түркияда тұратын қандасымыз, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қараның Нұрғожай батырдың естеліктері және Оспан батыр жайлы жазған «Азаттықтың өшпес рухы» атты кітабын ұсынамыз. 

Қазақ тарихында елі, отаны үшін қасиетті күреске түсіп, басын бәйгеге тіккен батырлар аз болған жоқ. Солардың ең соңғысы және көрнектілерінен бірі Оспан батыр. 1899 жылы Қытайға қарасты Шынжаң өлкесінің Көктоғай қаласында туылған Оспан батыр саналы өмірін туған халқының азаттығы жолында күреске арнаған. Ол Қытай әскерлеріне қарсы жау жүрек ерлігі, мергендігі және үздік соғыс тактиқасымен көзге түсті.

Шынжаң қазақтарын зерттеп жүрген америкалық тарихшы Линда Бенсын “Қазақтың алтын аңызы” деп атаған Оспан батыр Шынжаңдағы қазақтардың тәуелсіз Шығыс Түркістан мемлекетін құруды мақсат етіп алға шықты. Ол күрес барысында тек өзінен сан жағынан да, қару жағынан да еселеп үстем болып отырған армиялармен ғана шайқасқан жоқ. Ол, сонымен қатар, сол кездегі әлемдік деңгейде айтулы саясаткерлер болған Сталин, Чан Қайши және Мау Зыдұңның зор саясаттарына да қарсы күресті.
Бірақ Оспан батырдың осы күрес тарихының мән-маңызы арада елу жылдан аса уақыт өтсе де толық ашылды деп айта алмаймыз. Міне осы тарихқа сүбелі үлес Нұрғожай батырдың естеліктері болып табылады. Өйткені Нұрғожай батыр Оспан батырдың күресінің бастан аяқ қасында болған. Сондай-ақ ол, Оспан батырдың алғашқы сегіз комиссарынан тірі қалған дара тұлға. Олардың барлығы шайқастарда қаза тапқан.Бұл естелікте бізге белгілі көптеген уақиғалардың қазірге дейін бізге белгісіз болған егжей-тегжейі баяндалуда.

Сонымен қатар естелікте күні бүгін ашылмаған кейбір шындықтар да ортаға салынуда. Оның тағы бір құндылығы да Нұрғожай батырдың Оспан батырмен оңашада болған маңызды саяси сырласу, әңгілемесулерінің мазмұнын да атап өтуінде. Осының арқасында біз Оспан батырдың маңызды мәселелердегі ой пікірлерімен таныс болудамыз. Нұрғожай батыр – жау жүрек батыр және мергендігімен танылған тұлға. Бірақ, өздеріңізге белгілі, көбінесе батырлар шешен болмайды. Сондықтан олар көрген – білгендерін және істеген істерін толық әңгімелеп бере алмайды. Бірақ Нұрғожай батырдың естеліктерінен аңғарғанымыз, ол кісіге Құдай екеуін де аямай берген екен. Естелігінің тілі жатық және көптеген жайлардан хабардар етуде. Басқа сөзбен айтқанда, ол – роман ләззатында оқылатын тарихи естелік.

Естелік 1984 жылы қаңтар айында төте жазумен жазылған. Оны Шынжаңнан Түркиядағы туыстарына қыдырып келген Сұлтан Оспанұлы жазған. Сұлтан Нұрғожай батырға амандаса келіп, естеліктерін жазуды қалайтынын айтқан. Бастапқыда Нұрғожай батыр естеліктерінің еліне қайтқаннан кейін басына пәле болып, ауыртпалық әкелу ықтималы себепті жаздырғысы келмейтінін айтқан. Бірақ, Сұлтан, Қытайдың 1979 жылдан бері әр салада реформалар жасап, есігін әлемге айқара ашып, демократиялық елге айланып келе жатқанын, сондықтан әрқандай шындықтын ашық айтылатын тұсқа жеткендерін айтып, өзіне бұл турасында ешқандай қиыншылық келмейтінін атап өткен. Тіпті елге барған соң естеліктерді кітап қып шығаратынын да тілге тиек еткен.

Осыдан кейін барып Нұрғожай батыр, Сұлтанның естелігін жазуына ұлықсат береді. Бірақ не жазса, екеу қып жазып, біреуін өзіне қалдыруын шарт етеді. Сұлтан бұған келісім береді де, екі дәптерге бірдей естеліктерді жазады. Сөйтіп біреуін өзі алып, екіншісін Нұрғожай батырдың өзіне беріп кетеді.

Біз осы естелікті пайдаландық. Бірақ Сұлтан Оспанұлы көп еңбек сіңіріп жазған еңбегін бастыруға мүмкіндік таба алмады. Елге барғаннан кейін, Алтайдағы Компартияның жергілікті белсенділері Сұлтаннан естеліктерін тартып алды. Қазір оның қайда екені белгісіз. 2004 жылы дүниеден озған Сұлтан Оспанұлына топырағы торқа, барған жері ұжмақ болсын дейміз. Ол осы естеліктерді қағазға түсіру арқылы үлкен еңбек сіңіргені дау тудырмайды.

Нұрғожай батыр естеліктерден соң екі жылдан кейін, атап айтқанда 1986 жылы 29 қазанда дүние салды. Оның отбасы батырдың естелігін көздерінің қарашығындай сақтап жүрді. Бір қанша адам жариялау үшін сұраса да бермеді. Олар естеліктердің жоғалуынан немесе бұрмаланауынан алаңдады. Сөйтіп естелік 2007 жылға дейін сандық түбінде жатты. Нұрғожай батырдың бұдан тыс бір естелігін Мимар Синан көркем өнер университеті тарих кафедрасының меңгерушісі, өзімнің ұстазым профессор Гүльчин Чандарлыоғлы 2006 жылы Ыстамбұлда түрік тілінде жарыққа шығарды. Чандарлыоғлы ол естеліктерді Нұрғожай батырмен сұхбат өткізе жүріп, 1973 жылы бірнеше айда жазып алған. Кейін қарбалас жұмыстармен жүріп сол естеліктерді баспаға дайындауға мүмкіндік таба алмаған.

Біз 2006 жылы осы естеліктердің баспа жұмыстарына көмектесіп жүргенде екінші бір естеліктің, тіпті қазақ тілінде бар екенінен хабардар болдық. Сол естеліктердің ешқандай бұрмалаушылыққа жол берместен, тіпті мұның кепілі ретінде қолжазба нұсқасымен бірге бастыруды ұсыныс етіп оны жарыққа шығаруға ұлықсат алдық. Сөйтіп бір жылдан аса уақыт жұмыс істеп осы естеліктерді баспаға дайындадық.
Естелікті баспаға дайындау барысында тек төте жазуды қазақ әріптеріне көшірумен шектелмедік. Сонымен қатар естелікте баяндалған уақиғаларды басқа деректермен салыстырып, оларды сілтемелермен беттердің аяқ жағында көрсеттік.

Естелік ауызекі тілде жазылғандықтан бір сөйлем ішінде қайталаулар жиі кездесуде. Бізді оларды алып тастадық. Аз да болса түрік тілінен кірген сөздердің орнына қазақшасын қойдық. Емледе болған қателіктерді түзетіп отырдық. Бүкіл осы өзгерістерді жасағанда еңбектің мазмұнына ешқандай өзгеріс келтірмедік.

Мәтінде қолжазбаның бет нөмірлерін жақша ішінде көрсеттік. Адам, жер, су және қала аттары тек осы естелікте емес, Шынжаң қазақтары тарихы туралы кітаптарда да әрқилы жазылуда. Біз қазақ емлесіне сәйкес келетін қып оларды реті келгенде өзгертіп отырдық. Сонымен қатар естелікте ай аттары, бірінші ай, екінші ай ретінде жазылған. Бұларды біз қаңтар, ақпан түрінде ай аттарымен өзгерттік. Нұрғожай батыр тіршілігінде Оспан батырдың күресіне өзіндік үлесін қосқан болса, енді естеліктерімен сол күрестің тарихының толығуына да сүбелі үлесін қосып отыр.

Әбдіуақап Қара
Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры,
Тарих ғылымдарының докторы 

* Автордың Нұрғожай батырдың естеліктері және Оспан батыр жайлы жазған«Азаттықтың өшпес рухы» атты еңбегін осы жерден  оқи аласыз.

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: