Арсений Яценюк отставкаға кетпек
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк отставкаға кететін болды. Бұл туралы ол телеарнада үндеу жасады. Ол үндеуінде отставкаға кетуді ресми түрде 12 сәуірде парламентте жасайтынын мәлімдеді.
Яценюк бұл шешімін бірнеше себепке байланысты қабылдағанын айтып, “үкіметтегі саяси дағдарыс қолдан жасалғанын” жеткізді. “Бір адамды ауыстуру ниеті саясаткерлердің көзін байлап, олардың нақты өзгеріс жасау қабілетін жойды” деді Яценюк. Ол бұған қоса отставкадан кейін бірден жаңа үкімет жасақталуы тиіс екенін де айтты.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
1 пікір
Шаһидолла
Тартымды сайыт ,оқырманы көп болсын !