|  |  |  |  |  |  |  | 

Зуқа батыр 150 жыл Зуқа батыр 150 жыл Көз қарас Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

ЗУҚА БАТЫР. ТАРИХЫМЫЗҒА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

Zvuqa batirҚазақ  хандығының тарихы, түптеп  келгенде, ел  болу  жолындағы  күрестің  тарихы. Бірде  шарықтап, бірде  құлдырағанына  қарамастан, Қазақ  хандығы  өмір сүрген  заманда  қазақ  халқы  өзінің  ұлттық  төлтумалығын  біржолата  орнықтырып  үлгерді. Қазақ  хандығы  кезінде  қазақ  халқы  ұлт  ретінде  өзінің  мәдени-рухани  және  моральдық-этикалық  қалыптарын  даралап алды. Тәңірдің  өзі  тілеулес  болғандай, арқалы өнер  түрлері  асқақ  рухты  төлтума  болмысын  қалыптастырды. Сөз  жоқ,  мұның  бәрі  ең  алдымен  Қазақ  хандығы  кезінде  сәтті  жүргізілген  мемлекеттік  идеология  мен  ұлттық идеяның тікелей  нәтижесі  еді  деп  айтуға  негіз  мол.

Алтын  Орда, Ақ  Орда, Көк  Орда  жұртындағы  әлеуметтің  теңіздей  толқып, судай  сапырылысуы барысында  Қазақ  хандығының  аясына топтасқан  ру-тайпалар  да  мейілінше  алашабыр  болатын. Осынау  тарихи  зобалаң  заманның  ең  айқын  айғағын,  күні  бүгінге  дейін  бір ру-тайпаның  бірнеше  түркі  тектес  халықтар  құрамында  ұшырасуынан  да  аңғаруға  болады. Сол Алтын Орданың  да түбіне  жеткен  бірліксіз  тірлік, әр бірі  өз қара  басын күйттегені себеп болған-ды. Неше  түрлі қиын-қыстау кезеңдерде, талай  аумалы-төкпелі замандарда, моңғол шапқыншылығы, әсіресе орыс  отарлауы, Ресей мен Қытай әдейі  қалмақ пен жоңғарды  қазаққа  айдап салуы, Қоқан хандығының  боданына  түскен  тұста да Еділ мен Алтай, Қаратау мен Сарыарқа  аралығын  мекендеген  ұлт пен ұлыстар  қазақтығын  жоғалтқан  жоқ. 

Қазақ  хандығын жасақтаған  кемеңгерлер  ә дегеннен  мықтап ескерген, сахара төсінде  судай  сапырылысып, мидай  араласқан  ру-тайпалардың  таным-түсінігіндегі  ең  киелі жаралым болып  табылатын  этнотекті  негіз  етпей, бір  тілде  сөйлеп  тұрмай  жұртшылықты  бір  мүддеге   жұмылдыру  мүмкін  емес  еді. Исі  қазақты  Алаш  немесе  Қазақ  деп  аталатын  бір  кісіден  таралуы  да  этнотұтастықты  көксеуден  туған  ұлы  шарттылық, Ұлы бірлік идеясы  деуге  толық  негіз  мол. Осылай бабалар  аманаты – бірлік еді. Бірлік  елім  деген  тарланды  талауға  бермеуден  танылады. Бірлігі  мықты, санасы  сергек  елге  сырттан  келер  сергелдең  жоқ. Сол себепті,  біз  қазақ  үшін,  сананы  серпу  үшін  бірлікті  ту, татулықты  тұғыр  ету – тура  жол. Әрине, рухы  күшті, болашаққа  сенімі  мол  халық  қана  қандай  қиындыққа  да шыдас  бере алады.

Өмір болған  соң  ру-тайпалар  арасындағы  жалғыз-жарым тентек-шодырлардың  бірде  тату, бірде  қату  мінез-қылығымен көрінуі – табиғи  құбылыс. Алайда  қазақтың  дәстүрлі  қоғамында  ру мен  рудың, тайпа  мен  тайпаның  арасы  көрместей  болып  суысып  кеткен  жағдайды  ақсақал  тарих  білмейді. Олай  болуы  мүмкін  де  емес.

Өйткені, қарға  тамырлы  қазақтың  туысқандық  жүйесі  бір  жағынан,  бірлік-пәтуаны  ең  ұлы  құндылыққа  балап  отыратын  ру-тайпа  басшылары  екінші  жағынан  тегеурінді  ықпал  етіп,  ел  ішіндегі  қырбайлықтың  ушығып  кетуіне  әсте  жол  бермеген. Демек, қазақтың  дәстүрлі  қоғамындағы  ру-тайпаларды  өзара  өрелестіріп, оларды  бір-бірінен  не  артық, не  кем  етіп  көрсету  үрдістері  өмір  шындығына  сай  келмейді. Қазақтың  дәстүрлі  қоғамында  әрбір  рудың  әлеуметтік-саяси құрылым  ретінде  мемлекеттік  істерге  араласуы  өзінен-өзі  рулар  арасындағы  теңдікті  қалыптастырған. Мұны  терең  сезініп, елдік  істерге  белсенді  араласқан  рулардың  қашан да  мерей-мәртебелері  жоғары  болған.

ХХ ғасыр  қазақ  тарихына  ұлы  өзгерістер  әкелді. Олардың  ішінде  ұлтты  ұлықтағандары да, ұлттың  қасіретіне айналдырғандары да бар. ХХ ғасыр  басындағы  қазақ  қоғамы  үмітінен  күдігі  басым  өзгерістер  мен  қайшылықтарға  толы  болатын. Ұлтты  ұйыстыратын  мемлекеттіліктің  орнын  отарлау  миссиясын  көздеген  әкімшілік  басқару  органдары  басты, қазақ  халқының  иелігінен  алынып, мемлекеттік  меншік  деп  жарияланған  жер  әкімшілік-аумақтық  бөліске  түсті, дәстүрлі  шаруашылық-мәдени  типі  капиталистік  қатынастарға  азды-көпті  бейімделгенімен, империялық  өктемдікке  құрылған  бәсекеге  төтеп  бере  алмайтыны  белгілі  болды.

Бұл барша  әлемнің  қайта  бөліске  кірісіп  кеткен  дәуірі  еді. Әлділер  әлсізді  бөрідей  талаған, қазақтың  халық  ретінде  сақталып  қалатын-қалмайтыны  беймәлім  ғасырлар  тоғысында  әлеуметтік  ілгерілеу  атаулыны  қоғамдық-экономикалық  формациямен, пролетариаттың  тап  күресімен,  социалистік  революциямен  байланыстырушы  ілім – тарихқа  материалистік  көзқарас, шығыстық  өмір  заңдылықтары  мен  ақиқатынан  алшақ  жатқанын  әшкерелеген  құбылыс  қазақ  даласында  дүниеге  келді.

Торлаған  тұманнан  жол  таппай  тұрған  халқын  өрге  сүйреген  күш  Алаш  қозғалысы  еді. Саяси мәдениеті  әлемдік  деңгейге  көтерілген,  кәсіби  даярлығы  заманының  сұранысына  сай, адамгершілік-имандық  қасиеттері  ұлы  даланың  сан   ғасырлық  қастерлі  құндылықтарымен  суғарылған  Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М.Тынышбайұлы, Ж. Ақпайұлы, Б. Қаратайұлы  сынды  дүлдүлдер  бастапқыда  осынау  қозғалыстың  тұлғалық-интеллектуалдық  әлеуетін  сомдаса, іле-шала Х. Досмұхамедұлы, М. Жұмабайұлы, С. Сейфуллин, Т. Рысқұл, С. Садуақасұлы, М. Әуезұлы, Ж. Аймауытұлы, М. Шоқай  тағы басқалар әрлендірді.

Әңгіме олардың  бәрі  ұлтшыл, ұлтжанды, ұлты  үшін  білімі  мен  білігін,  күш-қуатын  жұмсағанында  емес, тіпті  туған  халқы  үшін  құрбандыққа  барғанында деп түсінген жөн. Ұлт  мүддесін   ту  етіп көтерген  Алаш  зиялылары  қазақ  қоғамын  отарлық  езгіден  алып  шығатын,  дамып  кеткен  елдер  қатарына  қосатын  жолдарды  іздегенде  пікір   алуандығын  жоққа  шығармады. Ғасыр  басындағы  Алаш  зиялыларын  ұлы  істерге  жұмылдырған,  қоғамдық-саяси,  шығармашылық  ізденістеріне  негіз  қалаған  ұлттық  идеяның  бастау  бұлағы,  біріншіден,  туған  халқының  жан  төзгісіз  ауыр  халі, екіншіден,  қайшылыққа  белшесінен  батқан  Ресейде  либерализмнің  күшеюі, үшіншіден,  әлемде  ұлт-азаттық  қозғалысының  жандануы  болса, мәні  мен  міндеттері  1905-1907  жылдардағы  орыс-жапон соғысы  тұсында  жүйеленді.  Ішкі  Ресейдегі  партиялар  мен  ағымдар  шарпысы, самодержавиенің  іргесін  шайқап,  беделін  түсірген  ереуілдер  мен  көтерілістер  ұлт  зиялылары  мен  оқығандарына  да,  қалың  бұқара  да  ой  салды,  іс-әрекетке   шақырды,  есею  мектебіне  айналды. Отарлық  езгіге  қарсы  күрестің  жаңа  түрлері  дүниеге  келді.

Осындай заман  зардабына  төзгісі  келмеген, ақ  патша  ұлықтары  мен  өзара  шен  үшін  итше  ырылдасқан  ел  басшыларынан  көңілі  қалған,  (қазіргі  Шығыс  Қазақстан  облысы  Зайсан  ауданы  Кеңдірлік)  ауылда  туып-өскен  Зуқа Сәбитұлы  өзіне  қарасты  және  тілеулес  ағайын-туыстарын  ертіп, Сайқаннан  орыстың  боданынан  аулақ  Сауырға  барып  қоныстанады. Жастайынан  ерен  зерек  өскен  Зуқа діни  білімі  мол, аузы  дуалы  шешен  тілді, мешітке  барып, медресе  ұстап, шәкірттер  тәрбиелейді. Кейінірек  ұстаздық  емес,  жалпы  ұлтқа  қызмет  ету  жолына  біржола  түседі.

ХХ ғасырдың  басында  ел-жерімен  бөтен  жұрттың  қолында   қалып  қойған  қандастарына  араша  түсіп, басшысыз, биліксіз, қорғансыз,  қарусыз  халқын  жан-жағынан  талан-таражға  ұшыратқан  үкіметке  қарсы  тұрып, қызғыштай  қорғайды. Әлеуметтік   теңсіздіктермен  өмірінің  соңына  дейін  бел  шешпей,  аттан  түспей,  аяусыз  күрескен  тарихи  қолбасшы. 1928  жылы  Алтайға  қосымша  қорғаныс  елшісі  болып  Ви Жыңго  дейтін  басшы  келіп, қарапайым  халықты  қан  қақсатады. Әскери  күшпен  озбырлық  жүргізіп, салықты  шектен  тыс  ауырлатып, елді  ерекше  қинайды. Ви Жыңгоның  бұл  зұлымдығына  шыдамаған  Зуқа  батыр  қол  жинап  қарсы  шығады. Зуқа  Сәбитұлы  туралы  Қытайда  екі  кітап  жарық  көрді. Бірі  Батырхан  Құсбегиннің  «Зуқа  батыр» романы болса, екіншісі 45 жыл түрмеде  отырған  Қажығұмар  Шабданұлының  «Пана» романы.

Әрине, өткенге  салауат, мұндайда болашағынан  үміті  бар  ел  тарихи  зардаптан  арылуды  ұлттың  ұлы  мұратына  айналдыруы  қажет. Отаршылдық  мүдде орнықтырған  қоғамдық-әлеуметтік  құрылым  мен  диктатуралық  режим  үстемдік  құрған ортада  дәстүрлі  енші  институтының  сақталып  қалуы  мүмкін  емес  еді.

Ұлт  тағдыры  жаттың  құзырына  тап  болғанда  этностың  іштен  іритін  әмбебап  заңдылығы  қазақ  қоғамын  да  аз  уақыт  аясында  індеттей  жайлап  үлгерді. Бұл  ретте  дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  ру-тайпалық  жүйені  жарастырып  отыратын  еншілестік  институты  сияқты  тегеурінді  тетіктер  отаршылдық  жүйенің  ең  алғашқы  құрбаны  болуы  заңды  еді. Іргелі  ру  аясынан  кіші  рудың  енші  алып, жеке  ру  болып  бөлініп  шығу  дәстүрінің  мүлде  тоқтай  бастағанына  алғаш  рет  В.В. Радлов  назар  аударды  және  Ресей  отаршылдығына  байланысты  дендеп  бара  жатқан  бұл  үрдіс  түптің-түбінде  қазақ  қоғамын  аздырып-тоздырып,  қайыршылыққа  алып  келетінін  атап  көрсеткен  болатын. Көреген  ғалымның  айтқаны  айдай  келгеніне  тарих  куә. (В.В. Радлов. К вопросу  об  киргизах—СП б. 1893г. Стр 82-83)

Алайда  барды  бар деумен  бірге,  жоқты  жоқ  деу  де  шындық  жолы  екенін  естен  шығармау  парыз. Өйткені, шындық  жолынан  ауытқып, көзге  түсудің  күпіршілігімен, жоқты  жасырып,  бардың  бағасын  асырып, азды-көпті  жетістігімізге  желпіріп, өрекпи  беру де өрге  бастырмайды. Оның  орнына  төңіректе болып  жатқанның  бәріне  байыппен  қарап, жеткенімізді  естелікпен  жетілдіре  отырып, кешегі  бодандықтың  бодауына   кеткен  құндылықтарымызды  түгелдей  түгендеп, халықтық  қасиетімізді  қалпына  келтіріп, қазақтың  әлемге  таныла  бастаған  атына  заты  сай  ел  болуы  қажеттігін  қаперден  шығармай, әр  сәтті  игілікке  айналдыру  қамында  болғанымыз  абзал. Біз  сияқты  жоғалтқаны  көп  халыққа  басқаша  болу  жақсылық  әкелмейді.

Жұмамұрат   Шәмші, журналист, тарих ғылымдарының кандидаты

kerey.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: