|  | 

Жаһан жаңалықтары

Азия жаһанданудың жаңа қозғаушы күшіне айналуы мүмкін

Қытай президенті Си Цзиньпин мен Ұлыбритания патшайымы екінші Елизавета патша күймесінде кетіп барады. Букингем сарайы, Лондон, 20 қазан 2015 жыл.

Қытай президенті Си Цзиньпин мен Ұлыбритания патшайымы екінші Елизавета патша күймесінде кетіп барады. Букингем сарайы, Лондон, 20 қазан 2015 жыл.

Батыста жаңа саяси үрдістер қарқын алған тұста жапон газеті «түбінде Азия әлемдегі жаһандану процесінің қозғаушы күшіне айналуы мүмкін» деген болжам жасайды.

ЖАҢА ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІ ЖАЙЛЫ БОЛЖАМ

Жапонияда шығатын Diplomat газеті «Жаһанданудың азиялық сипаты» атты мақаласында «жаһанданудың құбылмалы қарқыны» жайлы жазған. Мақала авторлары Ұлыбритания Еуропа одағынан шығуды ұйғарған тұста Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АІІВ) алғашқы съезін өткізуін оның индикаторларының біріне балайды. «Қарапайым тілмен айтқанда, Батыс жаһандану процесіндегі қозғаушы рөлін біртіндеп Шығысқа, оның ішінде Азияға береді» деп жазады Diplomat.

Мақалада АҚШ-тағы Дональд Трамп пен Берни Сандерс, Ұлыбританиядағы Джереми Корбин мен Найджел Фараж немесе Франциядағы Марин Ле Пен тәрізді «протекционистік платформасы бар саясаткерлердің өрлеуін» сипаттаған. «Бұлар қазіргі қағидаларға қарсы наразылық танытушы оқшау тұлғалар деп саналғанымен, қазір олардың көзқарастары барған сайын көбірек танылып келеді» делінген мақалада.

Бірақ Азия елдері өз мүддесін халықаралық сауда-саттық пен аймақтық ынтымақтастықты дамыту және әлемдік мүдделерді қорғаумен көбірек байланыстырады деп жазады басылым. Әйткенмен мақала авторы, Лондонда тұратын саясаттанушы Читиги Бажпайи Азия жаһандануға қатысты пікірталастардың көшбасшысына айналады деп айтуға әлі ерте деп санайды. «Қысқа және орта мерзімді кезең ішінде жаһандану бәсеңсіп, батыс елдері барған сайын томаға-тұйықтала түседі, ал Азия елдері бұл вакуумды толтыруға әзірше қауқарсыз. Бұл бақылаусыз территориялардың көбейіп, ғаламдық нормалар мен институттардың күйреуіне және трансұлттық қатерлерге тойтарыс беру мүмкіндігінің шектелуіне ұласады» деп жазады Diplomat газетінің авторы.

ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ МАРИХУАНА

Американың Metroactive газетінде жарияланған «Батыс өркениетін «наша» саудагерлері құрған ба?» деген мақалада адамзат өркениеті Батысқа қарай дамыған тұста марихуана сауда-саттықтың негізгі элементі болған деген болжам айтылған. Vegetation History and Archaeobotany академиялық журналында жарияланған зерттеу деректеріне сәйкес, Еуразия континентінің екі жағын жайлаған адамдар марихуананы 10-12 мың жылдай бұрын бір-бірінен тәуелсіз тауып, пайдалануды үйренген. Әлгі зерттеуде Шығыс Азияда марихуананы пайдалану қола дәуірінің бас кезінде, яғни бес мың жылдай бұрын континентаралық сауда дамуына байланысты тараған болуы мүмкін деп жазады.

Израильдің Сафед қаласындағы сора өсетін плантация. 7 қараша 2012 жыл.

Израильдің Сафед қаласындағы сора өсетін плантация. 7 қараша 2012 жыл.

«Қола дәуірінің басына қарай дала көшпенділерінің ұшы-қиыры жоқ территорияны жайлауға мүмкіндік беретін салт атпен жүру өнерінің майталман шеберлеріне айналуы бірнеше мың жылдан кейін әйгілі Жібек жолына айналған Еуразия бағытының бойында сауда жолдарын түзуге ұласты. Қола дәуірінде қаланған жол Шығыс пен Батыс арасында талай тауардың, оның ішінде марихуананың да таралуына септескен шығар» деп болжайды Metroactive басылымы.

Ал Американың News4Jax.com жаңалықтар сайты АҚШ-тың Флорида штатында алғаш рет заңды түрде өсірілген марихуана өнімі жайлы хабарлайды. Оны мемлекеттен марихуананы медициналық мақсатта өсіріп, ауыр дертке шалдыққан жандар мен ажал аузында жатқан науқастар үшін қолдануға рұқсат алған алты компанияның алғашқысы – Surterra Therapeutics компаниясы ашқан екі өндіріс орнының бірінде өсірген.

Жабайы сораны өртеп жатқан адам. Красноярск өлкесі, Ресей, 12 шілде 2012 жыл.

Жабайы сораны өртеп жатқан адам. Красноярск өлкесі, Ресей, 12 шілде 2012 жыл.

Енді Флорида штаты заңдары медициналық марихуананың екі түрін – кей дерттің қозуын тоқтатып, белгілерін жеңілдетуге көмектеседі деп болжанған Charlotte’s Web тәрізді эйфориялық емес түрі мен әл үстіндегі науқастардың жанына батқан ауруын, лоқсу мен өзге симптомдарын басатын толыққанды марихуананы пайдалануға рұқсат етеді.

Егер қараша айына жоспарланған дауысқа салуда сайлаушылардың 60 пайыздан көбі әлгіндей марихуананы ауыр дертке шалдыққан науқастар үшін пайдалануды құптаса, мұндай компаниялар көбеюі мүмкін. Алдын ала есеп бойынша, қазір Флоридада 450 мың ауыр науқас адам бар.

Мақалада медициналық мақсатта пайдаланылатын марихуана түрінің әдетте көңіл-күйді көтеру үшін қолданылатын марихуана түрлері сияқты әсері жоқ деп түсіндіреді. Флоридада марихуана шегуге заңмен тыйым салынған, сондықтан түскен өнімнің бәрі май, аэрозоль, бальзам және капсулалар жасауға жұмсалады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

  • “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    Руслан МЕДЕЛБЕК Өзбек ойыншысы Абдукодир Хусанов (2) пен БАӘ ойыншысы Луанзиньо (21) әлем кубогына іріктеу ойынында. 5 маусым, 2025 жыл. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасының жолдама алғанына жастар футболының қандай қатысы бар? Өзбекстан футболы жетістігінің себебіне үңілдік. “ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР” Өзбекстан Азия құрлығында Иран, Катар, БАӘ, Қырғызстан, Солтүстік Корея бар топтан екінші орын алып, 2026 жылғы әлем кубогына лицензия иеленді. Өзбек футболшылары тоғыз ойынның бесеуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, бір ойында жеңілген. Осы нәтиже ұлттық команданың әлем чемпионатына шығуына жеткілікті болды. Бұл топтан Өзбекстаннан бөлек Иран да әлем чемпионатына қатысады. Өзбекстан әлем чемпионатына шығуға бірнеше рет өте жақын болған еді. Мәселен, 2014 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Иран,

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

  • Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі

    Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі

    Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі Амос ЧЭПЛ Ресейлік “Белая” әуе базасын шабуылдаған украин дронынан түсірілген видеодан скриншот. Фото:Source in the Ukrainian Security  1 маусым күні жарияланған видеода бомбасы бар квадрокоптерлер жүк көлігінен ұшып жатқаны көрінеді, арғы жағында өрт болып жатыр. Сол күні Украина қауіпсіздік қызметі Ресей аэродромдарына соққы жасағанын, нәтижесінде Кремльдің стратегиялық бомбалаушы ұшақтары жойылғанын мәлімдеді. Әскери тактика бөлмелерінде бұл видеоларды мұқият зерделеп жатқаны анық. “Бұл шабуылды бүкіл әлем әскери қызметкерлері дабыл деп қабылдауы қажет” деді Жаңа америкалық қауіпсіздік орталығының Қорғаныс бағдарламасы директоры Стейси Петтиджон (ханым) Азаттық радиосына. “[1 маусымдағы шабуыл] көптеген қыры бойынша Украинаның ұзаққа ұшатын дрондар шабуылынан тиімді бола шықты. Өйткені шағын дрондар шашырап кетіп, әртүрлі нысандарды көздей алады

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: