|  |  |  |  |  | 

Зуқа батыр 150 жыл Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

ОСПАН БАТЫРҒА СОҒЫС ӨНЕРіН ҮЙРЕТКЕН ҚАЙ БАТЫР?

osman batur1

Годфрей Лиас атты ағылшын дипломаты және журналисті 1956 жылы Лондонда басылып шыққан “Kazakh Exodus” яғный “Қазақ босуы” атты кітабында Оспан батырды жастайынан соғыс өнері мен тактикасына Бөке батырдың баулығанын келтіреді.

Lias

Кітапта Оспан батыр туралы жан жақты мәлімет беріледі. Бұл кітапты Оспан батыр туралы шетелдерде көлемді мәлімет берген алғашқы еңбек деп айтуға болады. Онда сонымен қатар Түркиялық көш жетекшілері Қалибек әкім, Хамза Шөмішбайұлы, Сұлтан Шәріп Тәйжі, Құсайын Тәйжі туралы көптеген мәліметтер келтіріледі.

Оспан батырды есімін алғаш рет Түркия қазақтарынан естіп білгенін айта келіп Годфрей Лиас Оспан батырдың Түркияның Қайсары қаласына орналасқан Құсайын Тәйжі аулына барғанда ақын Қарамолла Сейітханұлының әңгімелеп бергенін мәлімдейді. Қарамолланың осы кездесуден аз алдын ғана Оспан батыр жайында бір дастан жазып шыққанын атап өтеді. Осы дастанды магнетофонға да жазып алған автор Оспан батыр шәйіт болғанына жаңа ғана бес жыл толса да ол туралы аңыз-әңгіме шежірелердің бұл қазақтар арасында айтыла бастағанын келтіреді.

Huseyin teyci

1987 жылы Түркияның Ыстамбұл қаласында қайтыс болған Қарамолланың отбасына хабарласып осы дастанды сұрадық. Өкінішке орай, Қарамолланың үлкен ұлы Сұлтан ол дастан қол жазбаның болғанын, бірақ 1990 жылы Баркөлден келген нағашысының қадала сұрап оны кітап қып Үрімшіде шығаратынын айтып алып кеткенін айтты.

HusayinHamzaKaramolla2

Годфрей 1956 жылы басылып шыққан еңбегінде Оспан батырдың балалық шағынан тұтқынға түскен 1951 ақпан айына дейінгі өмірі мен күресін жан жақты баяндайды. Әрине кітап ол кездің, яғни бұдан 60 жылдан аса уақыт алдыңғы мәліметтері тұрғысынан алып қарағанда құнды кітап. Ал бұгінгі мәліметтер тұрғысынан онда бір қатар кемшіліктер мен қателіктердің болғаны байқалады.

Zuqa batir 1866-1929  kerey.kz1

Зуқа батыр 1906 жыл , Түркия, Стамбул қаласы Қажылық сапары

Мәселен автор, Оспан батырды жастайынан соғыс өнері мен тактикасына Бөке батырдың баулығанын келтіреді. Оның бұл пікірін түрік зерттеушілері арасында да тараған. Өйткені бұл кітап 1960 жылдары Түрік тіліне аударылып басылады. Сол себептен түрік ғалымдары арасында Оспан батырдың соғыс өнерін Бөке батырдан үйренгені жайында ұғым қалыптасқан. Біздіңше бұл мүмкін емес, өйткені Бөке батыр Тибетте 1904 жылы ыстан қайтыс болғанда Оспан батыр небары бес-ақ жаста еді. Бұл жастағы баланың соғыс өнерін үйрене алмасы анық. Сондықтан қазақ тілін білмейтін кітап авторының Бөке батыр мен Зуқа батырды шатастырған болуы керек. Өйткені екі есім айтылу тұрғысынан ұқсас келеді. Екі батыр арасындағы байланыстарды қарастырғанымызда ойымыздың негізсіз емес екенін байқадық.

Қолда бар мәліметтер Оспан батырды соғысқа үйреткен, немесе батырлық тұлғасына елігіп өскен көтерілісшінің Зуқа батыр болуының әбден ықтимал екенін көрсетеді. Өйткені олар 1929 жылы қытайлар айлакерлікпен қолға түсіріп шәйіт еткен Зуқа батыр мен Оспан батыр арасында байланыс болғанын айғақтайды. Бай-манаптар мен өктем әкімдерден алып кедейлер мен жетім-жесірлерге үлестіріп берген, сондықтан қазақтың Робин Гуды деп атауға болатын Зуқа батырдың жас кезінен Оспанның тегін жігіт емес, кейін үлкен батыр болатынын болжағаны жөнінде де деректер баршылық.

Сонымен бірге Зуқа батыр Оспан батыр ауылымен құдандалы болып келеді. Зуқа батырдың Оспан батырдың руы молқыдан бес келін түсірген. Тіпті біреуі, атап айтқанда төртінші ұлы және бүгіндері Алматыда Райымбек аулында тұратын Арслан Тосын ағамыздың әкесі Шәдетке құда түскен келіні Салиха Оспан батырға немерелес болып келеді. Сондықтан, Зуқа немересі Пазила Сұлтаншәріпқызы Жаналтайдың бізге берген мәліметіне қарағанда, Оспан батыр Салиха апайына барып келіп Зуқа ауылымен араласып жүреді екен. Әсіресе Шәдет балдызым деп Оспанмен әзілдесіп күресіп жүреді екен.

sultan serif teyci2

Бір күні Зуқа батыр Көктоғай Күреде тары торбалап жатқанда жас Оспанды көреді. Оның мықтылығын ұлы Шәдеттен естіп жүрген Зуқа батыр оны сынау мақсатында бір дорба тарыны арқасына салуды сұрайды. Сонда 100 кг тарыны Оспан батыр көтерген екен. Мұны көрген Зуқа бұл жігіт тегін емес, кейін үлкен батыр болады деген. Осыдан кейін арада бір неше жыл өткеннен кейін Зуқаның жігіттері Оспан ауылының жылқыларын алып кетеді. Оспан арттарынан қуып жетіп Зуқанын үш – төрт жігітін жығып жылқыларды алып қалады. Мұны естіген Зуқа батыр бұрынғы айтқан сөзін еске алып “Мен сіздерге баяғыда айтып едім, бұл мықты жігіт болады деп. Оны шақырыңдар” деп шақыртып шай береді. Шайдан соң Оспанға батасын берген Зуқа ауыл адамдарына “бұл жігітті құрметтеп жүріңдер” депті.

Зуқа батырдын Алматыда тұратын тағы бір немересі Арслан Шәдетұлы Тосұнмен әңгімелескенімізде Оспан батыр мен Зуқа батыр арасындағы қатнастар туралы мәліметтер айтып берді. Зуқа 1929 жылы ұсталып шәйіт етілгеннен кейін Сұлтан Шәріп бастаған Зуқа ұрпақтары Шынқай жаққа ауып кетіп қалады. Арада он бес жылдай уақыт өткеннен кейін, атап айтқанда 1946 жылы Оспан батыр Алтайға уәли болғанда оларға хат жіберіп “Қайтыңдар ел тынышталды” деп Алтайға шақырады. Сұлтан Шәріп мұны хабар алады, бірақ өздерің шақырған Оспанның қай Оспан екенін білмейді. Сонда жездесі Шәдет “Бұл тақ менің балдызым Оспан болу керек” деп қасына үш жігіт ертіп Алтайға аттанады. Бұлар Оспан ауылына жақындағанда, Оспан бір төбеде отыр екен. Алыстан үш – төрт атты кісінің қарасы көрінгенде “Алдында келе жатқан Зуқаның төртінші ұлы Шөден болуы керек” дейді. Адам жақындағанда расында алдағы кісі Шәдет болып шығады. Сонда қасындағылар “Оның Шәдет екенін сонау алыстан қайтып біліп қойдыңыз?” деп сұрағанда Оспан: “Өйткені ол менің жақын жездем, атқа мінгенде бір аяғын алдына салып отырады.” деген.Сөйтіп 15 жылдан кейін жездесін қарасынан танып қойған екен. Оспан оларға бес атар мылтық, ат беріп еліне қайтарады.

Сонымен қорыта айтқанда, ағылшын дипломаты және журналисті Годфрей Лиастың 1956 жылы Лондонда басылып шыққан “Kazakh Exodus” атты кітабында айтқанындай, Оспан батырды жастайынан соғыс өнері мен тактикасына баулыған Бөке батыр емес, Зуқа батыр. Жоғарыда біз айтқан фактилерді еске алатын болсақ, Зуқа батыр, Оспан батырға бәлкім әдейі соғыс өнері туралы тәлім-тәрбие бермеген болуы да мүмкін. Бірақ, Оспан батырдың жастайынан Зуқа батырдан бата алғаны және оған еліктеп өзіне үлгі (роль модель) етіп өскені ақиқат. Сондықтан 1940 жылы бүкіл халық қаруларын тапсырып Шың Шы Сайға беріліп жатқанда, ол қаруын алып өзі жеке дара да болса мүдірмей тауға шығып күреске бекініп отыр. Міне сондықтан биыл оннан аса мемлекетте 150 жылдығы тойланып жатқан Зуқа батыр тек халқын зорлық-зомбылықтан, әділетсіздіктен қорғаған мықты батыр емес, сонымен қатар батыстық тарихшылар “қазақтың алтын анызы” деп жоғары баға берген Оспан батырға соғыс өнерін үйреткен немесе оған халқының ұлттық мүдделерін қорғау жолында күреске ұмтылуында үлгі болған ұлы тұлға да. Жаны жаннатта болсын!

Әбдіуақап Қара

Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы

kerey.kz

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: