Мұрат Алмасбекұлы. Бөрібас белгі (Әңгіме)
Фото: AliExpress.com Ақ жауын себезгілеп тұр. Ұсақ тамшылар ауада қалқыған жұқа тұманға араласып кеткен. Күн жаңбырлы болғанымен, жылы. Оны сылдырай аққан бұлақтың жұмсақ үні де аңғартады. Төңірек тып-тыныш. Оқта-текте, қалың ағаш арасынан әлдебір құс сайрап қояды. Жарқышақ, көлбеу тасты паналап жатқан бала тітіркеніп оянды. Орнынан аунап кеткен екен. Бір жақ денесі болымсыз дымқыл тартыпты. Ұйықтап қалғанына таңданды. Еңбектеп, қайта түкпірге барды. Сосын, бұлт тұтасқан аспанға, тұман шөккен астыртқа қарады. Бәрі бұлыңғыр. Анық, көрнеу ештеңе жоқ. Ол түңілгендей екі тізесіне маңдайын сүйеп, құныса отырды. Өзегі төмен тартып, қарны ашқаны сезіледі. Ернін жаланып, жұтынды. «Жеміс теріп жесем бе» деп ойлады. Бірақ, аяқ басар шөп пен делдиген бұта-бүрген тегіс шылқыған су. Тиіп кетсе