| 2016 | January
  • «Қазақстан» телеарнасында Наурыз жұлдызы анықталады
    Мәдениет

    «Қазақстан» телеарнасында Наурыз жұлдызы анықталады

    Наурыз мейрамы жаңару мерекесі. Қазақстандықтар үшін Наурыз көктемгі жаңару, махаббат, береке, достық нышаны іспеттес. Бұл ежелгі мерекелердің бірі. Жыл санау бойынша 22 наурыз – күн мен түннің теңесетін күні. Яғни «жаңару» деген мағынаны білдіреді. Наурыз мейрамы ата-баба дәстүрімен сабақтасқан жалпы түркі тілдес халықтарына ортақ мереке. Түркі тілдес халықтардың әрқайсысында Наурыз мейрамын тойлаудың өз ерекшеліктері бар. Бұл күні ренжіскен адамдар татуласып, бір-біріне кешіріммен, мейірімділікпен қарайды. Барша жұрт әдемі киініп, би билеп, ән салады. Ақсақалдар бата беріп, жақсы тілектер айтылады. Қазақ халқы қашанда шеберлігімен, шешендігімен, «жақсы ән мен тәтті күйлерімен» ерекшеленетін. Қазақта «әу» демейтін, сондай-ақ домбыра шертпейтін адам кемде-кем. Қазақтың бар болмысы әнмен өрілген. Ән той-думандарда да, салт-дәстүрлерде, сонымен қатар жоқтауларда да

    2611
  • Хан жолы һәм Қараөткел тарихы
    Сұхбаттар

    Хан жолы һәм Қараөткел тарихы

      Баянбай Хұсайнов – ұзақ жыл Есіл өңірін зерттеумен айналысқан өлкетанушы-ғалым. Өмірінің соңына дейін  Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-інде сабақ берді. Біз ғалымның көзі тірісінде журналшыға берген сұхбатын жариялап отырмыз. Сұхбатта Оңтүстіктегі Қоқан, Түркістан өлкесін Ұлытау арқылы солтүстіктегі Қызылжармен жалғастырып, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда үлкен стратегиялық маңызға ие болған «Хан жолы» жайлы  әңгіме өрбиді.    –  Сіз өлкетанушы ретінде «Хан жолы»  жайлы көп жыл зерттеп жүрсіз. Бұл байырғы «Жібек жолының» бір тармағы ма, әлде бертінде пайда болған жаңа сүрлеу ме? – Менің зерттеуім бойынша, Қазақстан жері Ресейге толық бодан болғанға дейін солтүстік өлкеде төрт үлкен керуен жолы болған. Соның бірі – Қызылжар қаласынан шығып, Ақмола дуаны арқылы Ұлытауды басып өтіп Бұқара, Тәшкентке жетіп жығылған. Осы  керуен

    2735
  • Кенесарының әскері
    Тарих

    Кенесарының әскері

    «…Кенесары еш билікті мойындамай, емін-еркін өз жерінде ұстатпай жүр. Жақтастары ақ кигізге көтеріп, хан сайлап алған. Өз атынан хат жазып, арнайы мөрімен таңбалайды. Қоқандықтар мен хиуалықтарға соғыс жариялап, Сырдың жағасындағы халықтардан  (хиуалық) салық жинап отырады. Кең құлаш өмір сүреді. Бұхара әмірі хан деп танып, өз байрағын беріп, молданы жіберіпті. Кенесары өзінің паңдылығы мен төрелік мінезімен бұл далаға өте қауіпті. Жан-жағы бірауыздан бағынып, әскері де ержүрек, ханы үшін өлімге де бара алатын сарбаздардан құралған. Әскер іші өте қатал тәртіпте. Жақын сарбаздары (оққағарлары) тас түйін қаруланған. Әрқайсысында ұзын найза, мылтық не винтовка, пистолет және қылышы бар. Мылтық пен қылышты Бұқарадан немесе Хиуадан алдырады. Бұл әскердің жүзбасы мен онбасы басшылық ететін өз топтары,

    981
  • Қанаттың ізбасары атанған Бейсенбі туған жеріне жеңіспен оралды
    Спорт

    Қанаттың ізбасары атанған Бейсенбі туған жеріне жеңіспен оралды

    Қанат Исламның ізбасары атанған қытайлық қазақ боксшы Бейсенбі Насиоллаұлы туған жері Қаба ауданына жеңіспен оралды деп хабарлайды BAQ.KZ.  Бейсенбі қазір «Юннан жұңуи» клубының кәсіпқой бокс шебері. Естеріңізде болса, ол 12 ақпан күні, Қытайдың Сычуан өлкесі Лужоу қаласында өткен 2016 жылдың 4 реткі «Орталық телевизияның жаңа жылды құттықтау белдігіне таласу» бәсекесінде жеңіске жетіп, алтын белік тағынған болатын. Енді міне, кезекті додадан мерейі үстем болған батыр 24 ақпанда туған ауылына оралды. Аталмыш Лужоу қаласындағы жарысқа Гана, Бразилия, Венесуэла, Қытай сынды 4 мемлекеттен 28 спортшы қатысқан. 63 келі салмақта ганалық қарсыласын бас көтертпей соққылаған Бейсенбі оны 2 минут 23 секудта алаңнан кетуге мәжбүр етті. Сөйтіп, WBC жеңіл салмақтылар дәрежесінде алтын белбеуді жеңіп алған.

    1069
  • Қандастарымыз қоныстанатын өңірлер
    Қазақ шежіресі

    Қандастарымыз қоныстанатын өңірлер

     Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №83 қаулысы бекітілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №83 2016 жылғы 18 ақпан, Астана, Үкімет Үйі Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлер; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер айқындалсын. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 162-құжат); 2) «Оралмандарды

    670
  • Араб түбегіндегі жаттығуға 200 мың әскер қатысып жатыр
    Жаһан жаңалықтары

    Араб түбегіндегі жаттығуға 200 мың әскер қатысып жатыр

    Сауд Арабиясының солтүстігінде өңірде бұрын-соңды болмаған ірі көлемдегі әскери жаттығу басталды. saudigazette.com.sa сайтының хабарлауына қарағанда жаттығуға 20 елдің әскерлері қатысып жатыр. Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірліктері, Иордания, Бахрейн, Сенегал, Судан, Түркия, Кувейт, Марокко, Пәкістан, Тунис, Катар, Малайзия, Мысыр сынды 20 мемлекеттің әскерлері «Солтүстік дауылы» жаттығуын бастаған. Қытайдың CCTV-News агенттігі Әскери жаттығуға 200 мың жауынгердің қатысып жатқаны туралы хабарлады. «Ислам әскері» деп аталатын коалицияға кірген елдер жаттығуға 100 ден астам ұшақ, 100 ден астам танк пен көптеген техника қатыстырып жатыр. Мұндай ірі көлемдегі жаттығу өңірде бұрын болмаған көрінеді. Сарапшылар бұл жаттығуды Сауд Арабиясы бастаған коалицияның Иран мен Сирия билігіне көрсеткен қыры ретінде бағалап отыр. Ал, Сауд Арабиясының ресми билігі бұл жаттығуды аймақтағы бейбітшілік пен

    450
  • ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ өмірі, сан қырлы қызметі және мұрасы туралы зерттеулері, мақалалары және сұхбаттары жинағының «сүйінші» данасы басылып шықты.
    Жаңалықтар

    ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ өмірі, сан қырлы қызметі және мұрасы туралы зерттеулері, мақалалары және сұхбаттары жинағының «сүйінші» данасы басылып шықты.

    Сүйінші, достар! Алты Алаштың көсемі ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ өмірі, сан қырлы қызметі және мұрасы туралы Сұлтан Хан Аққұлының қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі зерттеулері, мақалалары және сұхбаттары жинағының «сүйінші» данасы басылып шықты. Жинақ «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының қаржылай демеушілігі арқасында жарық көрді. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. 2 аптаның ішінде жинақ кітапты Алматы мен Астана қалаларының кітап дүкендерінен сатып алуға болады. Сатып алушылар асықсын. Жинақ 1 мың данамен ғана жарық көрді. Ұлт тарихын қадірлеушілердің назарына. Таяуда қазақ тілінде Әлихан Бөкейхан туралы тұңғыш 2 томдық монография жарық көреді. Шығармада тарихи-мұрағаттық құжаттар мен дерекөздер негізінде қазіргі Қазақ елінің іргетасын қалаушы Әлиханның дүниеге келген сәтінен 1937 жылы Мәскеуде ОГПУ-НКВД-ның тас қапасында ату жазасына

    692
  • Ең аз бұзылатын автокөліктердің тізімі жария болды
    Жаһан жаңалықтары

    Ең аз бұзылатын автокөліктердің тізімі жария болды

    Америкалық J. D. Power and Associates агенттігі АҚШ-тағы ең қауіпсіз автомобильдердің рейтингін ұсынды. Мұндай зерттеуді компания 27-ші рет жүргізіп отыр, – деп хабарлайды AutoNews.ru. Тізім 2013 жылы шығарылған көлік иелерінен сауалнама алу арқылы жасалды. Жүргізушілерден соңғы 12 айда көлігінде қандай ақаудың болғаны сұралған. Сенімділік көрсеткіші марканың 100 автомобилінде болса анықталады. Рейтингте бірінші орынды Lexus автомобильдері алды (брендтің 100 көлігінің 95-інде ақау шыққан). Екінші орында Porsche (97 ақау), Buick үшінші орында келеді (106 ақау). Одан кейінгі орындарда Toyota (133) мен GMC (120). Сарапшылар АҚШ жүргізушілерінің көп жағдайда көліктің сыртқы бетіндегі ақауларға байланысты шағым айтатынын атап өтті. Ал қозғалтқыштағы және трансмиссиядағы ақаулар азайған. Ұялы телефонға Bluetooth арқылы жалғау кезінде шығатын жарамсыздықтар жойылмай отыр екен. Сауалнамаға қатысқандардың бір бөлігі аудипжүйенің

    699
  • Қатаған қырғынына жаңаша көзқарас немесе Есім хан мен Тұрсын хан мәселесі
    Қазақ хандығына 550 жыл

    Қатаған қырғынына жаңаша көзқарас немесе Есім хан мен Тұрсын хан мәселесі

    Қатаған қырғынына жаңаша көзқарас немесе Есім хан мен Тұрсын хан мәселесі IV ғасыр бойы халық ауыз әдебиетінде жиі еске алынып, тарихи дау туғызып келген бұл проблемаға тарихшылар тек бір жақты ғана пікір ұстанып келеді. Есім ханның Қатаған ұлысына жасаған шабуылын Тұрсын ханның сатқындығымен ақтап алғысы келетіндігі мәлім. Ал, енді өткенге бір сәт зер сала отырсақ, ортағасырлық тарихшылар Хафиз Тыныш, Әбілғазы Баһадүрлердің еңбектерінде Тұрсын ханның таққа Есімнен бұрын келіп, ел арасында үлкен абыройға ие болғандығын байқар едік. Сонда, Есім хан таққа қалай отырды? – деген сұрақ санада туындайтыны анық. Есім туралы алғашқы тарихи деректерді назарымызға моғол жылнамашылары ұсына алады. XV ғасырда мұсылмандық Шығыс Түркістанда қуатты «нахшбандилік» бағыттағы діни сектаның болғаны мәлім.

    13642
  • Жасарат Жәлелұлының медицина саласына енгізген жаңалығы талайды таң қалдырды.
    Әлеумет

    Жасарат Жәлелұлының медицина саласына енгізген жаңалығы талайды таң қалдырды.

    Қытайдағы қазақ ғалымы, Үрімжі ауруханасының аға дәрігері Жасарат Жәлелұлының медицина саласына енгізген жаңалығы талайды таң қалдырды. Оның емдеу тәсілінің артықшылығын Қытай және АҚШ мамандары мойындап отыр. Жасарат Жәлелұлы медицинаға киіз үй үлгісіндегі тігіс түрін енгізіп, бұл еңбегін алды­мен Қытайда, одан кейін АҚШ-та патент­теген. Адам емдеуде бес мың жылдық тарихы бар Қытай елінде тосын жаңалық ашқан дәрі­гердің аталған тәсілі ұлттық ерекшелігімен де құнды. Ғалымның киіз үй формасындағы тігісінің көптеген артықшылығы бар көрінеді. Соның бірі ретінде адамның сынған сүйегіне ота жасап, оны әлгі әдіспен тіккеннен кейін гипспен қатырудың қажеті жоқ екенін айтуға болады. Ж.Жәлелұлы бұл ем түріне «киіз үй үлгісіндегі ота жасау әдісі» деп ат қойыпты. Қазақ ғалымының кәдімгі қазақы етікке байланысты

    1512
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: