|  |  |  | 

Езутартар Шоу-бизнис Әлеумет

“Шымкентский вариант”, “Жабайы батыс” пен “Найман”: Еліміздегі жаттанды пікірлер қандай?

Халық арасында кең байтақ Қазақстанның әр аймағына тән қатып қалған қағида қалыптасқан. Бұл біржақты пікірлерді күнделікті құлағымыз шалады. NUR.KZ порталы оқырмандарына қазақстандықтардың санасына сіңіп кеткен түрлі стереотиптерді ұсынады.

«Шымкентский вариант»

"Шымкентский вариант", "Жабайы батыс" пен "Найман": Еліміздегі жаттанды пікірлер қандай?

ФОТО: МАҚСАТ ШАҒЫРБАЕВ

Шымкент туралы ел арасында неше түрлі әңгімелер айтылады. «Шымкентский вариант», «шымкенттік келіндер», «Шымкент – Техас», «Мәселені шымкентше шешіп тастау» деген сөздерді жиі естиміз. Шымкенттіктерді өзгелерден пысық әрі қу деп санау жұрттың санасына әбден сіңіп алған. Қазақстанның басқа аймақтарының тұрғындары шымкенттіктердің жүрмейтін жері жоқ деп ойлайды. Олар шымкенттіктердің қай жерге көшіп барса да, тез үйренісіп кететінін алға тартады.

«Картопты сүйіп жейтін Нарынқол»

"Шымкентский вариант", "Жабайы батыс" пен "Найман": Еліміздегі жаттанды пікірлер қандай?

ФОТО: ALASHAINASY.KZ

Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты ауылды бүкіл Қазақстан біледі. Нарынқол десе жұрт оларды картопты сүйіп жейтін халық деп елестетеді. Өйткені бұл  бұрыннан  бері картоп өсіруде алда келе жатқан аймақ. Көпшілік Нарынқолды әзілдеп “Норвегия” деп атайды. Нарынқол ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен жұртқа жақсы таныс.

«Найман»

"Шымкентский вариант", "Жабайы батыс" пен "Найман": Еліміздегі жаттанды пікірлер қандай?

КӨРНЕКІ СУРЕТ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ

Жоғарыда аталған “шымкентский вариантпен” қатар елімізде “найманский вариант” деген біржақты пікір қалыптасқан. Найман руынан шыққандарды көпшілік айлакер, қу деп қабылдайды. Сондай-ақ білмейтін жұрт семейліктердің бәрін найман деп ойлайды. Көпшілігі наймандардың пысық екенін, ойлаған істі елден бұрын жасап тастайтыны туралы айтады.

«Шудың шөбі»

"Шымкентский вариант", "Жабайы батыс" пен "Найман": Еліміздегі жаттанды пікірлер қандай?

ШУ АЛҚАБЫ. ФОТО: VOXPOPULI

Тек Шу алқабында емес, тегіс Орталық Азия елдерінде өсетін қарасора шөбі Шудың атына жабысты да қалды. Жұрт Шу десе көз алдына есірткі дайындайтын осы бір шөптің атауы еріксіз ойға оралады. «Шудың шөбі» осы аймақтың атағын шығарып тұр. Сондықтан білмейтін жұрт Шудан келген адамға күмәнмен қарайтыны рас.

«Қылмысқа толы Тараз»

"Шымкентский вариант", "Жабайы батыс" пен "Найман": Еліміздегі жаттанды пікірлер қандай?

КӨРНЕКІ СУРЕТ: BROD.KZ

Тараз қаласына байланысты ел арасында “қарақшыға толы криминалды мекен” деген стереотип қалыптасқан. Таразға барып көрмеген адам ол жақта атыс-шабыс жиі болып тұрады деп ойлайды. Түнгі Тараздың тіршілігі оларға әзірейілдей көрінуі мүмкін. Тіпті сол қалада туып-өскен режиссер Нұртас Адамбай да осы мәндес фильм түсіргені белгілі.

«Астананың желі мен бораны»

"Шымкентский вариант", "Жабайы батыс" пен "Найман": Еліміздегі жаттанды пікірлер қандай?

КӨРНЕКІ ФОТО: 24.KZ

Астананың атауы күндіз-түні соққан желімен, қыстыгүні ұйытқыған боранымен қатар аталады. “Бізде аяз қатты, қалпағыңды емес, адамның өзін ұшырып әкетеді», – дейді елбасының өзі де Астананың қатаң климаты туралы.

«Южан»

"Шымкентский вариант", "Жабайы батыс" пен "Найман": Еліміздегі жаттанды пікірлер қандай?

ФОТО: VLAST.KZ

Батыс, Солтүстік, Орталық Қазақстан аймағындағы жұрт оңтүстік облыстардың тұрғындарын «южан» деп атайды. Олар «южандарды» тіліндегі диалектілерден, қылықтарынан бірден байқап қояды. Өзге аймақ халқы оларды әккі, пысық деп ойлап, оларға жоламай, алыстан араласу керек дейді.

“Жабайы Батыс”

"Шымкентский вариант", "Жабайы батыс" пен "Найман": Еліміздегі жаттанды пікірлер қандай?

ФОТО:KINOPOISK.RU

Батыс Қазақстан тұрғындарын жұрт қызуқанды, ешкімге сырын алдырмайтын, мінезі бірбеткей деп қабылдайды. Олардың жай сөйлегенін басқа аймақ тұрғындары ұрсысып тұр деп ойлауы мүмкін. Өйткені олардың сөйлеу мәнері басқаларға дөрекі естіледі.

Дереккөз: Nur.kz

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: