|  |  | 

Көз қарас Әдеби әлем

«Әтпіштің» әңгімесі

Ықылас Ожайұлы11050709_790707717686884_8563075177980721829_n

I
Ана жолы үстел басында бір топ жігіт «Абай жолындағы» Қодар мен Қамқа өліміне қатысты біршама сөзге келіп қалдық. Сондағы Құнанбай қолданған жазаны көбісі надандық пен ескілік қалдығы деп санайды екен.
- Адамның ерік-қалауы деген болады, ол бүгінгі ата заңымыздың ақ
парағына қара сиямен әдіптеліп тұрып жазылған, – деді алғаш сөз алған жігітіміз. – Сонда қайын атасы мен келіні… – дедім де кілт тоқтай қалдым, арғы жағын айтуға ауызым дауаламай. – Жоқ, – деді ол жұлып алғандай, – Бәрібір де адамның ішкі қалауына ешкімнің де араласуына жол берілмеуі керек. Сол кезде сөзге екінші опономентім араласты. –Немене, адамды міндетті түрде өлтіру керек пе? Мұнан кейін бұлай еш жасамаңдар деп жазаламай-ақ та жібере салуға болады ғой, – деді үлкен данышпандық ой тастап. – Пәлі, – дедім мен, – бұл жазаны Құнанбай ауадан алып отырған жоқ қой, әрісі Қасым, берісі Есім хан мен әз Тәукеге дейін жалғасып келе жатқан дала заңы емес пе? Некелі жарының басынан аттап бөгдемен көңіл жарастырған кез келген кісінің мұндай қылығына тек өлім жазасы берілген. Рас, Құнанбайдың бұлай істеуіне (оларды босата салуына) ақылы жетпей отырған жоқ қой, – дедім, дауды одан әрмен ушықтырғым келмей.

II

Бұл арада әсіре «гуманист» болып алған әлгі жігіттердің жетесі жетпей отырған мәселесі мынау: Қос қарының (дәлірек айтсақ зинақордың) БҰЛ ҚЫЛҒАН ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ МОРАЛЬДЫҚ ҚҰНЫНЫҢ ӨЛІМГЕ ПАР ЕКЕНДІГІ. Мұны бүгінде жеңіл жүріске бой алдырған кез келген пенде баласы осы қалыпта қабылдауы тиіс (Мейлі ол XVIII, я XXI ғасыр болсын, адам ар-ұятының құны заманаға қатысты әмәнда өзгермек емес). Зина – адамның ар мәселесі, ал ардың материалдық құны деген атымен болмақ емес. Оқиғадан түйетін оймақтай ғана ой жосынымыз мынау: Зинақорлық күнәсінің құнын төлеуге дөңгелек дүниенің еш байлығы жетпейтінін, бұл күнәдән тазарудың жалғыз-ақ жолы өз шыбын жаныңды құрбан ету екендігін рухани тұрғыдан түсінуің (Қазақтың «өлімнен ұят күшті» танымы осы ойымызға аналогия бола алады деген үміттеміз). Әгәрәки дейік, кешегі Қасымдар тұсындағы осы бір мизамды (заңды) бүгінгі қазаққа қайыра бір қолданса не болар еді?!
Сөзсіз, санымыз күрт құлдырап, Қазақияда демографиялық трагедия басталады. Мына жер кемпір-шалдар мен жас балалардың ғана мекеніне айналып, қаңырап бос қалар еді. Сөйте тұра біз ар мен ұят хақында ақыл соққанда алдымызға жан салмаймыз.
Сірә, ауыздың дуасы, (осы) сөз бен істің сәйкес келмегендігінен де кететін болса керек…Қодар мен Қамқаның өлімі
III

Жүсіп-Баласағұның «Қыз-келіншектің ләззаты – некелескен түндері, Ер жігіттің ләззаты – жау қайырған күндері» деген өлең жолдарын оқып отырып пұшайман халге түстім.
Сосын, біздің ләззатіміз шынымен-ақ ауысып кеткен екен ғой деген ойға бекідім. Аңдаған адамға ЕР АЗАМАТ ӨЗІНІҢ ЕҢ ҰЛЫ ЛӘЗЗАТІН ЕЛІНІҢ ҚАМЫН КҮЙТТЕУДЕН АЛАДЫ ЕКЕН ҒОЙ. Сірә (азамат үшін), ұлы ерлік пен ұлы ләззат та осы болса керек. Осыны ойлағанда жанарға жас келеді. Кешегі қаһарлы хан Кене мен Алаш арыстарының бейнесі көз алдыңа тізбектеліп тұра қалады.
ЕЛ мен ЕРДІҢ есімі бір десек, біздің осы романтик болуымыздың сыры не?! Өтірікке мелдектеген қазақ социмуының сиқы болса мынау.
Бір таңданарлығы, саяси корпус ел мүддесіне қарсы үсті-үстіне қабағат қателіктер жасап жатса да, біздің зиялыларымызға оның бес тиын да керегі жоқ. Оларға Шыңғысханның түркі, я болмаса қазақ болғандығы қызық. Ал ақындарымыз қарасаңыз бір айықпас «ғашықтық» дертіне шалдыққандай. Таңертең ғана бір ғазалын ине-жіптен шығарса, кеш қарая тағы біреуін тәмамдап, «осы бір қыздың қылығы-ай» деп өліп отырғаны (Ата сақалы ауызына біткендеріміздің арзан сентиментализм мен желдеген жігіт шақтың уақыт белдеуінде қалып қойғандығы өз алдына жеке жүк).
«Татарды тырнасаң орыс шығады» демекші, осылардың «махаббат лирикасы» деп жазып жүргендеріне шын назар қойсаңыз, тек көтен буффонадасы. Дәлірек айтар болсақ, «әтпіштің» әңгімесі ғана. Құмарлық құрсауына түсіп, төңкеріліп қалған тұтас түсінігімізді қайыра тіктеп, МАХАББАТТЫҢ асқақ ұғым екендігін, ол Алла мен адам арасындағы екеуара рухани сұхбат екендігін сау санаға орнықтыру бірқадар жүк болғалы тұр.Кунанбай-1

P.S Бұл жазбамыз, алда талданбақ Абайдың «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» ұғымының шағын ғана аңдатпасы екендігін оқырманға ескерту болатын.

facebookтегі  жазбасынан алынды

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: