|  |  | 

Тарих Тұлғалар

АҒАЙЫНДЫ БІРІМЖАНОВТАР- АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ

«Алаш партиясы мен Алашорданың құрылғанына 100 жыл

Изображение 2139

суретте  Думаның депутаты Ахмет Бірімжанов Дума депутаттарымен тұрған сәті (сол жақтан бірінші)

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

АҒАЙЫНДЫ БІРІМЖАНОВТАР- АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ

1905-жылы бүкіл Ресейді қамтыған Орыс революциясы мен император Николай II-  нің 1905-жылдың тамызында қол қойған Манифестіндегі 1-ші тарауындағы «Сөз, жеке тұлғаның бостандығы,жиындар мен қоғамдық ұйымдардың бостандығы» туралы тарауы Қазақ даласына үлкен өзгерістер әкелді. ХХ- ғасырдың басында -ақ, ел қамын жеп отаршыларға қарсы саяси көзқарасы қалыптаса бастаған Қазақ зиялылары енді елдің басын қосып, империяның озбырлығына бірігіп күресуді бастаған еді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов. М.Дулатов, Ж.Ақбаев ұйымдастырып,мыңдаған қазақ аймақтарының өкілдері қол қойып, патшаның атына, премьер министр Столыпиннің атына, Ішкі істер министрінің атына жазылған жолданған ПЕТИЦИЯ осы Алаш қозғалысының бастауы болатын.Ол петицияларда атап көрсетілген он төрт бап патша Манифесінде жазылған заңдық баптарға сәйкес, қазақ халқының сол кездегі билікке жеткізілмей жүрген мұң мүддесі еді.

Осы тарихи кезең туралы өткен жылдың аяғында бірнеше сайттарда жарияланған «Алаш туын көтергендер» атты зерттеу мақаламда жазған болатынмын. Оны қайталағанның жөні болмас. Дегенмен, АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫН осы жылдары бастаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов, Ж.Ақбаев, М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов тәрізді тұлғалармен бірге, ағайындылар Ахмет,  Ғазымбек БІРІМЖАНОВТАРДА осы Алаш қозғалысының ортасында жүрді.

Орынбор гимназиясын, Қазан университетінің Заң факультетін Алтын медальмен бітірген Ахмет Бірімжанов  1906-жылғa дейін Орынбор, Том қалаларында сот саласында қызмет етіп жүрді. Бұл кезде А.Бірімжанов халықшылдығымен ел құрметіне ие болып үлгерген заңгер еді. Сондықтан ол  1906-1907-жылдардағы Ресейдің және  I-II-ші Думасына Торғай облысы атынан депутат болып сайланды.Екі Думаның да ғұмыры қысқа болғанмен депутат Ахмет Бірімжанов Думадағы Мұсылмандар фракциясының белсенді мүшесі болып, Ресейдің  отар елдерде жүргізіп отырған  озбыр аграрлық саясатын шектеу, қазақ жеріндегі әскери дала соттарын жоюды, қоныстанушыларды шектеуді, оларға жер бөлу жөнінде іс әрекет тек Дума қабылған Заңдар бойынша жүзеге асуы талап етті.

Орталық Азияда жер бөлу істері туралы кейбір заңдарды Думада қабылдауға ықпал еткен Мұсылмандар фракциясының белді мүшелері ішінде Б.Қаратаев (Орал облысынан),А.Қалменов (Батыстан) ,М.Тынышпаев, Ж.Құлманов(Жетісу облысынан) тәрізді депутаттар болды.
I-ші және II-ші Дума мүшелерінің қатарында эсер, меньшевиктердің, социалистік халық партиясының да өкілдері болды. Осы партиялар мен Дума депутаты Ахмет Бірімжанов пен мұсылмандар фракциясы ұсынған заңдардың көбісі Премьер министр Столыпинге жақпады. Өйткені, жоғарыда аты аталған партиялардың талабы бойынша ішкі әлеуметтік жағдайды көтеруге империяның экономикалық мүмкіндігі де жоқ еді. Сондай ақ,Орта Азияда отаршылдық бағыттағы саясатын кері өзгертуге патшалық Ресейдің ойы да болмаған тын.

Яғни, бұл кезеңде Ресейдің көптеген шаруалары, қара шекпенділері Орта Азияға, оның ішінде Қазақ жерінің ең шұрайлы жерлеріне жаппай орналастырыла бастаған кез еді. 1906-1907-жылдардағы екі бірдей Думаның қызмет мерзімінің өте қысқа болуы орыс социалистік партиясының және Мұсылмандар фракциясының ұсынған Заңдары премьер министр Столыпинге жақпай қалуынан болды. Сосын патша Николай II- өз жарлығымен Думаның қызметін тоқтатты.

Ал, қазақ елінің мәселелерін Думада көтерген депутат Ахмет Бірімжановқа  келесі Думаға өзінің кандидатурасын ұсынуға және еліне қайтуға тыйым салынып, оған тек Ресейдің Бұзылық қаласында қызмет етуге рұқсат берді.

Ал,  III-ші Думаға Орта Азия өкілдеріне депутат болуға шек қойылды.  Осы III-ші Дума ең ұзақ «өмір сүрген» Дума БОЛДЫ.  III-ші Думада қазақ депутаттарының болмауы Алаш қайраткерлерін алаңдатты. Сосын келесі  IV-ші Думаға  қазақ Орынбордан депутат өткізу мақсатымен Ахмет Байтұрсынов 1912-жылы «Қазақ, һәм, Дума» атты мақаласын жазған. А.Байтұрсынов  одан бұрын да «Айқап»журналы арқылы Түркістан жұртынан, башқұрт, ноғай, татар жұрттарынан IV-ші Думаға қазақтан депутаттыққа бір өкіл өткізуге көмек сұраған екен. Ахаңды Түркістан, ноғай, татар жұртының өкілдері қолдап, қол ұштарын беруге келіскенімен Ресей билігі IV-ші Думаға да қазақ депутаттарын өткізбей қойған. Сөйтіп жүргенде, Бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, Ресей ішінде аласапыран оқиғалар болып жатты.

1917-жылы патша Николай II- тағынын күштеп түсіріліп, оның орнына кадет партиясының белді мүшесі Керенский бастаған Уақытша үкімет келді.

Бұл кезде белгілі заңгер болып атағы шыққан Ахмет Бірімжанов Орынборға көшіп келді. Сол  күннен бастап Алаш қозғалысына белсене араласты.  Орынбордағы 1917-жылы сәуір айынан басталған Жалпықазақтық бірнеше сиезге қатысты. Күзде өткен сиезде Уақытша үкіметтің Торғай уезіндегі комиссары, одан кейін Қостанай уезіндегі комиссары қызметтерін атқарды. Алаш партиясының және үкіметінің сайланбалы мүшесі болды.  1919-жылы Кеңес өкіметі Алаш орда қайраткерлеріне  ресми кешірім жасалғаннан кейін, Ахмет Бірімжанов Қазақ автономиясы Жоғарғы Сотының мүшесі, одан кейін де Жоғарғы сот саласында жауапты қызметтер атқарды. Қызылорда республиканың астанасы болғанда қазақтың зиялы тұлғалары А.Байтұрсыновпен, Ә.Бөкейхановпен, М.Дулатовпен, олардың отбасымен араласып, сыйласып тұрған. Ахмет Бірімжанов 55 жасында қауіпті кеселге ұшырап, содан Ленинградта, (қазіргі Петербургте) 1927-жылы қайтыс болып, сонда жерленген. Соңғы сапарға Ә.Бөкейханов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан шығарып салыпты.

Изображение 2161

суретте Алаш қайраткерлері (оң жақтан) Ғазымбек Бірімжанов, Міржақып Дулатов,  Ахметсафа Юсупов 

 

А.Бірімжановтың жастық шағына қысқаша шолу

Ахмет Бірімжанов Қазан университетінің заң факультетінде В.Ульяновпен (Ленин) бірге оқыған. Бірақ кіші Ульянов соңғы курста ағасының террористік ұйымға қатысып, сотталғаны себепті,  университеттен шығарғандықтан, ол дипломды экстренно экзамен тапсырып алған. Ал, Ахмет Бірімжанов Қазан университетінің заң факультетін Алтын медальмен бітірген.А.Бірімжанов гимназияда оқып жүрген кезінде ақ Орынбор жандармериясының бақылау тізіміне енген. Оның екі себебі бар еді А.Бірімжанов гимназияда оқып жүргенде халықшыл сөздер айтып, орыс отаршыларының қазақтардың жері тартып алып жатқан әрекеттеріне наразылық пікірлерін айтқан. Бұл біріншіден, екіншіден, А.Бірімжанов атақты тархан Шақшақ Жәнібек батырдың ұрпағы еді.  Шақшақ Жәнібек батыр Тархан атағын Ахметтің атасы Дәуітбайға мұра етіп қалдырған. Дәуітбайдан Мұса, Мұсадан Шеген, Шегеннен Бірімжан, Бірімжаннан Қорғанбек, Қорғанбектен Ахмет, Ғазымбек және т.б. 1868-жылы Tорғай уезі құрылғаннан бері Шегеннен бастап, оның ұрпақтары Дәуренбек, Жақып, Қорғанбек Ресей патшалығы құлағанға дейін Тосын болысын басқарды. Солай десек те, ел арасында өте беделді Шеген ұрпақтарының  бәрін уездік жандармерия үнемі бақылауда ұстап, айтқан сөздерін, істеген істерін тіркеп отырған. Ахмет Бірімжановтың да жандармерия бақылуында болуының да осындай себептері бар еді.

 

Ғазымбек БІРІМЖАНОВ -АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАЙРАТКЕРІ

1917-жылы сәуір айында Орынбор қаласындағы Жалпыхалықтық қазақ сиезіне қатысқанда Ғазымбек бар болғаны 21 жаста еді. Бұл кезде Ғазымбек Бірімжанов Орынбор гимназиясын үздік  бітірген, башқұрша, орысша  тілдерді меңгерген жан жақты ұлтшыл жас еді. Оған бірден бір себеп, Ғазымбек бала кезінен ағасы Ахметтің қолында, тәрбиесінде болып, Бұзылық, Орынбор қаласында оқуы.

Мамыр айында ОрынбордағЫ Жалпыхалықтық сиезде Алаш партиясы мен Алаш орданың белсенді мүшесі болды. Сол жиында башқұрт тобының атынан сөз сөйлеген. Алаш автономиясын құру жөніндегі идеяның жақтаушысы ретінде, Әлихан Бөкейхановтың жағында болған. Алаш орда үкіметінің әскерін құруға біраз үлесін қосқан.  Ол қазақтардың мықты әскерін құруды армандайды.  Ғ.Бірімжанов осы мәселемен нақты айналысқан М.Дулатовпен көп кеңескен.  Олар Алаш орда әскерін құру үшін қазақ жастарын әскер тәртібіне, мылтық ату машығына үйретуді уақыт ұттырмай, тез арада қолға алу керектігін түсінген.            Сол жылы олар Алаштың қолына түскен қаржыға винтовкалар, оқ дәрілер алып, кейбір орыс әскерилерін жалдап, жастарды әскери тәртіпке үйрете бастаған.

Алаш орда басшылары  тек винтовкамен, оқ дәрімен қазақ әскері дәрменсіз болатынын түсініп, Колчактан зеңбіректер, пулеметтер, винтовкаларды көптеп беруді сұрау үшін, елшілікке орысша, қазақша шешен сөйлейтін Ғазымбек Бірімжановты елші етіп, келіссөзге жібереді. Бірақ,Сібірді «ақтар» деп аталып кеткен Сібір әскерін басқарып тұрған  Колчак монархист еді, ол ескі монархияны қайта орнатуды көздеп жүрген адам еді. Бұрынғы бұратана елдердің «автономия» болуына мүлде қарсы пікірдегі әскери тін. Алаш орда атынан келіссөзге келген Ғазымбек  Ресейде Уақытша үкімет пен большевиктер мен арасында үлкен шайқастар жұріп жатқанын айтып, Алаш орда әскеріне мол қару жарақ бөліп, әскери мамандар беруді сұраған. Бірақ Алаш орда мен Колчак арасындағы келіссөз сәтсіз аяқталған. Өйткені, Колчак сол жерде Азия елдерінің Ресейден бөлшектенуіне мүлде қарсы екенін айтып, әскери қару жарақтар беруден мүлде бас тартқан. Бұл 1918- жыл еді. Бұл көптеген саяси күштердің арпалысып, жан берісіп, жан алысып тұрған заманы еді.  Қазақ жеріне біресе Колчак әскері көктеп кіріп, біресе большевиктeр жеңіп, құбылып тұрған жылдар еді.

Ал, арада бір жарым жыл өткеннен кейін, 1919-жылы Кеңес әскері  Колчактың әскерін біржола Қытайға ысырып, барлық жерде өз өкіметін орнатты.  1920-жылы Қазақ автономиясы құрылды. Осы кездері сөзге шешен, ділмар, публицист Ғазымбек Бірімжанов «Ақ жол» газетінің редакторы қызмтін атқарған. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың елу жылдық мерей тойы Тәшкенде аталып өткенде,Ахаңның халқына сіңірген еңбектері турлы мақала осы «Ақ жол» газетінде жарияланып, кейін ол мақала талай зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде көрсетілді.1922-жылы Тәшкен инститын бітіріп, дәрігер мамандығын алған Ғазымбек Бірімжановты Үкімет басында жүрген Тұрар Рысқұлов Берлиннің Мал шаруашылығы университетіне оқуға жібереді. Ғ.Бірімжанов оны 1928-жылы өте жақсы аяқтап, «мал дәрігері» мамандығын алып келе жатқан жолда, Мәскеуде тұтқындыйды. Оны сол жерде соттап, Карелияға лагерьге айдап жіберген. Ғазымбек Бірімжанов сол айдауда жүріп, «Ақ теңіз Балтық» каналын қазуға қатысқан. Бірер жылдан соң. Яғни, 1937-жылы тағы түрмеге қамалып, үштіктің сотымен Алаш қайраткері ретінде ату жазасына кесілген. «Кеңес ұкіметіне қарсы күрес(Тәшкенде тұсірілген сурет)ті, Колчакпен байланыс жасаған, контрреволюционер» деген айыптар таққан.Үкім 1938-жылы орындалған.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,жазушы тарихшы

 

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: