Джеки Чан Астанада Димаш Құдайбергенмен бірге ән айтты
https://youtu.be/mGE6sifVcAA
Видеодан алынған кадр Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі аясында белгілі актер Джеки Чан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен бірге ән айтты – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Джеки Чан кинофестиваль барысында көрермендерге өзінің жаңа фильмі “Кунг-фу йоганы” таныстырды. Қазмедиаорталықтың киноконцерт залында актер өзінің бір әнін орындады, ал кейіннен сахнаға Димаш Құдайберген шықты. https://youtu.be/mGE6sifVcAA Қазақстандық әнші ешбір музыканың сүйемелдеуінсіз әнді қытай тілінде орындап шықты. Осыған дейін актер Қазақстанға келіп, осында кинематографиямен айналысуды армандайтынын айтқан еді. Аты аңызға айналған актер Джеки Чан кеше Қазақстанға ұшып келген болатын. Астана әкімі Әсет Исекешев әйгілі актерді әуежайдан өзі күтіп алды. Айта кетейік, 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шараға қатысу үшін келіп отыр. tengrinews.kz
Пікір қалдыру