|  | 

Суреттер сөйлейді

ОА-дағы «дүниенің төбесі»

Таулы Бадахшан – Тәжікстандағы автономиялық облыс. Бұл өңірдің аумағында Шығыс Памир таулары жатыр. Исмоил Сомони (7495 метр) шыңы да осында. 

Бадахшанның теріскейі Қырғызстанмен шектеседі, Шығысында – Қытай, күнгейі мен батысы – Ауғанстан. 

Суреттер Памир тас жолы бойында түсірілген. Бұл – әлемдегі ең биік таулы жолдардың бірі. Ол Оштан шығып, Хорог (Бадахшан облысы орталығы) мен Душанбеге барады. Суреттер VSCO қосымшасы арқылы өңделген. Азаттықтың Қырғыз қызметінің фотогалереясы.


Ел аузындағы болжамдарға қарағанда, «Памир» сөзі «дүниенің төбесі» дегенді білдіреді. Шынында да бұл жерде асқар таулар төбесі көкке тиіп тұрғандай көрінеді.  
1

Ел аузындағы болжамдарға қарағанда, «Памир» сөзі «дүниенің төбесі» дегенді білдіреді. Шынында да бұл жерде асқар таулар төбесі көкке тиіп тұрғандай көрінеді.  

Памир жолының көп бөлігі Тәжікстан аумағынан өтеді. Бұл жол ел астанасы Душанбе қаласын Бадахшан өңірінің орталығы Хорог қаласымен жалғап жатыр. 
2

Памир жолының көп бөлігі Тәжікстан аумағынан өтеді. Бұл жол ел астанасы Душанбе қаласын Бадахшан өңірінің орталығы Хорог қаласымен жалғап жатыр. 

Памир қысы қаһарлы әрі ұзақ. Тау басынан жазда да қар кетпейді.  
3

Памир қысы қаһарлы әрі ұзақ. Тау басынан жазда да қар кетпейді.  

Айбайтал асуының биіктігі - 4655 метр.
4

 

Айбайтал асуының биіктігі – 4655 метр.

 

Жолдың кей тұсы асфальт, кейде ол топырақ жолға ұласып кетіп отырады. Қыста бұл жолмен көлік жүруіне тыйым салынады, өйткені көшкіндер жүруі мүмкін. 
5

Жолдың кей тұсы асфальт, кейде ол топырақ жолға ұласып кетіп отырады. Қыста бұл жолмен көлік жүруіне тыйым салынады, өйткені көшкіндер жүруі мүмкін. 

Памирден жан-жаққа бірнеше тау сілемдері таралады. Олар күнгейде Қарақорым, Гималайға ұласып кетсе, батысқа қарай Гиндукуш сілемдері жатыр. Солтүстік-шығыстағы белестері Тянь-Шань таулары болып кетеді. 
6

Памирден жан-жаққа бірнеше тау сілемдері таралады. Олар күнгейде Қарақорым, Гималайға ұласып кетсе, батысқа қарай Гиндукуш сілемдері жатыр. Солтүстік-шығыстағы белестері Тянь-Шань таулары болып кетеді. 

Памирді ақ және көк таулардың төбесі деп те атайды. 
7

Памирді ақ және көк таулардың төбесі деп те атайды. 

8
Памирді сыртқы әлеммен жалғап тұрған жалғыз жол.  
9

Памирді сыртқы әлеммен жалғап тұрған жалғыз жол.  

Әр асудан асқан сайын көз алдыңызға түрлі пейзаж тартылады.  
10

Әр асудан асқан сайын көз алдыңызға түрлі пейзаж тартылады.  

Тау аралары - жайлау. Сайларды бойлап тау өзендері ағады.  
11

Тау аралары – жайлау. Сайларды бойлап тау өзендері ағады.  

12                Азаттық

Related Articles

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

  • Ураңхай таңбалары

    Ураңхай таңбалары

    Бұл қолжазба польяк текті орыс зерттеушісі Г.Е. Грумм-Гржимайлоның 1903 жылы Тува мен Батыс Моңғолияға жасаған экспедициясы барысында жазған күнделігінен алынды. Жазбада Ураңхай таңбалары берілген. Олардың қайдан алынғаны және атаулары жазылған. Жошы Ұлысы таңбаларымен ұқсастық байқалады Қажымұрат Төлегенұлы

  • АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Келесі миллиард секундта, яғни басқаша санағанда, отыз жылда астрономияда қандай жаңалық ашылуы мүмкін? Астрофизик, ғылым насихатшысы, Абдус Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығының (Триест, Италия) зерттеушісі Сергей Поповтың мақаласын ықшамдап аударып беріп отырмыз. *** Алдымен өткен 30 жылға көз тастайық. Отыз жыл бұрын КҮНГЕ ҰҚСАС ЖҰЛДЫЗДЫ АЙНАЛАТЫН ПЛАНЕТА ашылмаған-тұғын және ӘЛЕМНІҢ ҚАЗІР ҮДЕЙ КЕҢЕЙІП бара жатқанын білмейтінбіз. Бірінші ашылымды алдын-ала болжау мүмкін еді, екіншісін — жоқ. Біріншісі экзопланеталарды іздеуге бағытталған жүйелі еңбектің нәтижесі болса, екіншісін ғалымдардың көбі күтпеген-ді. Бұларды 1960-шы жылдардан бергі екі ең басты астрономиялық жаңалық дей аламын. Демек болашақ ірі жетістіктің де кейбірін болжай аламыз, ал басқалары тосыннан ашылады. Жалпы, ғылыми ашылымдарды неліктен болжауға болады? Өйткені көптеген маңызды

  • 1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді. Тосмен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп құпиясын ашқанымен көне түрік тілін білмеуші еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған… 25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын!

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: