|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Шоу-бизнис

Қазақстанды туристер үшін біршама қауіпсіз елге жатқызады


Әлем елдерін аралап жүрген француз инженерлері Антонен Ги мен Ксавье Дегонның электромобилі киіз үйдің жанында тұр. Солтүстік Қазақстан облысы, 2012 жыл.

Әлем елдерін аралап жүрген француз инженерлері Антонен Ги мен Ксавье Дегонның электромобилі киіз үйдің жанында тұр. Солтүстік Қазақстан облысы, 2012 жыл.

Халықаралық басылымдар Астанада өткен Сирия жанжалын реттеу келіссөзінің жаңа кезеңі сәтсіз болғаны және туристер үшін қауіпсіз елдер тізіміне Қазақстан да енгені жайлы жазған.

СИРИЯ КЕЛІССӨЗІ СӘТСІЗ БОЛДЫ

Euronews жаңалықтар сайты “Сирияда “қауіпсіздік аймақтарын” құру келіссөзі сәтсіздікке ұшырады” деген мақаласында шілденің 6-сы күні Астанада өткен Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздің бесінші кезеңінің нәтижесі жайлы жазған.

Азаттық бұған дейін хабарлағанындай, Астанадағы келіссөз кезеңі сәтсіз аяқталғаннан соң Сирия үкіметі делегациясын бастап келген Башар әл-Жаафари журналистерге “қауіпсіздік аймақтарына” қатысты келісімге Түркия қарсы болды деп айтқан. Сирия жанжалын реттеу келіссөзіне қатысқан Ресей президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьевтің мәлімдеуінше, Түркияның ресми тұлғалары қарулы көтерілісшілер мен Сирия президенті Башар әл-Асад әскерінің арасын бөліп тұратын аймақтарды құруға қатысу мәселесін үйлестіру үшін қосымша уақыт сұраған.

“Бұл сәтсіздік бүкіл әлем атсалысып жатқан Сириядағы азамат соғысын реттеу ісіне жоспар құрып, жетекшілік етуге ұмытылып отырған Мәскеу үшін кері кету болып саналады” деп жазады Euronews. Бұған қоса, тамыздың аяғында Астанада өткізу жоспарланып отырған кезекті кезеңге дейін ортақ ұстанымға қол жеткізу үшін Ресей, Түркия мен Иранның қатысуымен жұмыс тобы құрылғаны жайлы хабарланды.

Сирияның Ракка қаласында "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы соғысып жүрген күрд жасағы. 3 шілде 2017 жыл.

Сирияның Ракка қаласында “Ислам мемлекеті” экстремистік тобына қарсы соғысып жүрген күрд жасағы. 3 шілде 2017 жыл.

“Ресей, Түркия және Иран Сирияда қауіпсіздік аймақтарын құру жөніндегі ортақ келісімге келе алмады” деген мақаласында Reuters агенттігі де Астана келіссөзінің сәтсіздікке ұшырауына қатысты комментарий берген. “Лаврентьев оңтүстіктегі қауіпсіздік аймағына қатысты жайттарды ол жақта орналасқан көтерілісшілерді қолдайтын АҚШ және Иорданиямен келісу керектігін айтты” деп жазады Reuters.

Бірақ шілденің 7-сінде Гамбургте АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің арасында болған келіссөздерден кейін АҚШ, Ресей және Иордания шілденің 9-ынан бастап Сирияның оңтүстік-шығысындағы бітім және “деэскалация” жайлы тараптар ортақ келісімге келгені туралы жарияланды. “Үлкен жиырмалықтың” Гамбургтегі саммитінде мұны АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та растады, деп хабарлайды Reuters.

АСТАНАҒА МАДАҚ

Германия, Канада, Сингапур және Жапонияда тіркелген In Depth Newsхалықаралық жаңалықтар сайтында Қазақстан дипломатиясының 25 жылдығы құрметіне “Дипломатия Қазақстан астанасы – Астананы әлемге танытты” деген мақала шықты. Мақтау мақаласының авторы Рамеш Джаура жуырда Астанада өткен ШЫҰ саммиті, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуы, Астана экономикалық форумы және Еуразия медиа-форумы тәрізді Қазақстанның сыртқы саясатының жетістіктерін тізіп шыққан. Бұған қоса, елдің ядролық қаруды таратпауға қосқан үлесін, түрлі жанжалдарды реттеу келіссөздері, мысалы Украинадағы ахуал бойынша Минск саммитінің екі кезеңі және Сирия бейбіт келіссөздерінің Астанада өткенін Қазақстанның жетістіктері қатарына жатқызған.

EXPO-2017 халықаралық көрмесі аумағындағы нысандар. Астана, 22 маусым 2017 жыл.

EXPO-2017 халықаралық көрмесі аумағындағы нысандар. Астана, 22 маусым 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ-ын реформалау, мысалы штаб-пәтерін Азияға көшіру жайлы ұсынысына қатысты да комментарий берген. “Президент Назарбаев Астана мен еуразиялық ел – Қазақстанды ресми түрде сан алуан мәдени мұрасы бар демократиялық, зайырлы, унитарлы әрі конституциялық республика деп санайтын сыңайлы” деп жазады In Depth News.

Өткен аптада Батыстың бірқатар белгілі басылымдарында осындай сарындағы мақалалар шыққан. Олар америкалық Foreign Policy журналының тілшісі Джеймс Палмер биылғы маусымның 15-і күні шығыны тым көп, ал бірақ жұмсалған “бес миллиард доллардың” нәтижесі мардымсыз ЕХРО-2017 көрмесін Қазақстанның қалай ұйымдастырғаны туралы сыни мақаласы жариялағаннан кейін жарыққа шыққан.

ҚАЗАҚСТАНДЫ ТУРИСТЕРГЕ ҚАУІПСІЗ ЕЛГЕ ЖАТҚЫЗДЫ

Ұлыбританияның Liverpool Echo басылымының сайты “Жаңа баяндамаға сәйкес, бұлар – баратындар үшін ең қауіпті елдер” деген мақаласында Швейцарияда орналасқан “Дүниежүзілік экономикалық форум” үкіметтік емес қорының жуырда жарияланған есебіне қатысты комментарий берген. “Саяхат пен туризмнің бәсекеге қабілеттілігі – 2017 баяндамасында” (The Travel & Tourism Competitiveness Report 2017) туристер үшін “қауіпті” елдердің рейтингі жарияланған.

Аягөз қаласындағы темір жол станциясы. Шығыс Қазақстан облысы, 3 тамыз 2014 жыл.

Аягөз қаласындағы темір жол станциясы. Шығыс Қазақстан облысы, 3 тамыз 2014 жыл.

Баяндамада 136 елді зорлық-зомбылық және терроризм қатері сияқты көрсеткіштер бойынша бағалаған, бірақ бұл тізімге Сирия, Ауғанстан және Ирак енбей қалған, себебі оған ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша, әуелі экономикасы дамыған елдерді, сосын ғана дамушы елдерді қосады.

Қазақстан аталған рейтингте 5,5 ұпаймен 58-орында (мысалы, Франция 67-ші, Ұлыбритания – 78, ал АҚШ 84-ші орында) тұр.

Финляндия, БАӘ, Исландия, Оман және Гонконг ең қауіпсіз елдер ретінде аталған. Туристер үшін ең қауіпті елдер қатарына қазақстандықтар жиі баратын Түркия (116-орын), Таиланд (118-орын) және Египет (130-орын) тәрізді елдер енген.                                   Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Фруд БЕЖАН Израильге шабуыл жасалған сәт. 29 наурыз 2026 жыл. Соғыстың алғашқы күні Иран Израиль мен АҚШ-тың ракетаға қарсы жүйелерін қирату үшін жүздеген баллистикалық ракета жіберген. Көп ракета құлатылды. Ал қазір Иран ракета атуды азайтып, күніне ондаған ракета жібере бастады. Ашық дереккөздерге сүйенген әскери сарапшылар Иранның ракета атуы азайғанымен дәл тиюі жоғарылған дейді. Мұның себебіне үңіліп көрдік. “АҚШ пен Израильдің соққылары Иранның ракета жіберу қондырғыларына айтарлықтай зиян келтіргені анық. Мұны атылатын ракеталардың азаюынан байқауға болады. Бірақ Иран ракеталарын үнемдеуге үшін кіші, бірақ маңызды деп шешкен нақты нысандарды дәл ата бастады” дейді Вашингтондағы Stimson Center сараптама институтының ғылым қызметкері Келли Грико. Қазір Иран АҚШ-тың Таяу шығыстағы маңызды әскери нысандары мен радиолокация

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: