|  | 

Жаһан жаңалықтары

Ричард Кумбс: “Дипломаттар әжетхана тазалап, сүт тасыды”


Мәскеудегі АҚШ елшілігі ғимараты. 15 сәуір 1987 жыл.

Мәскеудегі АҚШ елшілігі ғимараты. 15 сәуір 1987 жыл.

Мәскеу Вашингтонға Ресейдегі дипломатиялық миссиясы қызметкерлері санын қысқарту жайлы талап қойды. “Қырғи-қабақ соғысы” жылдары Мәскеудегі АҚШ елшілігінде қызмет атқарған америкалық ардагер дипломат Ричард Кумбс отыз бір жыл бұрынғы ұқсас оқиғаларды еске алады.

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың Ресейдегі дипломатиялық миссиясындағы 755 қызметкерді қысқартуға пәрмен берді. Екі ел арасында дипломаттарды жаппай қысқарту оқиғасы соңғы рет 1986 жылы қазанда болған.

СССР үкіметінің АҚШ дипломатиялық миссиясындағы қызметкерлер санын 200 адамға қысқарту туралы талабынан соң онда жұмыс істейтін совет азаматтарын америкалықтар жұмыстан босатуға мәжбүр болған. Сол кезде Мәскеудегі АҚШ елшілігінің екінші адамы болған Ричард Кумбстың айтуынша, адамның жетіспеуінен адмиралдар әжетхана тазалап, бірнеше тілді еркін меңгерген тәжірибелі дипломаттар жәшік-жәшік сүт тасып, мектеп автобустарын айдаған, ал олардың әйелдері елшілік ғимаратының еденін жуған. Бүгінде дипломатиялық карьерасын аяқтап, демалыста жүрген Ричард Кумбс Азаттыққа сұхбатында отыз бір жыл бұрынғы оқиғалар туралы айтып берді.

Азаттық: - СССР сыртқы істер минстрлігі дипломаттардың санын қысқарту туралы шешім шығарған сол кезең несімен ерекше есіңізде қалды?

АҚШ дипломаты Ричард Кумбстің "қырғи-қабақ соғысы" жылдары Ленинградтағы Эрмитажда түскен суреті.

АҚШ дипломаты Ричард Кумбстің “қырғи-қабақ соғысы” жылдары Ленинградтағы Эрмитажда түскен суреті.

 

Ричард Кумбс: - 1986 жылы олар [АҚШ дипломатиялық миссиясында жұмыс істеп жүрген] жергілікті совет азаматтарын жұмыстан шығарып алу туралы шешім шығарды, қателеспесем, олардың жалпы саны 200-ге жуық еді. Ең ауыр жұмысты осы кісілер атқаратын. Біз совет азаматтарын үй күтуші, аспаз, тазалаушы, жүргізуші, механик, сантехник тәрізді жұмыстарға алатынбыз. Сондықтан, осы маңызды міндеттерді өз күшімізбен атқару жайын ойластыра бастадық. Бұл – бір үлкен мәселе болды, себебі, басқа жұмыспен қоса жүк тасу жұмыстарын атқаруға тура келді. Елшілікке күн сайын ауыр заттар көп келеді. Оларды пойыздан сүйреп кеденге, кеденнен шыққан соң елшілікке алып келетін кісі керек. Аса ірі, маңызды дипломатиялық өкілдіктегі 200 жергілікті совет қызметкері жұмыстан шыққан соң ондағы логистиканы басқару – ең қиын шаруа болды.

Азаттық: - Сонда, дипломаттардың өздері елден шығарылған жоқ па?

Ричард Кумбс: - Жоқ. Сол жылдары Совет одағынан шығарылған дипломаттар болды, әрине. Бірақ бұл жолы СССР сыртқы істер министрлігі мен өкіметі жергілікті қызметкерлердің барлығын жұмыстан шығарып алуды ұйғарды. Біз елшіліктің және Ленинградтағы консулдықтың жұмыстарын жүргізуде оларға біршама тәуелді едік.

Азаттық: - 1986 жылы Мәскеудегі атмосфера қандай еді?

Ричард Кумбс: - “Сен – маған, мен – саған” деп, екі жақтан да дипломаттарды шығарып жіберу оқиғалары болды. Соның алдында да біз “егер совет азаматтарын АҚШ-тан шығаруды жалғастыра берсеңдер, күндерің қараң болады, себебі, сендерде жұмыс істейтін жергілікті азаматтар бар” деген бейресми ескертулерді естіп жүргенбіз.

Елшіліктегі дипломаттар мен басқа да қызметкерлер күн сайын жұмыс киімдерін киіп, қара жұмыс істеп жүрді. Біраз уақыттан соң жұрт шаршай бастады.

Ал атмосфераға келетін болсақ, Мәскеуде қызмет етіп жатқан америкалықтардың көбі жігерленіп кетті. Біз бәріміз қырғи-қабақ соғыстың майдан шебінде жүргенімізді сезінетінбіз. Сондықтан елшілікте ұжымдық ауызбіршілік мықты болды. Әуелгіде: “Мейлі, бұл шаруаның бәрін орыстардың, советтіктердің көмегінсіз, өзіміз-ақ атқарамыз” деген реакция болды. Басында бәрі жақсы болды. Әжетхананы тазалау, сүт тасу сияқты жұмыстарды елші екеумізден басқа қызметкерлердің жұмыс міндеттерінің тізіміне қосуға мәжбүр болдық. Сөйтіп, елшіліктегі дипломаттар мен басқа да қызметкерлер күн сайын жұмыс киімдерін киіп, осындай қара жұмыс істеп жүрді. Біраз уақыттан соң жұрт шаршай бастады. Бұл – бірінші.

Спасо-Хаус – Мәскеудегі АҚШ елшісінің ресми резиденциясы. 2 шілде 2010 жыл.

Спасо-Хаус – Мәскеудегі АҚШ елшісінің ресми резиденциясы. 2 шілде 2010 жыл.

Екіншіден, бұл жағдай қоғамдық дипломатияға күлкілі (бәлкім онша күлкілі емес те шығар) әсер етті. Өзіңнен басқа тамақ пісіретін, қызмет көрсететін, жуып-тазалайтын ешкім болмаса, қалай қонақасы беріп, кешкі асқа қалай қонақ шақырасың? Елшіліктің негізгі басқару саласынан гөрі ақпарат жинау, ол туралы есеп беру тәрізді қосымша саласы көп зардап шекті. Ал дипломатияда өте маңызды саналатын қоғамдық жағына келер болсақ, жоғарыда айтылған себептермен мұнда көп нәрсе қолымыздан келмеді.

Бұған қоса қауіпсіздік мәселесі тағы бар. Көліктерімізді, мектеп автобустарымызды жөндеу керек, балаларымызды мектепке апару үшін автобустарды біреу жүргізуі керек. Қауіпсіздік тұрғысынан өмірлік маңызы бар мәселелер болды, біз солардың барлығын хал-қадерімізше шештік.

Азаттық: - Сонда төменгі деңгейдегі жас дипломаттар рөлге отырып, минивэнмен мектепке бала тасыды ма?

Ричард Кумбс: - Бізде бір-екі үлкен автобус та болды, оларды да біреу жүргізу керек болатын. Егер қателеспесем, бізде Совет одағымен екіжақты келісім-шарт болды, соның көмегі көп тиді. Сол кезде олар Вашингтонда, біз Мәскеуде жаңа елшілік ғимараттарын салып жатқанбыз, сондықтан Мәскеуде құрылысты басқару үшін АҚШ әскери-теңіз флотының құрылысшылары жүрген. Олар құрылыс саласындағы тәжірибелі механиктер болғандықтан, бізге көмекке келіп, көп шаруамызды жеңілдетті.

Бұл тығырықтан шығудың тағы бір қызық жолын таптық. Мәселен, Филиппин елшілігінде қызметкер де, олардың отбасы мүшелері де көп екен. Біз олардың кейбірін бірден жұмысқа алдық, себебі олар жергілікті совет азаматтары емес, бізге СССР азаматтарынан басқаларды жұмысқа алу жөнінен шектеу болған жоқ.

Азаттық: - Дипломатиялық қызметкерлердің әдеттен тыс міндет атқаруы кезінде қызықты оқиғалар болған шығар, есіңізде бар ма?

Ричард Кумбс: - Тәжірибелі, кәсіби деңгейі жоғары дипломаттар жиһаз тасып, басқа да майда жұмыстарды істеп жүрді. Финляндияның Хельсинки қаласындағы Stockmann дүкенінен сүт, жеміс-жидек, көкөніс тәрізді азық-түлікті көп алдыратынбыз. Біреу вокзалға барып, оларды вагоннан түсіріп, көлікке тиеп, елшілікке алып келіп, көліктен түсіріп, тоңазытқыштарға жеткізуі керек. Және бұл күн сайын қайталанады. Біраз уақыттан соң бұдан қатты шаршайсың.

Күн сайын елшілікке қыруар жүк келеді, тіпті, хат-хабарлар мен жәшіктердің өзі өте көп. Sears-тан үнемі көп зат алдырып отыратынбыз. Күн сайын сыртқы істер қызметінің офицерлері, хатшылар мен елшілік дәрігері сияқты қызметкерлер әлгі заттарды тізім бойынша қабылдап, реттейді. Мұнда қара жұмыс күші көп қажет болды. Әрине, елшілік ғимаратындағы әжетханаларды да біреу жуып отыруы керек, елшіліктің өзін таза ұстау да бұрын жергілікті азаматтардың жұмысы болатын. Бұл жұмыстардың бәрін өз бетімізбен бірнеше жыл бойы атқарып жүрдік.

Жібіген риторикаға қарамастан, майдан шебінде, елшіліктерде және сол сияқты орындарда қырғи-қабақ соғыс әлі жүріп жатқан еді…

Бір қызығы, мұнда Совет одағы өте ақылды қадам жасады, себебі, олар өз елшіліктеріне және консулдықтарына АҚШ азаматтарын жұмысқа алмайды, сондықтан біздің қарымта жауап беретін мүмкіндігіміз болмады. Әрине, бізде жұмыс істейтін жергілікті азаматтар КГБ-мен ынтымақтасуға мәжбүр болды, біз мұны білетінбіз, әйтеуір америкалық қызметкерлердің санын тым көбейтіп жібермеу үшін әлдекімдер осындай шешім қабылдапты.

АҚШ-тың дипломатиялық миссиясындағы қызметкерлердің санын қысқарту туралы шешім Совет басшысы Михаил Горбачев “жариялылық” және “қайта құру” бастамаларын жариялғаннан сегіз ай өткен соң шықты. Ашық қоғам құрып, экономиканы қайта құрылымдауды мақсат тұтқан бұл бастама ақыр соңында Совет одағының ыдырауына түрткі болғаны белгілі. Жібіген риторикаға қарамастан, майдан шебінде, елшіліктерде және сол сияқты орындарда қырғи-қабақ соғыс әлі жүріп жатқан еді…

Бұл – совет жағының тактикалық жүрісі болды, олар бұл туралы бізге ескертіп те жүрген. Және бұл – нағыз Совет одағына тән әрекет еді. Бірақ бұл сол кезде Горбачев жасап жатқан шаруаға кереғар болды. Олар мұндай әрекетке барады деп ешкім күтпеген еді.

(Майк Экелдің материалы ықшамдалып аударылды.)     Азаттық радиосы

Related Articles

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

  • “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    Руслан МЕДЕЛБЕК Өзбек ойыншысы Абдукодир Хусанов (2) пен БАӘ ойыншысы Луанзиньо (21) әлем кубогына іріктеу ойынында. 5 маусым, 2025 жыл. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасының жолдама алғанына жастар футболының қандай қатысы бар? Өзбекстан футболы жетістігінің себебіне үңілдік. “ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР” Өзбекстан Азия құрлығында Иран, Катар, БАӘ, Қырғызстан, Солтүстік Корея бар топтан екінші орын алып, 2026 жылғы әлем кубогына лицензия иеленді. Өзбек футболшылары тоғыз ойынның бесеуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, бір ойында жеңілген. Осы нәтиже ұлттық команданың әлем чемпионатына шығуына жеткілікті болды. Бұл топтан Өзбекстаннан бөлек Иран да әлем чемпионатына қатысады. Өзбекстан әлем чемпионатына шығуға бірнеше рет өте жақын болған еді. Мәселен, 2014 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Иран,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: