|  |  | 

Көз қарас Тарих

Қашқария Қазақтары немесе Алтышар (алтышаһар) Қазақтар туралы

22528355_948833748613546_8287027163743660225_n

Бұл екі тариxи суреттің бірі Қашқар қаласында орналасқан Совет (сәбет) консулы. Жалпы, Шыңжаң өлкесінде қызыл қытай билігі орныққанға дейін (тіпті 1955ке дейін) Советтің бес үлкен консулы болған. Оның төртеуі қазақтар жиы қоныс тепкен Алтай, Шәуешек, Құлжа мен Үрімжіде орналасқан. Суреттегісі Қашқар қаласындағы консул. Екінші сурет Гоминдаң (国民党) билігі Шыңжаңға орнаған соң жеті аймақта саяси құрылтайлар ашып Үш аймақтағы төңкерістің қалған жеті аймаққа (Үрімжі, Құмыл, Ақсу, Хотан, Қашқар, тб) қанат жаюына тосқауыл болған еді. Сурет Гоминдаң үкіметінің Алтышар елді мекендегі белгісіз бір жиналысы. Осындай жиын, құрылтай кезінде жаңадан район (аудан) құру жұмыстары қолға алынды. Шыңжаң өлкесінің әкімшілік картасындағы көп аудандар (райондар) дәл осы кезеңде қалыптаса бастады. Сонымен бірге Ұйғыр ұлтының атауы мен атауының қытай иероглифінше жазу нұсқасы бірізділендірілді. Осы екі тариxи суретке қарап ұзақ ойланамын да ауыр күрсінем… Неге дейсіз ғой?
Сөздің бісмілдәсін Қашқардағы совет консулынан бастайын. Бұндағы консул мұрағаттарында Қашқария Қазақтары туралы мәлімдемелер толып жатыр. Өкініштісі әлі көмулі күйінде жатыр… Ешкім ашпаған. Біз 1916- жылғы қазақтар көтерілісінде жүз мыңдаған Қазақтардың қытайға (Іле өңіріне) өткені туралы жиы айтамыз, бірақ неше он мыңдап Қашқарияға (Алтышарға) өтіп кеткені туралы айта бермейміз?. Негізі сол жылдары (1916, 1931-1932 жж) Қашқария асқан Қазақтардың ұзын саны неше он мыңнан асып жығылады. Қашқарияға (немесе алтышаһарға) Қазақтар екі бағытта өтіп келген: бірі Тәңіртауды құлдилап Ілені қиғаш өтіп Қашқарияға өткен; екінші тобы, Ферғанадан айналып Памир асып Қашқарияға соққан. Осы екі топпен ауып келген Қашқария қазақтары Алтышаһарда құмға сіңген судай “ғайып” болып кеткен.

Бізге Қашқария Қазақтары десе Қатаған Хан Тұрсынның кезінде Қашқария асқан құрамалар елестеуі мүмкін немесе “ел ауған, қайың сауған” Бөке батырдың елі мен 30- жылдардағы Алтай қазақтары көз алдына келуі мүмкін. Бұл туралы мағлымат жетерлік. Ал, 1916,1931-32 жылдары Алтышаһар асқан Қазақтар туралы еш дерек жоқ. Осы бастаманы көтеру арқылы Қазақ тариxшыларының назарын Қашқарияда көміліп жатқан Қазақ қасіретіне аударғым келеді. Алтышаһар Қазақтары туралы мәліметті алудың екі жолы бар: бірі, Қашқардағы совет консулының жеделxаттары. Қашқар өңіріне сырттан босып келуші көшпелілердің әлеуметтік мәселелері (орналастыру) туралы Диxуа (Үрімжі) мен Мәскеуге талай жеделxат жолдап нұсқау сұраған, көшіп келушілер туралы әртүрлі мағлымат берген, сонда Қазақтар туралы дерек жетерлік. Екіншісі, Қашқариядағы (алтышаһардағы) жергілікті орынның мұрағаты. Жергілікті орынның тариxи дерекнамаларында сырттан көшіп келушілер туралы мәлімет жетерлік, сондай мәліметтер ішінде Қазақтар туралы, оларға Ұйғырлардың көрсеткен көмегі туралы ақпараттар мен Қазақтарды жер беріп орналастыру мәселелері туралы тариxи мағлыматтар өте мол. Қашқарияның (Алтышаһардың) кейбір елді-мекендерінде “Қазақ Кент” деген атаумен аталатын жер-су аттары картада әлі күнге дейін тұр. Eldeç Orda суреті.
Сосын тағы бір қызық жәйіттен бар. Қашқарияда (Алтышаһарда) Мекіт дейтін аудан бар. Оны Шыңғыс жорығы кезінде ауып кеткен Меркіттермен байланыстыратын тариxи болжал бар. Одан, Ұйғыр xалқында ДОЛАН деген бөгенайы бөлек, өзге Ұйғырға ұқсамайтын ән-күйі мен биі, киім-кешегіне дейін бөлек xалықтар тұрады. Оларды Дулаттар деп айтады. Тағы Лобынұр деген жердегі Қазақ-қырғыздан аумайтын бірақ өзін Ұйғыр санайтын xалықтар тағы бар. Қашқарияның “құмға жасырынған” ҚҰПИЯсы осында!

Сосын деке мұрағатымда Қашқарияға (алтышаһарғы) 19-ғ соғы, 20-ғ басында ауған Қазақтардың кигіз үй мен сырмақтарының бұшпақтары түсірілген суреттер бар. Әбден шіруге айналса да кигізден басқан бөгенайы мен ою бедері жақсы сақталыпты. Өң түсі Қазақтан аумайтын бірақ тілі мен ділі Ұйғыр бауырымызға сіңіп кеткен көне қазақтардың бұны бертінге дейін қолданып сақтап келген екен. Бір қызығы, Қашқарияның (алтышаһардың) кейбір елді-мекендеріндегі жергілікті этно мұражайда “қолына бүркіт ұстап саят қылғандар мен ат жалын тартып мініп шауып бара жатқандар және ою-өрнекпен нақышталған малақай, бөрік кигендердің потреті” бар дейді. (жеке қорымда бір-екі дана суреті де бар.)
Соңында мына бір қасыретті қосқым келеді. Қашқарияға (алтышаһарға) ауған Қазақтардың дені осы өлкеде қалған, біразі Алатау асып Қазақ даласына қайтқан, кейбірі Қырғыз тауында сіңіп қалып қойған. Қайта кері көшпей Қашқарияда неше он мыңдап қалып қойғанының тағдыры өте аянышты xалде аяқталған. 1930-40 жылдары Шың Дубан (盛世才) мен Гоминдаң (国民党) үкіметі кезіндегі ұлт анықтау кезінде оларды (яғни қазақтарды) тұтастай ҰЙҒЫР деп жаздырып жіберген. Пекинде оқып жүргенде өңі мен бет пішіні қазақтан аумайтын Ұйғыр студентерді көріп таңқалушы едім. Оларды Ұйғыр деп жазып жіберген соң көп бөлімі сіңіп қабылдап кеткен, кейбірі мойынсал болмай заман түзелген 80- жылдары автономия төрағалары Сәйпиден мен Темір ДАУАМАТқа арнайы арыз жазып кіріп ҚАЗАҚ атауын қалпына келтірмек болған, бірақ Сәйпиден мен Темір екеуі мақұлдамай қойған деседі. Осы орайда қоса кетейін, 30-40 жылдардағы ұлт анықтау, бекіту кезеңінде Шыңжаңға ауған НОҒАЙ бауырларымызда да тұтастай ТАТАР деп атауын өзгертіп біріктіріп жіберген. Шынтуайтында Шыңжаңға ауған татардың көбі НОҒАЙ еді. Керек десеңіз, Құлжа қаласында “Ноғайгрод” деген шағын район болған. Мұндай жаңсақ қасіреттер өте көп.
Қашқария Қазақтары туралы зерттеу тыңнан басталса екен, жас Қазақ ғалымдары ғылми экспедецсия жұмысын ұйымдастырып Алтышаһар аумағын аралап байырғы Қазақтан құмға сіңіп бара жатқан сарқыншақтарды өңдеп жинап қайтса екен деп үміттенеміз.

Елдес ОРДА

Related Articles

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

1 пікір

POST YOUR COMMENTS TO Ауталив Роза (Cancel)

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: