|  | 

Саясат

Беделді қызметке орналасқан шенеуніктердің балалары туралы не білеміз?  

Бүгінде жоғарғы қызметте отырған жап-жас басшылар жетерлік. Солардың арасында әке жолын қуған, атасынан асып туған Қазақстан азаматтары да бар.  NUR.KZ порталы бүгінде билік тізгінін ұстаған танымал тұлғалардың балалары туралы мәліметтерді назарға ұсынады.

1. Жеңіс Қасымбек (1975 жылғы) – президенті кеңсесінің басшысы (90-жылдары) болған Махмұд Қасымбековтың ұлы. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының, Еуразия университетінің түлегі. Бүгінде ол – Инвестициялар және даму министрі. 

Жеңіс Қасымбек. Фото желіден алынды

Жеңіс Қасымбек. Фото желіден алынды

2. Нұралы Әлиев (1985 жылғы) – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің тұңғыш ұлы. Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Австриядағы Имадек университетін тәмамдаған. Біраз жылдар “Нұрбанк” АҚ директорлар кеңесінде, Астана қаласы әкімінің орынбасары ретінде қызмет атқарды. Ал қазір ҚР Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясын басқаруда.

Нұралы Әлиев. Фото желіден алынды

Нұралы Әлиев. Фото желіден алынды

3. Мүслім Алтынбаев (1966 жылғы) – экс-сенатор және бұрынғы Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың ұлы.Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының, РФ ҚМ Әскери-дипломатиялық академиясының түлегі. Бүгінде қорғаныс министрінің орынбасары қызметінде.

Мүслім Алтынбаев. Фото желіден алынды

Мүслім Алтынбаев. Фото желіден алынды

4. Асқар Тұрысбеков (1975 жылғы) – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековтың ұлы, “Нұр Отан” партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың бажасы. Ол – «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС вице-президенті қызметін атқаруда.

Асқар Тұрысбеков. Фото желіден алынды

Асқар Тұрысбеков. Фото желіден алынды

5. Әділбек Баталов (1982 жылғы) – Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың ұлы. Алматы қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы экономика университетінің және Nottingham University Business School, Мәскеудегі Сколково бизнес-мектебінің түлегі. Қазірге қызметі – “КазТрансГаз Аймақ” АҚ бас директорының орынбасары.

Әділбек Баталов. Фото желіден алынды

Әділбек Баталов. Фото желіден алынды

6. Максим Божко (1981 жылғы) – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божконың ұлы. Еуразия ұлттық университетінің, Вашингтон университетінің түлегі. Максим қазір “Ақмола Феникс” АҚ-ның бас директоры, Ақмола облыстық маслихатының депутаты.

Максим Божко. Фото желіден алынды

Максим Божко. Фото желіден алынды

7. Арман Оразалиев (1975 жылғы) – полиция генерал-майоры Молдияр Оразалиевтің ұлы. Қазір ол ҚР ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

Арман Оразалиев. Фото желіден алынды

Арман Оразалиев. Фото желіден алынды

8. Сержан Әбдікәрімов (1976 жылғы) – экс-сенатор Оралбай Әбдікәрімовтың ұлы. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген, халықаралық қатынастар маманы. Бүгінде ол Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшісі қызметінде еңбектеніп жүр.

Сержан Әбдікәрімов. Фото желіден алынды

Сержан Әбдікәрімов. Фото желіден алынды

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: