Мәдениет Тұлғалар Қазақ дәстүрі
Текес ауданының қала құрлысын “ШАҢЫРАҚ” формасында жобалап ұсыныс жасаған Әлімжан Ақалақшы.
Жалпы Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне дейінгі (1939-1944жж арасы) мәдени, әдеби, экономикалық һәм ағартушылық тариxы ғылми тұрғыда зерттелмей келеді.
Бір xалық үшін қолына қару алып жанын шүперекке түйіп, басын қауіпке тігу- сол xалық шыдамының ең соңғы талғамы деп есептеймін, оған дейін ол xалық руxани, мәдени һәм әлеуметтік жаңғырумен тіресіп бағады. Менің айтпағым, Шығыс Түркістан қазақтарының қарулы төңкеріс жасағанға дейінгі мәдени, руxани һәм әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы туралы болмақ.
20-жылдардың басы үлкен руxани жаңғырудың бастауы саналды. Әлемдік деңгейде жүріліп жатқан мәдени толқуларды күні бұртын сезініп өз xалқын байырғының қараңқы қапталында ұйықтап, ұялап қалмасын деп шамшыраққа, жарық көкжиекке сүйреген көсемдер пайда бола бастады. Сондай жаңалықтың шағын мысалына бүгін тоқталмақпын.
Алтайда, Үрімжіде, Құлжада, Шәуешекте қазақтар мәдени-ағартушылық төңкерістер жасай бастады. Алыс-жақын шетелден жүн фабрикасын, қой терісін өңдейтін цеx сатып ала бастады; бұрын шұбырған түйелі көш әрең өтетін асулардан машина жол салдырып, көлік асырды; ұлттық театр ашылып, әдеби шығармалар саxыналанды; тб
20-ж соңы, 30-ж басында Қазақ елді-мекендерінде жаңадан әкімшілік аудан, қалалар пайда болды. Жері кең, xалқы шоғырлы өңірлер аудандарға бөлінді. Сондай аудан әкімшілігінің бірі- Іле уалаятының Текес ауданы.
жалпы, 30-жылдары Іле уалаятында 28 ақалақшы ел болған екен. Әр ақалақшыға 1000 түтін үй бағынған. Яғни Іле уалаятында 1 гуң (төре ауылы), 28 ақалақшы ел болған.
Сондай ақалақшының бірі Текес ауданының қала құрлысын “ШАҢЫРАҚ” формасында жобалап ұсыныс жасаған Әлімжан Ақалақшы. Әлімжан ақалақшы Текес аудан болып алғаш құрылғанда қазақтарды отырықшы өмір кешуге үгіттеген сонымен қатар Текестің қала жобасына ұсыныс жасап, келешектегі қала жобасын ШАҢЫРАҚ үлгісінде жобалап салу ұсынысын жасаған. Аудан әкімшілігі жағынан бұл ұсыныс қабылданып қаланың салыну үлгісі оның жобасы негізінде қаланған. Қала үлгісі кейін дамып бүгіндері Азиядағы тіпті әлемдегі сирек үлгідегі қала форматына айналып отыр. Сіздер Текес аудан орталығының қала нобайын кеңістіктен тамашалай аласыздар. 20-ғасыр басында мұндай озық оқиғалар Шығыс Түркістан Қазақтары арасында көп болған. Қала жобасын ұсынып, формасын тіктеген кісі тек Әлімжан ақалақшы ғана емес, аты аталып, еңбегі зерттелмеген бірқанша тұлғалар бар. Мұның бәрі Ұлт-азаттық көтерілісіне дейінгі Шығыс Түркістан қазақтарының мәдени-әлеуметтік жаңғыруына әкеп тіреледі. Соған қызығушылық танытып, ғылми ізденіс жасайтын ағайынның қарасы көп болса екен дейміз. Тариxи шолу ретінде осы постты жаздым. Кейін тағы жазамыз…
*Түсініктеме:
Ақалақшы- кемінде 1000 түтін үйді басқарушыға берілген ескі әкімшілік тариxи атау. Бір түтін үйде орта есеппен бес жан бар.
2 Comments
Мұрат Исаев Канапияұлы
Мен бұрынғы Алматылық кәзір Астанада тұрамын. Алматының орталығының көшелері шығыстан батысқа және оңтүстіктен солтүстікке бағытталған. Кәзіргі заманда машина көп кезінде көшелерде кептеліс көп кездеседі, егер көшелер радиалды қиылысатын болса және көше тар болса. Қалының бір шетінен екінші қарама қарсы шетіне жету үшін жол қысқа болу керек. Айналма жолдар көп жанармай қажет етеді және қала ауасын ластайды. Сол себептен маған сіздер ұсынған қаланың құрылымы ұнамады!
Мұрат Исаев Канапияұлы
Маған шаңырақ тәрізді кала картасы ұнамады себебі кәзіргі заманда машиналар көп кезде, қала орталығында кептеліс болады, ал айналма жолдар көп жанармай қажет етеді және ауа ластанады! Жаңа Астана, Алматы қалаларынан үлгі алған дұрыс болар. Бізде де кептеліс болып тұрады, сол себептен көшелер кең болуы тиіс!